Классный час на тему Тілім-мені? тірегім.


Б.Момышұлы атындағы АРӘМи
Тілдер мерекесі
Тақырыбы:«Тілім - менің тірегім»
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі:Г.Д Тлеуова
Алматы 2014ж
«Тілім - менің тірегім»
Жүргізуші 1:
Қайырлы күн! Ана тілін ардақ тұтар тіл жанашырлары! Армысыздар, құрметті ұстаздар, офицерлер, өрлі де, асқақ рухты тәуелсіз елдің жас ұландары! Қазақстан Республикасы халықтарының тілдер күніне арналған салтанатты жиынды ашық деп жариялаймыз! 
Ана тілім,
Жүрегісің анамның.
Жүрек-ана,
Мен өзіңнен жаралдым.
Сағат сайын саулығыңды тілеймін,
Сенсіз мынау керегі не ғаламның!
Сенің әрбір тынысыңмен күн кешем,
Сен арқылы тіршілікпен тілдесем. 
Жүргізуші 2:
Добрый день, дорогие учителя, офицеры, воспитанники! Мы рады видеть вас на нашем мероприятии, посвященном Дню языков народов Казахстана. Ничто не связано с человеком так прочно, как язык. Благодаря языку мы встречаемся с великим множеством новых людей. Благодаря языку, у нас появляются друзья в других странах. Язык – это окно в новый мир, это посредник дружбы. В Республике Казахстан проживают более 130 национальностей. Все они говорят на разных языках, и в то же время дружат между собой. Не случайно, поэтому 22 сентября у нас отмечается как день языков народов Казахстана.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалады.
Исполнение Гимна Республики Казахстан.
Сақыналық көрініс.
Қазыбек би: Налыма! Біз қазақ деген мал баққан елміз. Бірақ ешкімге соқтықпай, жай жатқан елміз. Елімізден құт береке қашпасын деп, жеріміздің шетін жау баспасын деп, найзаға үкі таққан елміз. Ешбір дұшпан басынбаған елміз. Басымыздан сөзді асырмаған елміз!
Қайта туды қазағымның ай – күні, Күннен – күнге асар ма екен айбыны? Жетпіс жылда өтті талай кешуден, Қатар көріп шаттық , табыс, қайғыны.
Көк тудың желбірегені әні орындалады. Құдайбергенов Султан.
Жүргізуші 1:
Қазақпын мен, қазақтың бөлшегімін, Қажеті не басқаның өлшемінің. Қазақ деген жалғыз ұлт мен боламын, Енді міне жетеді көпке үнім. 
22 – қыркүйек – Қазақстан Республикасы халықтарының тілдер мерекесі. Бұл – барша елге ортақ, жалпы халықтық мереке, барлық ұлт өкілдеріне көрсетілген құрмет. Бүгінде Қазақстан Республикасының Тіл туралы Заңына 25 жыл толып отыр. Ана тілі - әр адамның өз ұлтының жан дүниесі мен мәдениетінен ғасырлар бойы жиған рухани азығынан нәр алатын кіндік тамыры. 
Жүргізуші 2:
Язык - это самое великое творение человека. Трудно было бы представить, что было бы, если бы язык исчез. Слово – самое совершенное средство общения.
Ученые-лингвисты подсчитали, что в мире 6800 языков. Однако половина из них, скорее всего, исчезнет в течение жизни двух поколений. Это означает, что каждые десять дней с лица Земли будет исчезать один язык.
 
ӨЗ ЕЛИМ әні. Орындаушылар Онтай Берик, Танатаров МауленВедущий 1: Кешіміздің тізгінін көсемсөз шеберлеріне берейік!
«Қазақ тілі», Мағжан Жұмабаев
Күш кеміді, айбынды ту құлады;
Кеше батыр – бүгін қорқақ, бұғады.
Ерікке ұмтылған ұшқыр жаны кісенде,
Қан суынған, жүрек солғын соғады. 
Қыран құстың қос қанаты қырқылды,
Күндей күшті, күркіреген ел тынды.
Асқар Алтай – алтын ана есте жоқ,
Батыр, хандар – асқан жандар ұмытылды!
