Арда?ты аналар т?рбие са?аты
Мақсаты: Нәзік жанды аруларымыздың қоғамдағы рөлінің айтарлықтай екендігін дәлелдеп, оларға қуаныш сыйлау. Оқушылардың оларға деген ізгі ниеттерін көрсету.
Көрнекілігі: , ұлағатты сөздер, суреттер, шар, үнтаспа, гүл т.б.
Әділжан: Армысыздар, аяулы аналар, құрметті ұстаздар, гүлдей құлпырған қыздар! Барлығымыз асыға күткен көктемнің алғашқы күндерімен бірге 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні де келіп жетті. Бір - бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербеткен аналар мен нәзік жанды қыздар қауымының төл мерекесі.
Сенен өскен балалар,Батырлар мен даналар.Құттықтаймыз мейраммен,Құрметті, жан аналар!
Дильназ: Қош келдіңіздер, құрметті аналар мен мектебіміздің аяулы ұстаздары, сұлу да сымбатты қыздары! Бүгінгі мерекелеріңіз құтты болсын! Сіздерге сарқылмайтын денсаулық, ұзақ ғұмыр тілейміз. Осы күні өздеріңізге бағытталған тілектер періштенің құлағына шалынсын. Әрдайым біздердің жанымызда жүре беріңіздер.
Біз ғана емес, қадір тұтқан бабалар Аналардан туған небір даналар. Ана деген тіршіліктің тірегі, Армысыздар, қасиетті аналар!
Дильназ: Әділжан, біз жыл сайын 8 – наурыз күні анамызды мейрамымен құттықтап, түрлі сыйлықтар сыйлап, өз сүйіспеншілігімізді білдіріп жатамыз.Ал осы мерекенің түп негізін , шығу тарихын білесің бе?
Әділжан:Ия, әрине білемін. 1910 жылы Данияда Копенгаген қаласында революционер әйелдердің халықаралық конференциясы өтті. Мінбеге Клара Цеткин шықты. Ол ақ шашты қара көзді орта жастағы адам еді. Біз күреспен қол жеткізген осы мерекені жыл сайын 8 наурыз күні атап өтейік. Бұл барша әйел қауымының мерекесі болсын деген ұсыныс айтты. Ұсыныс бір ауыздан қабылданып, 8 наурыз халықаралық әйелдер күні болып қабылданды.
Дильназ: Өте дұрыс, сенің сөздеріңмен толықтай келісемін.Олай болса, аяулы аналарымыздың құрметіне арнайы ұйымдастырылып отырған мерекелік кешімізді әрі қарай жалғастырайық.
Шалқып, тасып әнімізЖадырасын жанымыз,Ана, сені құттықтап,Әндетеміз бәріміз.-дей келе ортаға 4 «Ә» сынып оқушыларын шақыруға рұқсат етіңіздер!
ХОР:
«Менің анам алтын»
Хормен: Құттықтаймыз!Құттықтаймыз!Құттықтаймыз!
Мәди:Анам менің, асылым, лағыл әнім,Кең кеудеңе гүл болып тағыламын,Жұлдызындай көгінде жағыламын.Алыс кетсем аңсаймын сағынамын, Анам менің, асылым, лағыл әнім.
Ардабек:Әжемді мейрамымен құттықтаймын,
Айтатын ән,беретін гүлім дайын.
Әжетай сені жақсы көремін деп,
Ақырын құлағыңа сыбырлаймын.
Әділхан:Ана дейміз бәрімізде аңқылдап, Ана дейді жас сәбиде жарқылдап,Ана деген бәйтерегі өмірдің,Ана деген алтын қазық алтын бақ!
Нұсұлтан: Еркелесем күлімдейтін,Ұрысқаны білінбейтін.Маңдайымнан иіскеп менің,«Құлыншағым, күнім» дейтін.
Әділжан:Құлақтан кіріп, бойды алар,Әсем ән мен тәтті күй.Көңілге түрлі ой салар,Әнді сүйсең, менше сүй, – деп, Абай атамыз айтқандай ... Ғазизова Амина мен Қуанышева Ақеркенің орындауында «Анажаным» әнін қабыл алыңыздар.
Аделия: Бастадым сөзімді «Ана» деп мен,Себебі анам мені адам еткен.Өмірдің бар асылын бойына жиып,Дүниенің ардақтысы анам берген.
Қайсар: Туғаннан құлыным деп аймалаған,Өзіңнен қымбат адам қайда маған.Дүние аналармен көрікті ғой,Онсыз бұлбұлдар да сайрамаған.
Елжан: Ана - ол біздің елде ардақты адам,Кіші де, үлкенде ардақтаған.Өзінің аяулысы - Отанды да,Ана деп біздің халық текке айтпаған.
Расул: Аналар – ау менің шалқар көлдерім,Көлдерім мен асқар – асқар белдерім.Мына өмірде қуанышты жүргенім,Сенің арқаң бұл өмірге келгені
Әділжан: Ортада Исабекова Аселді «Қазақ биімен» қарсы алыңыздар!
Дильназ: Менің әжем, бұл әжемАйтқан сөзі дәл әжемАман болса көредіҚызығымды әлі әжем – дей келе назарларыңызға «Әжесі мен немересі» атты шағын көріністі ұсынамыз.Қабыл алыңыздар.
