?аза? ?дебиеті С?лтанмахм?т Торай?ыров


Күні:
Пән: Қазақ әдебиеті
Сабақтың тақырыбы: Сұлтанмахмұт Торайғыров
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Пәнаралық байланыс: тарих
Сабақтың әдісі:сұрақ-жауап,түсіндіру
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, мозайка, слайд, суреттер, сергіту сәті(видео).

Сабақ мақсаты:
Білімділік: жазушының өмірі мен шығармашылығына шолу жасау, әңгіменің мазмұнымен танысу, жан-жақты талдау жасау,оқушыларға жаңа білімді өздігінен игерту арқылы шығарманың мазмұны,тақырыбы мен идеясын ашу:
Дамытушылық:шығармашылық қабілеттерін дамыту, ойларын дәл, нақты жеткізе білуге, позициясын қорғай білуге дағдыландыру, сөйлеу мәдениетіне көңіл бөлу, дүниетанымын кеңейту, пәнаралық байланыс арқылы пәнге қызығушылығы мен белсенділігін арттыру
Тәрбиелік:Оқушылардың бойына әдептілік,инабаттылық, қарапайымдылық қасиеттерін қалыптастыру.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезені: оқушылармен амандасу, түгендеу.
1) Бір-бірлеріне тілек айту «Жүректен жүрекке»( тренинг)
2) Топқа бөлу (жұлдызша мен гүлдер арқылы)
3) Топтын ережесі (2 топ)
Үй тапсырмасын сұрау кезеңі:
Ел аузындағы мақал – мәтелдер
Жаңа сабақ:Қазақтың белгілі ақыны Сұлтанмахмұт Торайғыров 1893 жылы 28 қазанда Омск уезінің Шағрай болысындағы Жантай ауылында дүниеге келген. Әкесі Шоқпыт Семей губерниясының Павлодар уезінен.
Сұлтанмахмұт алты жасында әкесінен оқып, хат таниды. Бұдан кейін де Шоқпыт бірде өзі оқытып, енді бірде ауыл молдаларына беріп, баласының оқуын үзбейді. Болашақ ақын 1902-1903 жылдары – Әлі, 1904-1905 жылдары – Тортай, 1906-1907 жылдары Мұқан деген молдалардан дәріс алады. Сұлтанмахмұт үшін әсіресе Мұқан молданың тәрбиесі ерекше болады. Мұқан молда көп оқыған, әдебиеттен хабары бар, өзі де аздап өлең жазатын адам болады. Оқушыларын үнемі қазақ ауыз әдебетінің, шығыс әдебиетінің үлгілерімен таныстыра отырып, шәкірттерін өлең жазуға баулиды.
Троицк, Семей, Томск сияқты ірі қалаларда барып оқуын жалғастыруға ниеттенсе де, қамқоршысы мен қаржының жоктығынан, тұрмыстың қиыншылығынан ол мақсаты орындалмайды. Бірақ оптимист Сұлтанмахмұт өз бетімен ізденіп көп оқыды, ғылымның әралуан саласынан хабардар болды, сөйтіп заманының оқымысты жастарының біріне айналды.
Реалист-ақын 20 ғ. әдебиетінде жаңа жанрлар туғызды, роман жанрының, реалистік поэманың қалыптасуына әсер етті. Оның адам өмірінің мән-мағынасы жайлы «Адасқан өмір» поэмасы, 20 ғ. басындагы қазақтың іріп-шіріген билеуші табының өскен, тәрбие алған ортасы, ескілікке қарсы үн көтерген «Қамар сұлу» шығармасы, жастарды асқақ қиял, зор талапқа бастайтын лирикасы — оны қазақ әдебиетіндегі демократтык әдебиеттің ірі өкілі етті.
Шығармашылығы:
Адасқан өмір
Кедей
Жарқынбай
Кім жазықты
Қамар сұлу
Жақсылық көрсем өзімнен
КЕДЕЙЛІК
Кедейлік, сен жексұрын, түсін, суық,
Іздемес сені адам керек қылып.
Амал жоқ, ықтиярсыз құл қыласың
Маған салса касыма келме жуық.
Жанды жеп сен ғой мені арытатын,
Күнің жоқ ат пен асқа жарытатын,
Жыртықтан жылтылдаған жас денемді,
Күнге қақтап, аязға қарытатын.
Жарытпай киер киім, ішер асқа,
Сөктіріп малы барлау надан, насқа.
Жас көңілді қайғымен уландырып,
Сенсің ғой толтыратын көзді жасқа.
Қинайтын жан алғыштай жанды сенсің,
Түсі суық жыланмен бірдей теңсің.
Маған салса кедейлік аты өшкірді.
Шежіресі
Арғын
Мейрам
Сүйінбек
Суғыншы
Шуманақ
Құлболды
АйдаболЖанғозы
Төлебай
Едіге биТорайғыр биӘбет
БекетӘубәкір
Сұлтанмахмұт
Тапсырма:
Сұлтанмахмұт Торайғыров туралы ойдан 4 тармақ өлен шығару
( 10 минут)
Сабақты бекіту:
1) С.Торайғыровтың әкесі мен анасының есімдері?
2) Қандай өлендерін білесіндер?
3) Қай жерде білім алды?
4) Қанша жыл өмір сүрді?
Үй тапсырмасы:
1.Қамар сұлу романын оқып мазмұнын айту.
2. Көркемдеуіш элементтерін табу
Топты бағалау: