Кнспект урока Маманды?ты? б?рі жа?сы.
Тақырыбы: Мамандықтың бәрі жақсы.
Мақсаты:1. Балалардың әртүрлі мамандықтар туралы білімдерін толықтыру.2. Сурет бойынша қойылған сұрақтарға толық жауап беруге дағдыландыру арқылы зейіндерін дамыту.3. Үлкендердің еңбегін бағалауға тәрбиелеу және мамандық таңдауға қызығушылығын тудыру.
Көрнекіліктер: Түрлі мамандық иелері туралы суреттер, құралдар.Барысы:Ұйымдастыру кезеңі:Шаттық шеңберін құру.Балалар дөңгелене тұрып, бір–біріне жылы лебіздерін білдіреді. Мысалы:– Сен қандай ақылдысың! Біздің денсаулығымыз мықты. Біз ойнаймыз, күлеміз, айналадағы дүниені танып–білеміз.– Міне, көрдіңдер ме? Балалар, болашақта әртүрлі мамандық иесі болу үшін ақылды, білімді, тәрбиелі болу керек.1. Кіріспе бөлім.а)Жұмбақ шешу.1.Кірпіштен сарай, үй салады,Ол адам кім болады?(құрылысшы)2.Өскен шашты жаратпайтынҚайшысы бар жалақтайтын(шаштараз)3.Қалпағына қарасаңДәрігер емес бірақ олАс мәзірін қаласаңАлға ұсынып тұрады ол(аспазшы)4.Білімнің дәнін тередіБалаға тәлім береді(ұстаз)Осы жерде ұстаз, құрылысшы, шаштараз, аспазшы мамандық иесі екеніайтылып, мамандық туралы тақпақтар айтылады.Тақпақтар1.-оқушы: Оқу-білім ордасы.Ұстаз оның арнасы.Ұстаздық деген ұлы іс,Адамдықтың айнасы2.-оқушы:Қолда темір қалағым,Саздан сарай қалады.Алматыдан аумайтынӘсем қала саламын.3.-оқушы: Ақ желеңді киемін,Аппақ болып жүремін.Аппақ болып жүргендіӨзім жақсы сүйемін.Дәрігермін мен деймін,Кәрі әжемді емдеймін.Кәрілікті жең, деймін.
4.-оқушы: Тасты жонып қашаған,Әсем мүсін жасаған.Мүсінші аға өнерін,Өте жақсы көремін.5-оқушы: Мен инженер боламынЖерден алтын табамынЖолын қуған әйгіліАкадемик ағаның6-оқушы: Жолаушысы –қолындаҮстінде киім арнайы.Әрбір сапар жолындаВагон-оның кең үйіКүндіз- түні ол сондаБізге қызмет етеді.Қандай жағдай болса даШақырсаң тез жетеді.7-оқушы: Ал мен ақын боламынСусылдаған қаламымАдамдардың жүрегінЖырмен жаулап аламын8-оқушы: Орны бөлек елдегіШахтердің көп енбегіТау-тау болып үйілген,Оның қазған кендеріә) «Кім боламын» дидактикалық ойыны. Шарты: балалар үлкендердің бала күндерінде кім болуды армандағандарын және өздерінің кім болғысы келетіні жөнінде әңгімелерін, ойларын айтып ортаға салды.2. Негізгі бөлім.а) Мамандық иелері бейнеленген суреттерге қарап, мамандық иелерін (дәрігер,ғарышкер, полиция, құрылысшы) айтады. Төмендегідей сұрақтарға жауап береді.– Дәрігер не істейді?– Ғарышкер ше?– Полиция қызметкері не істейді?– Тағы да қандай мамандық түрлерін білесіңдер? (балалардың жауаптары тыңдалып, толықтырылады).Ойын: «Кім жылдам?»Үстел үстіне түрлі мамандық иелерін қажет құралдарын қойып, екі баланы шығарамын, ойын шартын түсіндіремін. Екі бала екі түрлі мамандық иесіне қажет құралдарды екі үстелге бөліп жинайды (шаштараз-аспаз, мұғалім-дәрігер)Ойын: «Қай мамандық иесі?»—Тарағы бар қолында,Кімді айттым ойымда? (шаштараз)—Қалағы бар қолында,Кімді айттым ойында? (құрылысшы)-Ожауы бар қолында,Кімді айттым ойымда? (Аспаз)—Күрегі бар қолында,Кімді айттым ойымда? (Диқан)
3.ҚорытындыМамандық таңдау да мектеп қабырғасынан басталады,өмірден өз орнын тауып, елімізге қажетті кәсіп иесі болу бәріміздің арманымыз.Абай атамыз айтқандай «болмасаң да ұқсап бақ, бір ғалымды сүйсеңіз. Ондай болмақ қайда деп, айтпа ғылым сүйсеңіз» дегендей алға ұмтылып арманымызға жетіп, мамандық иесі болайық.Біздің таңдауымыз да әртүрлі. Біреуің ертең ақын, екіншің ирженер, үшіншің құрылысшы боласың. Жаман мамандық жоқ. Мамандықтың бәрі жақсы.