Сахналық көрініс«Әжесі мен немересі»
-Қошақаным, қане, бері келе қойшы!
-Ау, әже!- Ой, алтыным сол.Жүрегім кім менің?- Мен!- Тірегім кім менің?- Мен!- Сәнім кім менің?- Мен!- Ботақаным, бағлан қозым,Не деген тәтті баласың өзің!Ой, қарғам менің!- Жоқ, әже, қарғаң мен емес!Жо... жоқ, қарға болмаймын,Керегі жоқ ондайдың.Қарға «қарқ - қарқ» етеді,Алысқа ұшып кетеді.Қасыңда боп әрдайым,Мен ешқайда бармаймын.
Дильназ: Сыныбымыздың мың бұралған биші қызы Мусина Гүлназды қошеметпен қол оғып қарсы алыңыздар! Қазақ биі «Елге сәлем».
Асель: Ана деген ақылшың,Анаң барда батырсың.Қасыңда кім болса да,Тек анаңа жақынсың.
Рустам: Әр сөзімді жаттаған,
Жүрегінде сақтаған.
Анашым деп мақтанам,
Айналайын ақ мамам!
Гүлназ: Адам бар ма ана сүтін татпаған,Алуан – алуан ауыр сынды аттаған.Адалдықты ар намысты сақтаған,Мен анамның сонысымен мақтанам.
Дильназ: Ендігі кезек біздің аяулы аналарымызға арналған шағын сұрақтарымызға да келіп жетті. Әділжан, қалай ойлайсың біздің аналарымыз сұрақтарға жауап бере алар ма екен?
Әділжан: Әрине, біздің аналар барлық қиындықтарды жеңіп шыға алады деп ойлаймын.
Дильназ: Олай болса бастайық.
1.Сіз қандай мерекелерді тойлағанды ұнатасыз?
2.8 – наурыз мерекесіне орай қандай сыйлық алғыңыз келеді?
Әділжан:
1.Сіз аналар меркесін асыға күтесіз бе?
2. Аналар мерекесі жылына екі рет тойлансын деген жарлық шықса сіз қалай қабылдар едіңіз?
3. Сіздің ойыңызша аналар мерекесін не себепті көктем мезгілінде тойлаймыз?
Әділжан: Үкілі кәмшат, бүрмелі көйлек.Тұрғандай өзі, қимылсыз билеп,Иықтан шашы, төгіліп жерге,Күмісті шашбау, жарасып белге деп ақын ағаларымыз жырлағандай келесі кезекті мың бұралған биші қызымыз Мадениет Аделияға береміз.
Алинұр:Анасыздар, кең байтақ даласыздар.Жаны жайсаң жеңімпаз данасыздар.Көлеңке жоқ көңiлінде, қылауы жоқ,Үлбіреген жауқазын баласыздар.
Нұрай:Көңілің Алатаудың ақ қарындай,Мейірімің күннің шуақ шақтарындай.Қалайша аяулы ана тына алармын,Ән болып сағыныштан ақтарылмай,
Саят:Бір өзіңнен бастап өмір жолдарын,Жүрегіңе, жүрегімді жалғадым.Өзің мына сыйға берген өмірдеАқ сүтіңді ақтап өту - арманым.
Амина: Барша ана, құтты болсын мерекеңізӘрқашанда ана сізбен берекеміз.Ақтасақ ақ сүтіңді, асыл анам.Сонда біз кісілікке теңесеміз.
Дильназ: Ортада 4 «Ә» сынып ұлдарын «Ақбозат» әнімен қарсы алыңыздар!
Әділжан: Мерекеге арналады бүгін билер.Көтерілсін, қанекей, көңіл-күйлер.Алдарыңызда қазір «Гүлдер» биі,Таң қалдырып қанекей би билеңдер, – демекші, ендігі кезекте «Гүлдер биі», қабыл алыңыздар!
Дильназ: Ортаға Әмір Елжан, Ботбаев Мәди және Сарсенқан Аділханды шақыруға рұқсат еңіздер!
Әділжан: Ана деген – бастауы ұлылықтыңАна деген - рәмізі сұлулықтыңАна деген - бір жыр бар шырқалатынАсқақтатар биікке ұрпақ атынОлай болса Нұрай менен Аселді қарсы алайықДауысына сүйсініп тамсанайықЕрке қыздар талантына тәнті болып,Уа, халайық, жұмыла қол соғайық!
Әділжан: Құрметті қонақтар, біздің «Ана - тіршілік тірегі» атты мерекелік кешімізді көңіл қойып тамашалағандарыңызға көп - көп рахмет.Демеңіз біз өнерді аяп қалды,Мезгіл де біраз жерге таяп қалды.Қош болып тұрыңыздар көріскенше,Осымен концертіміз аяқталды.
Гүлназ: Адам бар ма ана сүтін татпаған,Алуан – алуан ауыр сынды аттаған.Адалдықты ар намысты сақтаған,Мен анамның сонысымен мақтанам.
Расул: Аналар – ау менің шалқар көлдерім,Көлдерім мен асқар – асқар белдерім.Мына өмірде қуанышты жүргенім,Сенің арқаң бұл өмірге келгені