?аза?ты? ырым ж?не тыйым с?здері


Тақырыбы: Қазақтың ырым-тыйым сөздері
Мақсаты: Халықтық әдет-ғұрыпқа сай тәрбие беру, оның мәдени ерекшеліктері туралы
мағлұмат беру. Айнала қоршаған ортаға, қарым-қатынасқа қатысты ырым-
тыйымдарды үйрету.
Жүрісі: І. Ұйымдастыру бөлімі
ІІ. Негізгі бөлім
Мұғалім:
Ырым – жақсылықтан өнеге алып, оған жету үшін жасалынатын әрекет.
«Ұлы адамдардың қолтаңбасын алу, олар отырған орынға отыру» ырымы сол адамдарға ұқсау, солардың жолын берсін деп ниет қылудан туындаған.
«Тасаттық» ырымы - құдай жолына мал садақа беріп, көктен жауын тілеу.
«Аластау», «ұшықтау» ырымы - аурудан айығуға кісіні сендіру.
Келін түскенде кіре беріске кілем төсеп, отқа май салдыру ырымы - келіннің отбасына құтты, ақ жолды болып келуін, шырағы жанып, оты лаулап, бақытты өмір сүруін тілеу.
Тыйым жас ұрпақты аруақты сыйлауға, табиғатты қорғауға, әдепті болуға, қарапайымдылық пен имандылыққа баулиды. Кітаптан аттама, кем балаға күлме, үлкеннің жолын кеспе, от шығарма, көкті жұлма, босқа уһлеме, пышақ кеземе, өлген адамды жамандама, аруаққа тіл тигізбе, бос табақты тақылдатпа, есікті керме, бар нәрсені жоқ деме, әкеге әкіреңдеме т.б. тыйымдар ырымдық ұғымдармен байланысты.
Оқушылар:
Ырымдар: 1. Кісіге қарап есінеме,ол – жаман ырым.
Үлкенді сыйласаң, сені құдай сыйлайды.
Үлкеннен алғыс алсаң, бақытты боласың.
Әулиеге сыйын, шарапаты тиеді.
Жығылғанға күлме, өзің де жығыласың.
От шығарма, өртенесің.
Жақсыдан тәбәрік ал, жақсылығы тиеді.
Анаға зекірме, азабын тартасың.
Барды жоқ деме, барың жоқ болады.
Тыйымдар: 1. Дастархан басында үлкеннен бұрын тамаққа қол салма.
2. Үлкен адамға адырайып қарама.
3. Арақ ішпе, адамдығыңа зиян.
4. Темекі тартпа, тегіңе зиян.
5. Өзенді былғама, өмірге зиян.
6. Тырнағыңды тістеме, денсаулығыңа зиян.
7. Біреуге қиянат жасама, қиямет көресің.
8. Көзің ауырса, қолыңды тый.
Ішің ауырса, аузыңды тый.
9.Біреудің сыртынан ғайбат сөз айтпа.
«Сиқырлы сандық» ойыны
Сандықтан қағаз суыру, жазылған ырым мен тыйымдарды жалғастыру:
Отқа су ... құйма, түкірме.Себебі ата-анамыз отқа табынған. От – өмір, тіршілік көзі.
Мал сүйегін ... отқа жақпа.Ақты ... төкпе. Себебі тірі малдың сүйегі сырқырап, желіні іседі деген ұғым бар.
Нанды шашпа, ... баспа. Себебі нан – өмір нәрі.
Күлді ... шашпа, баспа, аяғың ауырады.
Бас киіміңді ... лақтырма, теппе, басың ауырады.
Итті ... теппе, итке су шашпа. Ит – жеті қазынаның бірі.
Жұма күні кір ... жума, жұма – мұсылман қауымына қасиетті күн.
Сыпырғышты тікесінен ... қойма.
Аяғыңды ... құшақтама.
Қолыңды төбеңе ... қойма.
ІІІ. Қорытынды бөлім
Бүгінгі сынып сағатымызда қандай тақырыпта әңгіме қозғадық? Алдағы уақытта осы ырым-тыйымдарды сақтап, орындау қолдан келе ме?