Ана тілім — арда?ым атты 3 тілде т?рбие са?аты


Тақырыбы: Ана тілім – ардағым/ My mother tongue
Сыныбы: 6-7 сыныптар
Мақсаты: Оқушылардың патриоттық сезімін ояту, тілге деген құрметін арттыру; оқушылардың
Көрнекіліктер: Шарлар, қабырға газеттері, қанатты сөздер.
Кештің барысы:
І - жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті оқушылар, қонақтар, мұғалімдер! Бүгінгі біздің «Ана тілім - ардағым» - «My mother tongue» атты мерекелік кешімізге қош келдіңіздер.
ІІ - жүргізуші: Тіл қай ұлттың болмасын тарихы мен тағдыры, тәлімі мен тәрбиесінің негізіб қатынас құралы. Тіл болмаса сөз болмайды. Сөз болмаса адамазаттың тірлігінде мән-маңызы болмайтыны белгілі. Демек, тілдің орны ерекше. Міне, осы орайда ана тіліміз жайлы терең ойлау әрқайсысымыз үшін парыз. Жыл өткен сайын ана тіліміздің мәртебесі өсіп, абыройы арта түсуде. Тіл – халықтың жаны. Тілі құрыса, халқы да жер бетінен жоғалады.
1 – оқушы: О, туған ана тілім! Тас бұлақтың тұныгы да сенде, ана сүтінің жұғымы да сенде, райхан гүлдің жұпары да сенде, сахара даланың жазықтығы да сенде!
Ана тілің арың бұл
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл
Өз тіліңді құрметте!
2 – оқушы: Тіл – ұлттың жан дүниесі. Расында қазақ халқының басында талай қиын нәубет, зұлматтың қайғылы күндерінің болғаны тарихтан белгілі. Сондай ауыр сәттерде, сын сағаттарда атамекен қонысын тастап босқан халықтың өзімен бірге алып жүрген байлығы ана сүтімен санасына дарыған ана тілі ғана.
4 – оқушы: Сүйемін туған тілді анам тілін,
Бесікте жатқанымда – ақ берген білім.
Шыр етіп жерге түскен митнутымнан,
Құлағыма сіңрген таныс үнім.
5 – оқушы: Тіл саясатын жүргізуді мемлекеттік реттеу қажеттігі Қазақстандық тіл қоғамдастық мүшелері арасында түсіністік орнату мен бұл бағытта белсенді әрекет ету мақсатынан туындайды. Бұл орайда басты міндет – қазіргі күнде қалыптасып отырған тілдік ахуалды нығайту үшін саналы, мақсатты жұмытар жүргізу. Қазақстанда тұратын өзге халықтардың ана тілін оқып үйрену ісіне мемлекетпен қоғам тарапынан жан-жақты қолдау көмек көрсетіліп келеді. Бұл мақсатта республикалық бюджеттен жүйелі түрде қаржы бөлініп тұрады.
6 – оқушы: Қазір көптеген жастар ана тілін дұрыс білмейді. Ауылдық жерде жақсы, қалалық жерде тіл құнарлығы сұйыла түскен. Қазақ тілінің жанашыры болған сатирик ақын Шона Сымаханұлының бір шумақ өлеңінде осындай жағдайды сипаттайды.
Қазіргінің баласы:
«Көп білем», деп көкиді.
Әкесінің жазғанын,
Аудармадан оқиды.
7 – оқушы: Ана тілің – асылың, оны білмегенің – масылың.
8 – оқушы: Ана тілін ұмытқан адам өз халқының өткенінен де, болашағынан да қол үзеді.
9 – оқушы: Тіл қай ұлтта, қай жерде болса да қастерлі, құдіретті. Ол әрбір ана сүтімен еніп қалыптасады. Тіл байлығы әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Ол атадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес мұра. Демек, әр адам ана тілін көзінің ұарашығындай қорғауға, оның орынсыз шұбарлануының қандайы болса да, қарсы тұруы тиіс.
Ана тілі – ең басты байлығымыз. Ана тілі – ең ұлы және тамаша тіл. Менің ана тілім – қазақ тілі. Қазақ тілі – мемлекеттік тіл.
10 – оқушы: ұлттың тілі – сол ұлттың жаны, жан дүниесі. Ол жүректі соқтырып тұрған қан тамыры сияқты. Егерде қан тамыры жабылып қалса, жүрек те соғуын тоқтатпай ма.
11 – оқушы: Ғұндардағы, сақтардағы,
Ақ сүтін берген арман тіл.
Атқандағы, шапқандағы,
Қаңсырап аман қалған тіл,
Өрт шалған тудай жаралы тілім,
Желбіреп желмен шабудың
Қақ жарып шығып дала түнін
Жусан мен қымыз аңқыдың.
12 – оқушы: Тіл жүректің айтқанына көнсе, жалған шықпайды.
Ақылмен ойлап білген сөз,
Бойына жұқпас сырғанар.
Ынталы жүрек сезген сөз,
Бар тамырды қуалап.
13 – оқушы: Жаурасам да, тоңсам да,
Осы тілде сайрап ем.
