Ашы? саба?Анасы бар адамдар еш?ашан ?артаймайды
Тақырыбы: Анасы бар адамдар ешқашан қартаймайды.Мақсаты: Анаға деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру, Ананы құрметтеу, сыйлай білуге, оқушылар бойындағы жеке қабілеттерімен таланттарын дамыту, адамгершілікке, ізгілікке, достықты қастерлей білуге тәрбиелеу.1-жүргізуші:
Біз ғана емес, қадір тұтқан бабалар.Аналардан туған небір даналар.Ана деген тіршіліктің тірегі,Армысыздар, қасиетті аналар!Кеш жарық, қымбатты аналар, арулар! Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып, тағы да 8 - наурыз халықаралық әйелдер күні келді. Осынау көркем мерекенің қай кезде де орны бөлек. Олар - өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі. Мынау тынымсыз тіршілік пен кең дүниенің өзі тек аналармен ажарлы. Бүгінгі арайлап атқан нұрлы таңмен бірге әрбір сәби жүрегі өзің деп соқса, бүгінгі мерекелік кешіміз де аналарға арналады.2 – жүргізуші.
Десек те уақытпенен жарыспайды,Қияға қиялменен қарыштайды.Шәкірттер шын жүректен тебіреніпӨнерлерін анаға бағыштайды - дей келе ортаға 9 – сынып оқушыларының сіздерге арналған тартуларын қабыл алыңыздар.1 - жүргізуші:
Көңілің Алатаудың ақ қарындай,Мейірімің күннің шуақ шақтарындай.Қалайша аяулы ана тына алармын,Ән болып сағыныштан ақтарылмай,- деп абзал аналарымыз бен қырмызы қыздарымыздың құрметіне Чагиева Меруерттің орындауында «Жан ана » атты әнін қабыл алыңыздар1 – оқушы: Әлижан
Тәтті ұйқыңды бөліп талай түн қаттың
Өміріме нәрін берді ақ сүтің,
Кең құшағың аясындай гүл бақтың.
Ер жеткізіп елге берген баласын,
Ақылдысың, ардақтысың, данасың!
Қарайтыным қас-қабағың бір сенің,
Қайратыңнан қайта көрме, анашым2 – оқушы: Әли
Аналарды ардақтаған бабалар
Аруларды құрмет тұтқан даналар
Құтты болсын мерекесі көктемнің
Сіздер барда жүректерде жылу бар
Көктемдегі күндей болып жайнаңдар
Құтты болсын мерекеңіз арулар
Құтты болсын тойларыңыз аналар!
3 – оқушы: Нұртілек
Дүниедегі ең ардақты асыл жан,Анам менің мәпелеген жасымнанМен қуансам қуанады ол біргеМен қиналсам табылады қасымнан.Маған қымбат жан жоқ сірә анадан,Бар жақсылық аналардан тарағанЖер бетіне өмір нәрін себушіАна алдында борышты ғой бар адам.2 - жүргізуші:
Әркімнің де өмірден аласы бар,Аласы бар адамның анасы бар.Мерекесін құттықтап аналардың,Өнерлерін жолдайтын апалардың баласы бар.
КВН командасын қарсы алыңыздар.1 - жүргізуші:
Тарихымыз да Домалақ Ана, Айша Бибі сияқты аналар болған. «Шығыстың қос шынары» атанған Әлия мен Мәншүкті де құрмет тұтып, әрқашан басымызды иеміз.
Ару - Ана өмірдің асылдары,Жайнасын көңілімнің жасыл бағы.Сендер үшін ән мен жыр шырқалуда,Сендер үшін мереке шашулары, - 9 – сынып ұлдарынның Флешмобын қабыл алыңыздар.
Ойын:
Ән « Ана » орындайтын Ақерке мен Индира
2 - жүргізуші: Ана – барлық қиындықты жеңетін сарқылмайтын күш, тіршіліктің қайнар бұлағы. Қазақ әйелінің дастарханы тоқ, қонағы ырза, дүниесі түгел. Олар үшін бірінші орында отбасының берекесі тұрады. Бөбегін бесікке бөлеп, әлдилеп аялаған ана бақыт құшағында емес пе?!Бір өзіңнен бастап өмір жолдарын,Жүрегіңе, жүрегімді жалғадым.Өзің мына сыйға берген өмірдеАқ сүтіңді ақтап өту - арманым.Барша ана, құтты болсын мерекеңізӘрқашанда ана сізбен берекеміз.Ақтасақ ақ сүтіңді, асыл анам.Сонда біз кісілікке теңесеміз.
Көрініс: Сахнада бесік тербеткен ана отырады (лирикалық музыка ойнап тұрады ақырын). Енді сахнаға 3 жасар баланы ойнатып жүргені одан кейін сабаққа бара жатқан баласын еркелеткен, ең соңында ер жеткен баланың қартайған ананың тізесінде еркелеп отырғанын көрсетеді.Ән «Ана туралы жыр».
1 – жүргізуші: Құрметті қонақтар, біздің «Анасы бар адамдар ешқашан қартаймайды» атты мерекелік кешімізді көңіл қойып тамашалағандарыңызға көп - көп рахмет.Демеңіз біз өнерді аяп қалды,Мезгіл де біраз жерге таяп қалды.Қош болып тұрыңыздар көріскенше,Осымен концертіміз аяқталды.