С?йлеу м?дениеті та?ырыбыны? саба? жоспары


Тақырыбы: Сөйлеу мәдениеті Сабақтың мақсаты:Білімділігі: Оқушылардың сөйлеу мәдениеті туралы алған білімдерін жетілдіру. Оқу - танымдық бағдарлы құзыреттілігін арттыру мақсатында ситуациялық сұрақ, дидактикалық ойындарды оқушыларға ұсыну. Мәтінді дұрыс оқып, әдемі жаза білуге үйрету.Тәрбиелілігі: Оқушыларды үлкенді сыйлауға, құрмет көрсетуге, дөрекі сөздер айтпауға тәрбиелеу. Адамгершілік тәрбиесі.Дамытушылығы: Оқушыларды жылдам ойлауға, кез - келген кедергіден өтіп пікірін еркін білдіре білуге дағдыландыру.
Сабақтың барысыI. Ұйымдастыру кезеңіҚоңырау уақытына дейін сынып тазалығына ретке келтіріп, сабаққа қажетті материалдарды дайындау;Оқушыларға сабаққа қажетті құрал - жабдықтаын алғызуСәлемдесу;Түгелдеу;II. Кіріспе - қызығушылық кезеңіПсихологиялық дайындықҮлкенге де сіз,Кішіге де сіз,Сәлем бердік сіздергеҚұрметпенен біз!Оқушылардың көңіл - күйлерін анықтау.- Оқушылар, бүгінгі сабаққа қандай дайындықпен, қандай көңіл - күймен келгендерінді білу үшін мынадай балақайларды көрсетемін. Бұл балақайларды көрсеткен кезде көңіл - күйлеріміз қайсысына сәйкес келсе қолымызды көтереміз.- Жарайсыңдар, балалар! Бүгінігі сабаққа барлығымыз қуанышты боп, өте жақсы дайындықпен келіппіз ғой.
III. Үй тапсырмасын сұрауIV. Негізгі бөлімӨткенді қайталап, еске түсіру- Балалар, сөйлеу мәдениеті дегеніміз не?- Сөйлеу мәдиенеті деп - қазақ тілін дұрыс және орынды қолдану. Ата - анаң, мұғалім мен құрбыларынмен сөйлескенде сөзі дұрыс, орынды қолдану керек. Өз ана тілінде де басқа тілде де дұрыс сөйлесу адамның қаншалықты мәдиенетті екенін көрсететінін жадымыздан шығармайық.Әдеби тіл - дұрыс сөйлеудің үлгісі. Енді есімізге түсірсек мына суреттерге назар аударайық.Ситуациялық жағдаяттар1 - жағдаят. Көлікте орын жоқ, бір қария мінді, ол кезде сен отырғансың. Не істейсің? (Мен орнымнан тұрып, «Ата мына жерге отырыңыз» - деп, орнымды ұсынамын. )2 - жағдаят. Көшеде бір әже ауыр сөмке көтеріп келе жатыр екен. Сен аулада ойнап жүргенсің. Не істейсің? ( «Әже маған беріңіз, сізге көмектесейін»- деп ауыр сөмкесін алып, үйіне апарып саламын.)3 - жағдаят. Жақын досың ауырып жатыр. Сен не істейсің?(Досымның үйіне барып оның жақсы көретін кітабын апарып үйіне жағдайын білуге барам.)
Оқулықпен жұмыс:
1 - жаттығу.Көшіріп жаз. Оқушыларға мақалды оқытамын көшіріп жаз.Алдымен олардың ойын біліп алып соңында қорытамын.«Үздік мақалшы» ойынын ойнату.Мақсаты: Оқушылардың жылдам ойлауға дағдыландыру. Есте сақтау қабілеттерін арттыруға дағдыландыру.Жүргізу ережесі: Әр қатардан бір - бір оқушыны шығарып, Әдеп тақырыбына білген мақалдарын айтып жарыстыру.Түйіндеме: Жарайсыңдар балалар! Біздің сынып оқушыларының барлығы мақалшы екен ғой.2 - жаттығу. Мәтінді мәнерлеп оқу, ат қою.
-Маржан қандай қыз?
-Әдептілікті қалай түсінесің?
-Әдепті деп қандай адамды айтады?
4 - жаттығу. Сәлемдесу және қоштасу кезінде қолданылатын сөздермен жұмыс.
9 - жаттығу. Шақыру қағаздарын жазуға үйрету.
10 - жаттығу. Суретпен жұмыс. Құттықтаудың қандай бөліктерден тұратынын аңғарту
Сергіту сәті:«Күн нұрынның шапағы» ойынын ойнату.Мақсаты: Оқушыларды адамгершілікке, сыйластыққа, ілтипаттыққа тәрбиелеу.Жүргізу ережесі: күннің нұры шашырап тұрған шапағына сыпайы сөздерді жазып қормен қайталаймыз.Түйіндеме: Жарайсыңдар, балалар! Біз күнге сыпайы, кішіпейіл, инабатты балалар екенімізді дәлелдедік. Күн сендерге алғыс білдіріп, қуанып жатырмын.
12 - жаттығу. Құттықтау мәтінімен жұмыс.
Құттықтау ауызекі және жазба тілде болады.V. Қортынды - рефлексия кезеңі.Топтық жұмыс.Ойын ойнату.Ойынның аты: «Тез ойла, сөз ойла».Шарты: 3 қатарға бүгінгі тақырып төңірегінде 3 сөз беріледі.1 - топ - сыйластық.2 топ - кішіпейілділік.3 топ - инабаттылықСөздерін пайдалана отырып, оқушылар қысқа уақыт ішінде сөз ойлап табуы тиіс. Қай топ бірінші көп сөз тапса, сол топ жеңімпаз атанады.Сыйластық: сыйла, тас, ас, тал, сыйлы....Кішіпейілділдік: кіші, ішік, пейіл, іл, іш...Инабаттылық: ана, ат, Инабат, ит, балық...Үй тапсырмасы. 11бет, 13-жаттығуБағалау.