Білімділер мен білгірлер интеллектуальды ойын 8-9-10 класс
5.02.2015ж
Тақырыбы: Білімділер мен білгірлер интеллектуальды ойын
Мақсаты:
Оқушылардың есте сақтау қабілеттерін, зейінмен логикалық ойлау жылдамдықтарын, дүниетанымдарын, ой-өрістерін дамыту, биология пәніне қызығушылықтарын арттыру.
Пән аралық байланыс: география,химия, биология
Көрнекілік: интерактивті тақта, слайд түрлері.
Түрі: ойын
Ойынның барысы:
Құрметті ұстаздар,оқушылар!
Мұқанбетқазы Тәжин атындағы орта мектептің 8,9,10 сынып оқушылары арасында «Білімділер мен білгірлер» тақырыбында интеллектуальды ойынымызды бастаймыз.
Өнер қуып сайыскерлер өтер деймін,
Бір басына өнері жетер деймін.
Бәсекеге түскен сайыскерлер
кезектесіп,
Таныстырып өздерін өтсе деймін.
Сайыскерлер өздерін таныстырады.
Оқушылар өздерін таныстырады:
10 сынып оқушылары: Қожагелдина Аяулым,Қантөрина Гауһар,Жолдыбаева Лаура
9 сынып оқушылары: Әділ Әсел, Беркалин Әбдіжапар
8 сынып оқушылары: Нұсқабаев Болатқан, Сәденова Гүлмария, Қуантай АйкөркемАсыл тастан, өнер жастан шығады,
Ақылды адам бір айтқаннан ұғады.
Халық айтса, қалт айтпайды дегендей,
Баға берер әділқазы құрамы.
Ендеше, әділқазылар алқасымен таныс болыңыздар!
Әділқазылар алқасының құрамы: Әбдіғалиева Айсана, Ноғайқұлова Алтынай
Білім деген биік шың,
Бақытқа сені жеткізер.
Білім деген ақылшың,
Қиындықтан өткізер – деп,
Сайыстың шарттарымен таныс болыңыздар!
Сайыстың шарттары:
Ойынға екі топ қатысады. І топ Білімділер ,
ІІ топ Білгірлер тобы
1. Сұрақты таңда.
2. Сұрақты оқы.
3. Ойлануға берілетін уақыт – 5 секунд.
4. Дауыс сигналынан кейін жауап беру.
5. Дұрыс жауапты тыңдап ал.
Кейбір тор көздердің ішінде таңдалатын сандарда жинаған ұпайларың екі есе азаяды,екі еселенеді, 10 ұпай қосылады,5 ұпай кемиді.
12 тор көз Әттең ! Жинаған ұпай 2 есе азаяды !
14 Жолыңыз болды! Жинаған ұпай екі еселенді!
15 Жолыңыз болды! Сізге қосымша 10 ұпай берілді!
33 Әттең! Сіздердің жалпы ұпайыңыздан 5 ұпай шегеріліп қалды
Ұзақ уақыт өсімдіктерді бақылай отырып адамдар бір гүлдің таңның атуының , екіншісі күннің батуының хабаршысы екенін байқаған. ХҮІІІ ғ. Швецияда белгілі ғалым – натуралист К.Линнейдің кеңесімен гүл сағаты жасалған. Таңғы сағат 5-те текесақал,сағат 6-да көкнәр гүлінің күлтелері ашылса, ал кешкі 10- да хош иісті темекі , кактустың гүлдері ашылады. Осылай уақытты анықтап отырған. Сұрақ: бұл қызықты құбылыс немен байланысты? Неліктен әртүрлі гүлдер әр түрлі уақытта ашылады? (Гүлдердің ашылуы тозаңдануға қолайлы жағдайымен байланысты)
Бұл өсімдікті жек көрсе де, бірақ оған табынған, оның гүлдерімен патша сарайларын сәндеген. Оффенбург деген неміс қаласындағы танымал ағылшындық саяхатшы Фрэнсис Дрейкке қойылған ескерткіште: «осы өсімдікті Европаға алғаш болып әкелген Дрейк» деп жазылған. Алғашқы жылдары бұл өсімдіктің жемісі патша дастарханында да сирек кездесетін тағамның бірі болған. Біздің дастарханымызға бұл тағам жүздеген жылдар кейін келген. Сұрақ : Бұл өсімдіктің атын атаңыз? (Картоп)
1869 жылы француз миссионері Арман Давид Қытайға саяхат жасайды.Ол әрі табиғат зерттеушісі болғандықтан Сычуань провинциясында жүргенде шалғайдағы елді мекендерден үйдің қоршауында ілулі тұрған теріні көреді. Жергілікті тұрғындар бұл сол маңайдағы тоғайда тіршілік ететін аңның терісі екендігін айтқан. Бұл аң табиғатта таңертең және түнде белсенді. Бойы 1,5 м –ге жетеді. Жалпақ табандарында күшті тырнағы болады. Көп дыбыс шығармайды, анда-санда ғана қойдың маңырағанындай дыбыс шығарады. Сұрақ: бұл қандай аң (Панда)
Көпшілігі суда тіршілік ететін жыртқыш немесе паразит. Итшабақ, итбалық және омыртқалы жануарлардың қанымен де қоректенеді. Денесінің бауыр жағы әр түсті. «Гирудин» деген зат бөледі. Сұрақ: Бұл қандай организм? ( Сүлік)
