1-ден 10-?а дейінгі сандар ашы? саба?
1-ден 10-ға дейінгі сандарБаедилова Жадыра
Сабақтың мақсаты:Білімділік: Оқушылардың өткен сабақтардан алған білімдерін пысықтап, қайталауға арналған есептер шығару. Оқушылардың білім деңгейін тексеру, алған білімдерін тиянақтау.Дамытушылық: Оқушылардың логикалық ойлау, есептеу қабілеттеріндамыту.Тәрбиелік: Оқушыларды тапқырлыққа, жылдам ойлауға, ойын қорыта білуге тәрбиелеу.Сабақтың типі: ертегі ойын сабақСабақтың түрі: дәстүрлі емесСабақтың әдісі: Сұрақ - жауап, ойын.Сабақтың көрнекілігі: слайдтар, оқулық.Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі1. Оқушылардың оқу құралдарын түгелдеу.2. Психологиялық дайындық.3. Оқушылардың қызығушылығын ояту.ІІ. Жаңа сабақБалалар, бүгінгі сабағымызда сынып үш топқа бөлінеді.Геометриялық фигураларды таңдау арқылыАл, достарым, келіңдер,Біріңе – бірің еріңдер.Біліміңді тексеріп,Шешімін тауып көріңдер!а) Математикалық диктант4+3 =5 + 4 =3 + 6 =10 - 7=10 – 4 =8 – 4 =9 – 5 =7+2=«Бауырсақ» ертегісінің мазмұнын айтады:Кел, тыңдайық ертегі,Естіген жанды елтеді.Таңғажайып оқиға,Қызық сырын шертеді.(Қоян сөзін есеп шығару арқылы табады.)Ерте, ерте, ертеде.... бір ата мен әже болыптыАтасы: - кемпір - ау, маған бауырсақ пісіріп берсеңші.Әжесі:- неден пісірейін ұн жоқ қой.Атасы:- қаптың түбін қақ, бауырсаққа ұн табылып қалар.Әжесі солай істейді: қаптың түбін қағып, қалған ұннан бауырсақ пісіреді де суытып терезе алдына қояды.Бауырсақ домалап кетеді...Қоян: - бауырсақ, бауырсақ мен сені жеп қоямын.Бауырсақ: - жоқ, сен мені жеме, саған өлең айтып беремін, соны тыңда.Атадан да қаштым,Ападан да қаштым,Қоян сенен де қашып кетемін.Қоян: - қой, бауырсақ сенің өлеңің жақсы сен одан да менің тапсырмамды орында.Бауырсақ: енді не істеймін, балалар, сендер маған көмек көрсетіңдерші.Бауырсақ: - жарайсыңдар балалар, мені тағы бір құтқарып қалдыңдар!Шөп үстінде құлпынай жеп жатқан аюға кездеседі.Аю: - бауырсақ, бауырсақ мен сені жеймін.Бауырсақ: - жемеші мені, мен саған қандай өлең айтып берем- ападан да қаштым, атадан да қаштым,сенен де аю қашып кетемін.Бауырсақ: - жарайсыңдар балалар, мені тағы бір құтқарып қалдыңдар!Сергіту жаттығуыБауырсақ домалап аюдан қашып, ағаш түбінде жатқан қасқырға кездеседі.Қасқыр:- бауырсақ, бауырсақ мен сені жеймін.Бауырсақ: - жемеші, мен саған өлең айтып беремін.Қасқыр: - жоқ, бауырсақ, өлеңің керек жоқ сен менің тапсырмамды орында.Бауырсақ:- рақмет, балалар, қасқырдан да құтқардыңдар деп әрі қарай домалап келеді.Түлкі: - бауырсақты көріп – амансың ба бауырсақ көргендерге ұнайды, жүзің қызыл шырайлы, мен сені жеймін.Бауырсақ: жеме, мен саған өлең айтып беремін.Атадан да қаштым, ападан да қаштым,Сенен де оңай құтылып кетемін.Түлкі: оңай құтыла алмайсың, менің тапсырмамды орында.Бауырсақ:- рақмет, балалар, қасқырдан да құтқардыңдар деп әрі қарай домалап келеді.Балалар сендер сабақтан қандай әсер алдыңдар? (стикерге жазып жабыстыру)Үйге тапсырмаБағалау