Саба? та?ырыбы: ?тпелі пешка
Сабақ тақырыбы: Өтпелі пешка.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға өтпелі пешкінің маңызын және соңғы горизонталь- да пешкінің фигураларға айналу сәтттеріне тоқталу және өтпелі пешкіні тиімді пайдалану әдістерін үйрету.
Көрнекілігі: Шахмат тақтасы, әдебиеттер.
Өтетін орны: № 28 кабинет
Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру. 2.Оқушыларды түгендеу 3.Жаңа тақырып. 4.Үйге тапсырма.
Өтпелі пешка - пешкінің (ойын барысында) алдыңғы және көрші шаршыларда пешкі болмаған жағдайы. Бұл пешкінің алдында фигура орналасқан жағдайда - ол пешкі өтпелі болып саналады. Өтпелі пешкіні өз фигураларыңның көмегімен немесе қарсылықсыз фигураға шығаруға болады.
Мысалы, Ақтар: Крһ2, Сg2, b7, е7
Қаралар: Крg8, Лb5, Сf7, f5, g7, h7 Ойынды зерделеп қарасақ, қаралардың фигурасы (ладьясы) артық, ал ақтардың екі өтпелі пешкісі бар, өтпелі пешкілерді пайдалану арқылы ақтар жеңіске жетеді. 1.Сg2 – d4 жүрісімен f7- дегі пілді байлап қойды, ақ пілді қаралар ладья немесе пілмен алса да, ақтың пешкісі ферзіге шығады.
Ақтар: Крg 1, Фе2, Л d3, а4, b3, c4, g2, h3
Қаралар: Крg 7, Фс3, Ле8, a5, c6, е3, f7, g6, h5
Ақ жағы қаралардың өтпелі пешкінің е3 – тегі пешкісін алу мақсатында 1.Лd1 – d3 - ке жүрді. Қаралар өте күшті жасады, 1... Ф: d3 !! 2.Ф: d3 е2 және қара пешка ферзіге шығады.
Ақтар: Кр f2, Фе3, С b2, a2, c2, d5, е3, , g2, h2
Қаралар: Крg8, Фс3, С d7 , a3, b5, d3 , f6, g7, h7
Ойынды зерделеп қарасақ, қаралар d3-тегі пешкісінен айырылған сияқты.
1... d3 - d2!! 2.Ф:с3 d2 - d1К + бірнеше жүрістен ақтар берілген.
Қорытындылау.