Та?ырыбы: ?аза?ты? ырым – тыйым с?здері
Тақырыбы: Қазақтың ырым – тыйым сөздері
Мақсаты : Оқушыларды қазақ халқының салт – дәстүрін сақтауға , ырымдар мен тыйым сөздер арқылы жаман әдеттен , теріс мінезден сақтануға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, ырым – тыйым сөздер.
Әдісі : ойын әдісі , топтық жұмыс.
Барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Мұғалім: Қазақ халқы бала тәрбиесіне мән беріп, оның ырым – тыйымдарын , салт – дәстүрін ерекше сақтаған. Ырым – жақсылықтан өнеге алып, оған жету үшін жасалатын әрекет. Ал, тыйым рәсімдері жас ұрпақты , аруақты сыйлауға , табиғатты қорғауға, әдепті болуға , қарапайымдылыққа , инабаттылыққа баулиды. Халқымыздың әдет – ғұрпын , салт- санасын жақсы біліп, оны іс жүзінде орындай білу – әрбір перзенттің борышы . Ол – мәдениеттің белгісі.
1. «Құнды сөз» ойыны
Берілген тыйым сөздерді толықтыру.
Дастарқанды ------------------баспа. (тамақты)
Үйді айнала ----------------------жүгірме.
Тізеңді ------------------құшақтама
Құстың ------------------бұзба (ұясын)
Жұрт көзінше ----------------кекірме , керілме.
Ойынның қорытындысы бойынша осы тыйым сөздердің құндылығы бар екенін дәлелдейді.
2. «Ұлағатты ұғымдар» бөлімі
Үш, бес , жеті сандарына байланысты тірек сөздер беріледі. Әр топ сөздерінің санына байланысты ұлттық ұлағатты ұғымдар айтады.
Берілген тірек сөздер:
1-топ (3 саны). Үш дана (Абай, Шоқан , Ыбырай). Үш бәйтерек (Сәкен, Ілияс, Бейімбет). Үш жақын (Жан, мал, жер). Үш арсыз (Ұйқы , күлкі , тамақ).
2-топ (5 саны). Бес асыл , бес дұшпан (Абайдың «Ғылым таппай мақтанба» өлеңі). Бес қатер (От , жау , борыш, ауру , сөз). Бес жаратылыс (Күн, ай , жұлдыз, күндіз, түн). Бес қару (Садақ, мылтық, найза , қылыш, айбалта).
3-топ (7 саны). Жеті қазына (Ер жігіт. Сұлу әйел. Ақыл. Білім. Жүйрік ат. Қыран бүркіт. Берен мылтық. Жүйрік тазы). Жеті жұт (Құрғақшылық , жұт мал қырылу . Өрт . Оба. Соғыс. Топан су . Зілзала). Жеті ата (бала , әке, ата, арғы ата, баба, Түп ата, Тек ата). Жеті күн(Дүйсенбі , сейсенбі , сәрсенбі , бейсенбі , жұма , сенбі , жексенбі).
Қосымша 3,5,7 санына байланысты тірек сөздер.
Үш жұрт (Ағайын жұрт, Нағашы жұрт, Қайын жұрт)
Үш байлық (Бірінші байлық – денсаулық, Екінші байлық – ақжаулық, Үшінші байлық – қорадағы бес саулық)
Үш би (Үйсін Төле би. Арғын Қаздауысты Қазыбек би. Алшын Әйтеке би)
Үш қат (Жоғарғы қат аспан, Орта қат жер үсті, Төменгі қат жер асты )
Үш қуат (Ақыл, жүрек , тіл)
Үш ғайып (Ажал , Қонақ , Несібе)
Үш дауасыз (Мінез , кәрілік , ажал)
Үш қадірлі (Ырыс , бақ , дәулет)
Үш қадірсіз (Жастық шақ, денсаулық, Жақсы жардың қадірін білмейді)
Үш ақиқат (Қымбат – шындық. Арзан – өтірік . Дауасыз - кәрілік)
Үш қуаныш (Алғыс алу , Өзіңді көптің іздеуі, Ісіңнің өшпеуі)
Үш биік (Билік , дәулет , даналық)
Үш асыл (Көз, тіл, көңіл)
Үш кедейлік (Кежірлік , Еріншектік , Ұйқы)
Үш қасиет (Өліде – аруақ, малда – кие, аста - кепиет).
Бес намаз (Таң, Бесін, Екінді, Ақшам, Жашиақ намазы)
Бес борыш (1. Аллаға , пайғамбарға байланысты борыш. 2. Адамның өзіне байланысты борыш. 3. Мемлекет пен халыққа борыш. 4. Үй – іші , жақындарға борыш. 5. Адамгершілік әлеміне борыш).
Бес ақыл , бес дұшпан (1. Бес нәрседен қашық бол.
Бес нәрсеге асық бол
Адам болам десеңіз...
Еріншек , бекер мал шашпақ-
Бес дұшпаның білсеніз,
Талап , еңбек , терең ой ,
Қанағат , рахым ойлап қой ,
Бес асыл іс көнсеңіз(Абай))
Бес өсиет (Топасқа сенбе , Жауға иілме , Әрқашан сақ жүр, Аш үйге қонба , Жарлыдан сый алма.)
Жеті жарғы (Әз Тәукенің заңдары)
Жеті жетекші (1. Адамның басшысы – ақыл
2. Жетекшісі – талап
3. Жолдаушысы – ой
4. Жолдасы – кәсіп
5. Қорғаны – сабыр
6. Қорғаушысы – мінез
7. Сынаушысы - халық).
Жеті жоқ (1. Жерде өлшеуіш жоқ, 2 . Аспанда тіреуіш жоқ. 3 . Таста тамыр жоқ . 4. Тасбақада талақ жоқ . 5. Аллада бауыр жоқ. 6 . Аққуда сүт жоқ. 7.Жылқыда өт жоқ).
Жеті жетім (Тыңдамаған сөз жетім ,
Киюсіз тозған бөз жетім,
Иесіз қалған жер жетім ,
Басшысыз жоқ ел жетім,
Аққу – қазсыз көл жетім,
Жерінен айырылған ер жетім,
Замандасы қалмаса –
Бәрінен де сол жетім).
Жеті амал (Күннің тоқырауы , қарашаның қайтуы, үркердің батуы, мұздың қатуы, киіктің матуы, қыс тоқсан, ай тоғамы).
3. Қазақ ырымдары: (Әр топ ырымдарды айтып мағынасын түсіндіреді)
Ит ұлыса, жамандық болады.
Баланың желкесінен сүйсе, қырсық болады.
Қазақ үйіне келген адамға дәм таттырып шығарады.
Түнде үй сыпырмайды, тырнақ алмайды , т.б.
4. Тыйым сөздер: (Әр топ тыйым сөздерді айтып мағынасын ашады)
Босағаны керме , құшақтама.
Жұлдызды , адамды санама .
Тұзды , күлді шашпа.
Бейуақытта жылама, ұйықтама .
Жағыңды таянба т.б.
Қорытынды: Қазақ халқының әдет – ғұрпын, салт – санасын жақсы біліп, оны іс жүзінде орындау – әр перзенттің борышы. Ендеше , асыл қазынамыздың құндылығын арттыра берейік! деп бүгінгі сайысымызды аяқтаймыз!
№18 ЖББОМ КММ
Тақырыбы: Қазақтың ырым – тыйым сөздері
8- сынып
Өткізген: Медеубаева М.Қ.
Қарағанды