Ашы? саба? Затты? ?имылын білдіретін с?здер.
Дайындаған; Бекмұратова Нұргүл Мейрамбайқызы
Ақтөбе қаласы № 57 жалпы білім беретін орта мектеп
Сабақтың тақырыбы: Заттың қимылын білдіретін сөздер.
Сабақтың мақсаты: а) Заттың қимылын білдіретін сөздер туралы түсініктерін пысықтау, өлеңнің мазмұнын ашу,Наурыз көженің тарихы туралы түсінік беру ә) Оқушылардың сабақ барысында логикалық ойлау қабілетін,сөздік қорын, шығармашылық қабілетін дамыту б) Ұлттық тәрбиені қалыптастыру, патриоттық сезімін қалыптастыру.
Сабақтың түрі: ертегі сабақ
Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар:бауырсақ ертегісі кейіпкерлері, слайдтар,видео материал.
Пайдаланатын әдіс-тәсілдер; сұрақ-жауап, әңгімелеу
Пәнаралық байланыс: дүниетану, математика
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, класс бөлмесінің тазалығына көңіл бөлу,сабаққа дайындау.
Бауырсақ конақққа келді.
Шаттық шеңберінде бір-бірімен көрісу арқылы амандасу.
II.Үй тапсырмасын сұрау: -Балалар, Наурыз мерекесі қай кезден бастап тойланады?
-Үлкен кісілер қандай бата береді?
Бауырсақ ертегісіндегі әже мен ата келді.Қане білімдерімізді көрсетейік.
Оқу материалын І топ жекелеп,ІІ топ тізбектеп, ІІ топ хормен оқиды.
III.Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі:
Мағынаны ажырату.Бауырсақты қасқырдан құтқарайық.
І топқа Көктем ІІ топқа Наурыз ІІІ топқа Наурыз көже сөздеріне ассоциация құрастыру.
-Балалар, наурыз мерекесінің ең басты асы не? -Дұрыс, Наурыз көже
IV. Мақсат қою кезеңі : -Балалар, Наурыз мерекесінде жасалатын Наурыз көженің құрамында не болады? -Кім айтады?
Бауырсақты қояннан құтқарайық.
V. Жаңа сабақ:
Бауырсақты түлкіден құтқарайық.
Оқулықпен жұмыс 113-жаттығу 1.Сөйлемдерді көшіріп жазыңдар.
Ит үрді.қасқыр ұлыды.Қозы маңырады. 2.заттың атын білдіретін сөздің астын бір рет, қимылын білдіретін сөздің астын екі рет сызыңдар. 3. Сөйлемдегі сөздерге сұрақ қойыңдар. Өлеңді мәнерлеп оқыңдар:
Наурыз көже
Ашық болсын қос қабақ,
Таспен атқанды аспен ат.
Бейтаныс та таныс та,
Бүгін төрде бас қонақ.
Арпа, бидай, тары бар.
Ішілетін,жейтіннің
Бұл көжеде бәрі бар.
Ошақта көп шоқ әлі
Астың ауыр обалы
Астан үлкен ешкім жоқ,
Қазан аузы жоғары. О.Асқар.
Сөздік жұмыс.
Малта - ұсақ құрт.
О.Асқартуралы мәлімет беру.
'Асқар Оразақын (16.5.1935 жылы туылған, ҚХР, HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%86%D0%BB%D0%B5" \o "Іле"Іле аймағы, Мүкей-Қаратас ауылы) —HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%90%D2%9B%D1%8B%D0%BD" \o "Ақын"ақын.
1961 жылы ҚазМУ-ді бітірген. 1961-95 жылдары ҚР ҒА HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%A2%D0%B0%D1%80%D0%B8%D1%85" \o "Тарих"Тарих, этнографиялық және археологиялық институтында, Қазақстан жазушылар одағында, республикалық МемлекеттікHYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%9A%D1%96%D1%82%D0%B0%D0%BF" \o "Кітап"кітап палатасында, "Жалын" баспасында әр түрлі жауапты қызмет атқарды. "Түңғыш"(HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/wiki/1964" \o "1964"1964), "Мейірім" (1969), "Күнгей" (HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/wiki/1975" \o "1975"1975), "Ләйла" (HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/wiki/1977" \o "1977"1977), "Көкорай" (HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/wiki/1979" \o "1979"1979), "Балқарағай" (1981), "Сәулет" (1984), "Таудайбол!" (1984), "Белжайлау" (1985), "Өркеш" (1987), "Керімсал" (HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/wiki/1991" \o "1991"1991), "Баркөрнеу" (HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/wiki/1992" \o "1992"1992), "Орбұлақ" (HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/wiki/2000" \o "2000"2000), "Тәуелсіздік тартулары" (HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/wiki/2001" \o "2001"2001) атты жинақтары жарык көрді. Асқар қазақтың қара өлең түрлерін ұзақ жылдар бойы ел ішінен жинап, жиырма мың жолдық екі кітабын жариялады ("Қара өлең" (1989, 1997)
2. Наурыз көжені қалай жасайтынын білесіңдер ме?
Исламды отбасымен қалай наурыз көже дайындағандарын видео материалдан тамашалайық.
Исламның әжесі не істеді?(пісірді, түсірді, суытты, құйды, салды,ішті)
VI.Жаңа материалды пысықтау:
Наурыз мейрамының басты тағамы – Наурыз көже. Наурыз көже тағамының қазақ салт-дәстүріне енуі тектен-тек емес. Наурыз көженің түп мағынасында адамдарды достыққа және бірлікке шақыру жатыр. Және де осы туралы көптеген аңыздар бар.
Ертеде ашулы адамдар халық арасына іріткі салып, бүлік болыпты. Еркектер өз араларында келіспеушілікке тап болып, кішілері үлкендерді тыңдамапты. Шаруашылық бұзыла бастайды. Осы уақытта әр жерден ақсақалдар жиналып, кеңес жасапты. Жиын Наурыз мейрамына тұспа-тұс келеді. Олар ең үлкен қазанға, жиналған қауымды тамақтандыратын ас пісіргізіпті. Тамақтанып болған соң, ақсақалдар арасында ең беделдісі тұрып, былай депті: «Ит екеш иттің өзі, күшік кездерінде бір анадан сүт ішіп, бір-біріне туған бауыр екендерін сезінгендіктен, өзара тістесіп, таласу дегенді білмейді. Осы мейрамда біз де бір ананың сүтін ішкендей, бір қазаннан астың дәмін таттық. Бүгіннен бастап ғасырдан-ғасырға туған бауырлар секілді бір-бірімізді құрметтеп, сыйлап өтейік!». Осыдан соң адамдар бұрынғы өкпе-реніштерінің барлығын ұмытып, қайтадан бірлікте және татулықта өмір сүрген екен. Наурыз көжені халық арасында "тілеу көже", "көп көже” деп те атай береді. Қазақтың өзгермес салты наурыз көже дайындау – қазақ халқының жан дүниесінің кеңдігі мен қонақжайлығын ғана емес, сонымен қатар адамдарының бірлікке, ынтымақтастыққа бағытталуын көрсетеді.
VII.Бекіту кезеңі :Наурыз мерекесі, наурыз көже туралы білімдерін пысықтауда қосымша сұрақтар
VIII. Үйге тапсырма, бағалау. Өлеңді мәнерлеп оқу.