?зі?ізді білесіз бе презентация


Өзіңізді білесіз бе? Ғалымдардың айтуынша, егер адам миының оң жарты шары жетекші болып табылса, онда эмоцияның басым болғаны. Ал, егер мидың сол жақ бөлігі жетекші роль атқарса, онда аналитикалық ақыл қабаты басым. Келесі ұсынылатын тест сіздердің әр біреуіңіздің жетекші ми сыңарын анықтауға мүмкіндік береді. Бұл туа біткен нышан болып табылады, сондай-ақ өмір бойы өзгермейді. Тек қатты толқығанда мидің жетекші бөлігі орын ауыстырып, өзгеріске түсуі мүмкін. Дегенмен осы тест арқылы өзімізді әлдеде танып көрейік. Ол үшін сіздерге 4-нұсқау оқылады, сол бойынша әрекет етіп отырамыз. 1-нұсқау. Қолыңыздың саусақтарын айқастырыңыз. Сіз бір (оң немесе сол) басбармақтың ұдайы үстінде тұратынын аңғарасыз. Егер, ол сол саусақ болса – сіз тым әсерленгіш адамсыз. Ал, ол оң саусақ болса, онда сізде аналитикалық ойлау басым 2-нұсқау. Бір нысананы таңдап, оны қалам немесе қарындаш арқылы көздеп көріңіз. Оң көз жетекші роль атқарса, онда сіздің мінезіңіз бірбеткей, табанды болғаны, сол көздің жетекшілігі мінез-құлқыңыздың жұмсақ және көнгіштігі туралы хабардар етеді.  3-нұсқау. Егер қолдарыңызды кеуде тұсына айқастырғанда сол қол үстінде тұрса, назды қылықтарға бейімсіз, егер оң қол үстінде тұрса, онда сізге қарапайымдылық, ақкөңілділік тән. 4-нұсқау. Егер сізге оң қолмен шапалақ ұрған ыңғайлырақ болса, онда сізге батылдық тән, ал, сол қолмен шапалақтау ыңғайлырақ болса, онда шешім қабылдар алдында сіздің жиі қобалжитындығыңыды білдіреді. Әрбір нұсқаудан кейін қайсы қол (ми бөлігі) – оң (О) немесе сол (С) сіз үшін жетекті болып табылатынын жазыңыз. Сізде сонда төрт әріптен тұратын формула анықталады, одан мінез-құлық ерекшеліктеріңіз айқындалады. ОООО – сіз мінезіңізге кертартпалық тән, жалпы қабылданған пікірге (стереотипке) мойынсынуға бейімсіз. Дау-жанжалды, айтысуды ұнатпайсыз. ОООС – сіздің мінезіңізге жасқаншақтық тән. ООСО – сізге назданғыштық, бірбеткейлік тән, әзілдеуді ұнатасыз. Сізбен қарым-қатынас жасау үшін де осы қасиеттер керек. Бұлар тез тіл табысқыш адамдар. Мінездің бұл түрі, әсіресе, әйел адамдарда жиі кездеседі. ООСС – мінездің сирек ұшырасатын түрі, жұмсақтық тән. Алайда, тартқыншақтық (сол қолмен шапалақтау) пен қатаң міез (оң көздің жетекшілік роль атқаруы) арасында қайшылық байқалады. ОСОО – ой оралымдығы мен мінез жайлылығын біріктіретін мінез-құлық түрі. Бұл мінез «іскер әйелдерде» жиі ұшырасады. Мұндай адамдар өзгелерге үйірсінеді, сақ болып келеді, қарым-қатынасқа төзімді және салқынқанды. ОСОС - әлсіз, өте сирек кездесетін мінез түрі. Мұндай мінез-құлық иелері дәрменсіз, түрлі ықпалдарға түскіш. Әйелдер арасында жиі кездесетін мінез. СООО – мұндай үйлесімділік жиі кездеседі. Оған тұрақсыздықпен ұштасып жататын әсерленгіштік нышандары тән. СООС – сізге жұмсақтық, аңғалдық тән. «Кішкентай ханшайым» типі өзіңізге ерекше ұқыпты қарым-қатынасты талап етеді. ССОО – сізге жылы шырайлылық пен қарапайымдылық тән. Қызығушылықтарыңыз шашыраңқы, өз іс-қимылыңызға жиі есеп беріп жүруге бейімсіз. СССО – сіз сезімтал, қимылыңыз ширақ, батыл адамсыз, алайда шешімді асығыс қабылдайсыз. Сіз өзіңізді тежеп ұстауыңыз қажет. Мұндай мінезді ер адамдардың сезімге берілуі сирек кездеседі. СССС – сізге тез бейімделгіштік тән. Кез-келгеен құбылысқа жаңаша қарауға қабілеттісіз. Сізге әсерленгіштік, өзімшілдік және бірбеткейлік тән. Кейде ол тұйықтыққа әкеліп соғады. СОСО – мінездің ең күшті түрі. Сізді бір нәрсеге иландыру мүмкін емес. Сіз өз көзқарасыңызды тек күшпен өзгертесіз. Ширақсыз, алға қойған мақсатқа жетуде қажырлылық көрсетесіз. СОСС – сіз қойылған мақсатқа жетуде табандысыз. Мұндай мінезді адамдар ырыққа көнбейді, оларды өз айтқанынан қайтару мүмкін емес. Мұндай адамдар үшін дос болу қиын. ОССО – сіз икемделгішсіз. Дау-жанжалдан алыс жүресіз, саяхаттарды ұнатасыз. Дос табу сіз үшін оңай. Алайда, жиі әуестенуге құмарсыз. ОССС – сізге тұрақсыздық пен тәуелсіздік тән, бәрін өзіңіз істегіңіз келіп тұрады. Талдай білуге бейімділігіңіз арқасында күрделі міндеттерді табысты шешесіз. әдетте, жұмсақ көрінгенмен, істі аяғына дейін жеткізу қажет болғанда талап қойғыш, тіпті қатаңда бола аласыз.