17) Ежелгі Грецияда бұл көкөніс ерекше ықыласқа ие. Бұл өсімдік адамға кездескен алғашқы көкөніс болып есептеледі. Атақты қолбасшы Александр Македонский үнемі шайқасқа шығардың алдында өзінің жауынегерлерін осы көкөніспен тамақтандырып, өзінің жеңісінің құпиясы осыда деп сенген. Қызығы, ұлы математик ,философ Пифагорда осы көкөніске табынып қана қоймаған, тіпті оның селекциясыменде айналысқан дейді.Ең жақсы іріктемелерінің бірі ертеде Пифагордың есімімен бекер аталмаса керек. Бұл қандай өсімдік? (Орамжапырақ)
21) Қандай элемент ағзада жетіспесе тіс жегісі пайда болады?(Фтор)
22) Ас тұзы қандай суда жақсы ериді? Ыстық суда ма, әлде суық суда ма? (Бірдей)
25) Ежелгі тарихшыларға сенсек, Александра Македонский уақытында Үндістанда солдаттарға қарағанда офицерлер ішек ауруларымен аз ауырған. Олардың ішетін тамақтары мен сусындары бірдей болған, тек ішетін ыдыстары ғана әр түрлі. Сонда қандай ғажайып металдан офицерлердің ыдыстары жасалған? (Күміс)
30) Мыс бес теңгені қалай күміске айналдыруға болады? (Оны күмістің тұзына салу керек)
3) Не үшін жаңбыр жауғандағы күннің күркіреуі өсімдіктердің өсуі ұшін пайдалы? (Азотты сіңіреді)
7) Австриялық дәрігер,химик,иммунолог, аглютинацияны байқаған. Соның салдарынан адамдарда болатын ІҮ-қан тобын анықтаған. Қан құюдың схемасын жасаған (Карл Ландштейнер)
11) Әрбір жасуша өзіндей жасушаның бөлінуінен пайда болады. Бұл кімнің сөзі? (Р. Вирхов)
19)Ресейдің көрнекті ботанигі, генетигі, қаселекционері және географы. Тұқым қуалайтын өзгергіштіктегі гомологтік тарлар заңын ашып, дүниежүзінің 40-қа жуық аймақтарына экспедициялық зерттеулер жүргізді. 1940 жылы 250 мың мәдени өсімдіктер Отанын анықтады. Өсімдіктер үлгілерінен құрылған топтама жасалды. Олар қазіргі кезде Санкт-Петербургта, Өсімдік шаруашылығы институтында сақталуда.350-ден астам ғылыми еңбектер жазды (Н.И.Вавилов)
23)Чехияның көрнекті ғалымы. Генетика ғылымының негізін салушы. Алғаш рет генетикалық талдау әдісін қолданып, тұқым қуалаушылықтың заңдарын ашты (Г.Мендель)
27)Бірінші болып «Биология» терминін енгізген,бүкіл жануарлар дүниесін омыртқалылар және омыртқасыздар деп екі топқа бөлді. Органикалық дүниенің эволюциясы туралы алғашқы ілімнің негізін қалаған француз ғалымы. (Ж.Б.Ламарк)
31)ҚҰРЛЫҚТАҒЫ ЕҢ ҮЛКЕН ЖАНУАР (Піл)
35)МҰХИТТАҒЫ ЕҢ АЛЫП СҮТҚОРЕКТІ (дельфин)
2)ЕҢ ІРІ ТҰЯҚТЫ СҮТҚОРЕКТІ(Бегамот)
6)ЕҢ АҚЫЛДЫ СҮТҚОРЕКТІ (Маймыл)
10) Қандай құс аяғымен адамды өлтіреді, ал тұмсығымен ұрғанда, оның күштілігі жылқының тұяғымен тепкендей болады? (африкалық страус)
18) Қандай жануар құмды боранда дем алу қиын болса, тұмсығын тығып алады? (Түйе)
26) Осы хайуанға құйрық аулауға көмектеседі, оның құйрығының соққысы тіпті ірі аңдар үшін де өте қауіпті. Мүйізді қабыршақтармен қапталған құйрығы өте ауыр, бөрене сияқты.. Мықты құйрықпен сол хайуан құрбанды аяқтарынан ұрып жығады, жоғары лақтырып және алып тісімен аулайды. (крокодил)
29) Қандай металл электротехникада кеңінен қолданады?(Мыс)
34) Ағашты отсыз қалай күйдіруге болады? (Конц .күкірт қышқылы)
4) Не үшін жаңбыр жауғандағы күннің күркіреуі өсімдіктердің өсуі ұшін пайдалы? (Азотты сіңіреді)
8) Қандай жағдайда өрт үшін өте қауіпті: бетіне дейін бензин толған бочкі ме, әлде жартылай бензин толған бочкі ме? (Жартылай толған бочкі өте қауіпті, себебі , ауа мен бензиннің буы араласып, атылуы мүмкін)
16) Көктемде ме, әлде жазда ма сирень гүлдейді? (Көктемде)
20) Украина әдет-ғұрыпы бойынша: егер қыз оны айттырған жігіттің сөзін қабыл алмаса, оған осы жемісті жібереді. Ол қандай жеміс? ( Қарбыз)
24) Қандай жануар өз терісін тастап шығады? Жыландар
28)Өзі химиялық элемент,егер «ан»қосымшасын жалғасақ,қыстың қаһарлы күндерін есіңе түсіреді.Бұл қандай элемент?(В-боран)
32)Өзі химиялық элемент ,егер алғашқы әрпін алып тастаса өрмекшіні өрмегі шығады. Бұл қандай элемент? (Фтор-тор)
Жинаған өн бойына білім кенін,
Тәнімен ынтызармын,өрендерім.
Жарайсың, айналайын, сайыскерім!
Әрқашанда осы өнерді сөндірмей
Біліміңмен шарықтағай әрдайым-дей отырып әділқазыларға сөз береміз.
Талай қиын асулардан асып,білім төрінде шарықтап ,самғай беріңіздер!
Сіздерге қатысқандарыңызға көп- көп рахмет!