Ерлік, елдік, бірлік, қайрат, бақ, ардың,
Жауыз тағдыр жойды бәрін не бардың …
Алтын Күннен бағасыз бір белгі боп,
Нұрлы жұлдыз, бабам тілі, сен қалдың!
Жарық көрмей жатсаң да ұзақ, кен – тілім,
Таза, терең, өткір, күшті, кең тілім.
Тарап кеткен балаларыңды бауырыңа
Ақ қолыңмен тарта аларсың сен, тілім!
Родной язык, святой язык.Отца и матери язык!
Как ты прекрасен! Целый мир
В твоем богатстве я постиг!
Качая колыбель, тебя
Мне в песне открывала мать.
А сказки бабушки потом
Я научился понимать.
Родной язык, родной язык.
С тобою смело шел я вдаль.
Ты радость возвышал мою.
Ты просветлял мою печаль.
Тіл деген – алып мұхит түбі терең,
Піспегі толқын шашқан күбі ерен.
Қадірін тілдің сұра сақаулардан,
Көзіне жас алып бір күбірлеген.
Тіл деген – жарық жұлдыз аспандағы,
Арманның қиял жетпес баспалдағы.
Қадірін тілдің сұра мылқаулардан,
Көлінен ұшпай қалған қасқалдағы.
Тіл деген – адастырмас темірқазық,
Өрісі магнитінің өмірге азық.
Қадірін тілдің сұра кереңдерден,
Сөйлеуді арман еткен көңіл жазып.
Терме Көк жөтел. Мусаев Алишер
Жүргізуші 1:
Туған тілім! Тас бұлақтың тұнығы да сенде!
Туған тілім! Ана сүтінің жұғымы да сенде!
Туған тілім! Райхан гүлдің жұпары да сенде!
Туған тілім! Мәжнүн ғашықтың іңкәрі де сенде!
Туған тілім! Қыран құстың жанары да сенде! (Пауза жасалады.)
Қазақстан – көп ұлтты мемлекет. Көп ұлтты мемлекет үшін мемлекеттік тіл өте қажет.
Мемлекеттік тіл-көп ұлтты елдің барлық халқын саяси-мәдени бірлікке ұйымдастырудың басты құралы.
Жүргізуші 2:
Земные языки.Когда с природой я наедине, то различаю языки земные: Беседуют деревья в тишине.  Друг с другом птицы говорят лесные. Есть говор свой у волн вдали, насвистывает что-то тихий ветер... Мне не узнать всех языков Земли за краткий срок, отпущенный на свете. Так тяжко на Земле без языка! Не высказать ни счастья, ни печали... Безмолвны горы долгие года. О чём они, возвысясь. замечали? Всё в языке: рожденье, первый шаг, любовь и смерть, и жизнь на новом взлете. И если вдруг исчезнет мой язык. То и меня вы больше не найдете! 
Акылбек Шаясменов 
Ана! - десем ана тілі ойға оралар. Баладай қуанарсың тойға барар. Тыңдасаң көне аңыздан көркем нақыл Олжам да қанжығама байлап алар. Тере білсек бір -бір ауыз қара өлең, Неше миллион інжу-маржан шамамен?! Қанша гүлден -қазақ тілі бақшасы, Қандай дана өлшер қандай бағамен?! Ерке тіл, еркелеткіш тілім кенім: Еркежан, айналайын, күнім менің, Ақ ботам, қоңыр қозым, алтын айым, Қанша рет жүрек толқып, сүйінгенің! 
Ана тілім ырысты ма, кұнды ма? Деп сұрамас, тегін білген сұңғыла. Туған тілде ас қайырған сайын да, Оқығандай серпіліп қал бір дұға. Шұлғытар орыс тілді Олжастарды, Жарқырат қазақ тілі алмастарын. Халқына олжа салған айта алады, Кім қосты сандығыңа мен қосқанды?! Жұпарлы қырда алуан гүлдер таптым, Өміршең өзіміздің тілден таптым. Тіл екен жемістісі, жұпарлысы, Аялап халық баққан гүл мен бақтың.
Келесі орындалатын Алатау әні,қабыл алыныздар
Жүргізуші 1:
Олай болса, қазақ тілін жете білу арқылы біздер өнер мен білімнің, мәдениет пен ғылымның биігіне жетіп, өз халқымыздың өткен – кеткенін зерделеп, оны әлемге таныта аламыз. Өз тілімізді құрметтеу арқылы басқа тілді де үйреніп, мәдениетін қадірлейміз.