Мылқау болып қалса да,
Осы тілде ойлар ем.
ІІ - жүргізуші: Қазақ тілі – өзінің даласындай кең, жайдары да, жалпақ тіл. «Қазақ» сөзі қашанда даланың қоңыр желіндей аңқылдап, еркін есіп тұрады. Қазақ тілінің биязы мақымы домбыраның күмбір қаққан сазындай, асқан әуездігілі – шырқап салар әндей. Туған тіл біздің бірінші бақытымыз, біірінші ырысымыз, біз сондықтан «Ана тіліміз» дейміз. Қазақтар «ана тілі» деп ерекше құрметтейді. Басқа тілді білу әрине мақтаныш. Әйтсе де, өз ана тілін аяқ асты етуге болмайды.
15 – оқушы: Адам көңілден озады, тілден жазады.
16 – оқушы: Ана тілі – бәріміздің анамыз,
Өйткені ол – ұлтымыздың анасы.
17 –оқушы: Ана тілің алпыс тілге татыйды.
18 – оқушы: Тіл білім беру саласында Қазақстан Республикасында мемлекеттік тілде, ал ұлт топтары жинақы тұратын жерлерде солардың тілдерінде жұмыс істейтін мектепке дейінгі балалар ұйымдарын құру қамтамасыз етіледі.
19 – оқушы: Адамның адамдық, ұлттық ең жоғары қасиеті – тіл өткірлігі мойымасын, тіл сұлулығы кемімесін.
20 – оқушы:Қазақстан Республикасының азаматының ана тілін қолдануына, қарым-қатынас, тәрбие, оқу және шығармашылық тілін еркін таңдауына құқығы бар.
І - жүргізуші: Қазіргі таңда біздің елімізде мемлекеттік тіл – қазақ тілі, ресми тіл – орыс тілімен қаатар халықаралық ағылшын тілі де қатар жүріп келеді.
1 – оқушы: Мой верный друг! Мой враг коварный!
Мой царь! Мой раб! Родный язык!
Мои стихи – как дым алтарный!
Как вызов яростный – мой крик!
2 – оқушы: Ты дал мечте безумной крылья,
Мечту ты путами обвил.
Меня спасал в часы бессилья
И сокрушал избытком сил.
3 – оқушы: Уму и сердцу язык твой проводник,
Без него попадешь ты в тупик.
Язык твой – жизнь твоя, твои мечты,
Ты без него уже не ты.
4 – оқушы: Язык твой как родная мать,
Которую не унижать нельзя, не оскорблять.
Его ты должен, друг, благодарить
За то, что правильно умеешь говорить.
5 – оқушы: Родной язык – твоя душа, твой мир, твой луч,
Люби за то, что он могуч.
Язык твой – щит, твое общенье
Не допусти к нему пренебреженье.
6 – оқушы: Не дай повесить родному языку чужой ярлык.
Наследие твое – твоя земля и твой язык
И искажать его невеждам не давай,
Об этом ты, дружок, не забывай.
Хор «С чего начинаетсь Родина?»

1 – оқушы: The rain is raining all around,
It falls on field and tree.
It rains on the umbrellas here,
And on the ships at sea.2 – оқушы: The school has doors that open wide
And friendly teachers wait inside.
Hurry, hurry, let’s go in,
For soon the lessons will begin.
3 – оқушы: Books and pencils I will need,
When I start to write and read,
Lots to learn and lots to do
I like to go to school, don’t you?
4 – оқушы: The woods are lovely, dark and deep.
But I have promises to keep,
And miles to go before I sleep
And miles to go before I sleep.5 – оқушы: Many wonderful things to hear, to see,
Belong to you, belong to me!
The sun, the trees, the grass, the sky
The yellow moon that’s passing by.6 – оқушы: The blowing winds, the birds that sing
Bright autumn woods, gay flowers of spring,
The cold long winter with snow so white,
The running rivers, the stars of night.Chorus “My Bonnie lies over the ocean”
22 – оқушы: Қазақ мектептерінде келешекте қай мамандыққа барам десе де, ең алдымен өзінің ана тілін, әдебиетін сүюі шарт. Сол сүюді орта мектеп табалдырығын аттаған соң да, мамандық, білім беретін жоғары мектепке ауысқанда да асыл қасиетіндей сақтауы керек.
23 – оқушы: Әлем әдебиетіндегі әйгілі жүз кітапты елін еркін бар бояуымен төгілтіп түсіретін тіл қуатты тіл, қазақ тілі – сондай тіл.
24 – оқушы: Туған тілім – бабам тілі – өз тілім,
Туған тілім – анам тілім - өз тілім.
Туған тілім – далам тілі – өз тілім.
Туған тілде сыры терең жаным бар,
Туған тілім тіл болудан қалса егер,
Жүрегімді суырып-ақ алыңдар.
ІІ - жүргізуші: Осымен, құрметті қонақтар, бүгінгі біздің мерекелік концертіміз аяқталды. Көңіл бөліп тыңдағандарыңызға рахмет.
Хор «Анамның тілі»