Урок по казахскому литература Ыбырай Алтынсарин (9 класс)


Күні: 12.02.2015 жыл
Пәні: қазақ әдебиеті
Сыныбы: 9 «б»
Сабақтың тақырыбы: Ыбырай Алтынсарин өмірі мен шығармашылығы
Сабақтың мақсаты: Ыбырай Алтынсариннің өмірі, шығармашылығынан мәлімет
а) білімділік: Ыбырай Алтынсарин туралы оқушылардың білімдерін одан әрі дамыту, толығырақ мәліметтер беру.
ә) дамытушылық: қосымша материалдар арқылы білімдерін дамыту, тапсырмалар арқылы ойларын ашық айтуға, шығармашылық ізденіске бағыттау.
б) тәрбиелілік: Ұлтжандылыққа, батылдыққа, туған елін, жерін сүюге, қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
І. Ұйымдастыру кезеңі
амандасу;
оқушылардың зейінін сабаққа аудару;
сабаққа қатысымын тексеру
ІІ. Қызығушылығын ояту.
Ол балалар әдебиетінің атасы, «Қазақ хрестоматиясының» авторы. Оның «Тааза бұлақ», «Талаптың пайдасы», «Қыпшақ Сейітқұл» атты әңгімелері бар.
Ол кім? Танып отырмыз ба?
ІІІ.Жаңа сабақты түсіндіру
Күннің жадын, тақырыпты тақтаға жазамын. Ыбырай туралы оқушылар не біледі сұраймын.
Оқушыларды 3 топқа бөліп, оқулықта берілген тақырыпты тақырыпшаларға бөліп беремін.
1-топ. Ыбырай Алтынсарин
2-топ. Ыбырай – балалар әдебиетінің атасы
3-топ. Ыбырай өлеңдеріндегі әлеуметтік теңсіздік тақырыбы.
Оқушылар мәтінді оқып, түсініктерін айтады.
ІV.Шығармашылық сәт (Өлеңді жалғастыру)
Оқысаңдар, бабалар,
Шамнан шырақ жағылар.
.....................................................
.................................................. .
V. Мағынаны тану
1-топ. Ыбырай Алтынсарин тақырыбына хронологиялық кесте
2-топ. «Таза бұлақ» әңгімесі туралы айтыңыз
3-топ. «Қыпшақ Сейітқұл» әңгімесі туралы
VІ. Ой толғаныс
«Даламның алып қоңырауын қаққан алғашқы ұстаз»
VІІ. Бекіту
Ы.Алтынсарин кім?
Ыбырай шығармашылығы туралы не айтасыңдар?
Ыбырайдың қандай шығармаларын білесіңдер?
Ыбырай шығармаларының тақырыптары қандай?
Ыбырайды не себепті балалар әдебиетінің атасы дейміз?
Ыбырай аудармаларында қазақ нақылдарын қолдануын айтыңыз.
VІІІ. Қорытынды
«Бүгінгі сабақтан түйгенім...» оқушылар қорытындысы
ІХ. Үйге тапсырма.
Ыбырай Алтынсарин өмірі мен шығармашылығы туралы оқып келу.
«Өзен» өлеңін жаттап келу
Х. Бағалау