Жүргізуші 2:
Язык – это общественное явление, которое действует на протяжении всего существования человечества. История не знает ни одного человеческого коллектива, который бы не пользовался языком. И это понятно. Человек существует только в обществе. Он постоянно связан с другими людьми. Средством общения служит язык. При помощи языка люди передают свои мысли, желания, чувства. 
Родная речь, родной язык любимый,Мы силу черпаем в тебе во все века.Ты, наша драгоценность, наша сила,И роль играешь в жизни маяка!
Несіне мен қазақпын , өз тілімді білмесем.
Өз елімде жарқылдап, еркін сөйлеп жүрмесем.
Құт мекенім қасиетті ата-бабам жерінде,
Нағыз қорлық-деп білемін, басқа тілде тілдессем.
Ана тілдің қасиетін айта білген түсінер,
Өз тілінде сөйлейді өмір көрген кісілер.
Жойған күні тіліңді, жойылады қазақ та
Жоя білген адамдар-құлдыққа да түсірер.
«Үйрен ана тіліңді», Оразақын Асқар
Өз тіліңсіз көрсең де өз күніңді,
Өз тіліңсіз болсаң да асқан білімді.
Өз халқыңа бола алмайсың азамат,
Білмей тұрып туған ана тіліңді.
Әлде қалай жоғалтса ана баласын,
Бала іздеп таппай ма өз анасын.
Өгей шеше секілді өзге тіл де өгей,
Өз тіліңмен ертерек тап жарасым.
Сенде айып жоқ, тілің де емес кінәлі,
Ешкімнің жоқ болса да оған күмәні.
Үйренбесең, өз тіліңді білмесең.
Жазықсыз-ақ жазғырып ел тұрады.
Қаның жаның, қазақы ұлттық түрің бар,
Сенен үлгі алар қызың, ұлың бар.
Перзентісің еркін, азат халықтың,
Тәуелсіз ел, мәртебелі тілің бар.
Назарларынызға Қазақ жігіттер әні
Жүргізуші 1:
Біз – ежелден ер деген даңқы шыққан халықпыз!
Біз - ел бірлігі жолында әрқашан намысын бермеген халықтың ұланымыз!
Біз – алтын күн бедерленген көк байрақты әлем биіктерінде желбіреткен бейбітшіл елдің азаматымыз!
Біз – кең байтақ жерінде бірлігі жарасқан алуан ұлт ұлыстан тұратын бір тұтас халықпыз!
Біз – атадан мұраға қалған қасиетті тілімізді қадірлей білетін ұрпақпыз!
Ана тілі – біздің ар-ождан, адамгершілігіміздің айнасы. Адам ана тілімен бақытты, ана тілімен асқақ .
Бұл жанды тіл – менің азат тілім, Жадымда талмай самғар қанат тілім. Жыры - қуат, сөзі – ана уызындай, Бірге: Жасай бер, Ана тілім – Қазақ тілім!
Ана тіліміздің мәртебесі асқақтай берсін! Ана тіліміз тек биіктерден көрініп, өркендей берсін! Салтанатты жиынды жабық деп жариялаймыз.
Жүргізуші 2:
Казахстан - многонациональное государство. Все народы, населяющие его, равноправны. Все они на основе проводимой нашим президентом, уважаемым Нурсултаном Абишевичем Назарбаевым, национальной политики развивают свой язык, национальную культуру. 
Язык-это мостик к общению и пониманию. Знайте свой язык, изучайте другие, говорите на разных языках!
На этом наш праздник, посвященный Дню языков народов  Казахстана подошел к концу. Мы  желаем вам жить дружно, уважать друг друга и всех вокруг.Ән «Атамекен». Темиргалиев Темирлан.
Жүргізуші 1:
Б.Момышұлы атындағы Алматы Республикалық әскери мектеп-интернатының бастығы полковник Қазымбет Аманжол Тансықбайұлына қорытынды сөз береміз
Жүргізуші 2:
Солово предоставляется заместителю начальника школы по учебной работе Нусипжановой Жаныл Темирхановне