Утренник посвященный международному женскому дню Аналар мейрамы
Катонқарағай ауданы, Үлкен Нарын ауылындағы «Балбөбек» балалар бақшасы
Бекітілді:
«Балапан» тобының ертеңгілігі
Өткізгендер: Шегетаева А.Қ.
Мағауянова А.Б.
Тоқтағанова Ф.К.
Үлкен Нарын ауылы, 2015 жыл
Аналар мейрамы
Залдың іші мерекеге сай әсем безендірілген. Балалар залға екі-екіден қол ұстасып кіріп, орындықтарына жайғасады.
Жүргізуші: Құрметті аналар, абзал жандар, тәрбиешілер сіздерді алғашқы көктем мерекесі 8-ші наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймыз. Елімізге амандық, дендеріңізге саулық және де әлемдегі бар жақсылықты тілейміз.
Көңілді музыкамен қолына шелегін, бояғышын ұстап залға кішкене қыз кіреді.
Наурыз: - Ой! Мен қайда келіп қалдым? Таңмен қолыма шелегім мен бояғышымды алып сурет салайын деп едім, адасып кеткенмін ғой. Жанымда анашым да жүрген сияқты еді ...,- деп таң қалады.
Жүргізуші: - Ой, балақан сен кімсің, есімің кім?
Наурыз: Мен Наурызбын.
Жүргізуші: Наурызжан сен «Балапан» тобының 8 наурыз мерекесіне келіп қалдың.
Наурыз: Шын ба? Ендеше менің анашым да осында болуы керек қой.
Жүргізуші: Сенің анаң кім?
Наурыз: Менің анам – Көктем.
Осы мезетте есік қағылады да, залға Көктем кіреді.
Наурыз: - Балалар қараңдаршы міне, менің анашым – Көктем де келді.
Көктем: - Сәлеметсіңдер ме, балалар!
Балалар: - Сәлеметсіз бе.
Көктем: Құрметті әжелер, аналар, тәрбиешілер, қыздар! Мейрамдарыңызбен құттықтаймын!
Жүргізуші: Рахмет сізге Көктем, енді біздің бүлдіршіндеріміздің өнерлерін тамашалаңыз!
1.Ән «Ақ мамам»
Жүргізуші: Ал, енді балалар Көктеммен бірге, Наурызбен бірге ойын ойнайық па?
Балалар: Иә, ойнайық.
2. Ойын: «Қарагие»
Шарты: Бірнеше балалар бір сызықтың бойына қатарынан тұрады. Сөйтіп олардың әрқайсысы допты лақтыруға дайын тұрады. Ортаға көмбе қойылады да, әр бала үш реттен допты салуы тиіс. Допты үштен аз тигізген бала тақпақ айтады.
(Ясмина, Әли, Зарина, И.Ислам биге дайындалады.)
Наурыз: - Балалар, мен анашыма сурет салып әкелдім, бояуға көмектесесіңдер ме?
Балалар: Иә.
Наурыз: Ендеше көктем мезгілінде кездесетін бояулармен суретті бимен бастап бояйықшы.
3. Бояулар биі. (Түрлі-түсті киінген балалар қолдарына шелек және маркер ұстап кіреді, шелектерін жерге қойып, алдымен билейді, сосын тақпақтарын айтады)
Мен сары бояумын,
Мен күнді бояймын! (Әли)
Мен көк бояумын,
Мен бұлтты бояймын! (Зарина)
Мен жасыл бояумын,
Мен жапырақты бояймын! (И.Ислам)
Мен қызыл бояумын,
Мен гүлді бояймын! (Ясмина)
Жүргізуші: Рахмет, бояулар, бізге өте әдемі суретті бояп бердіңдер.
Құрметті қонақтар, біздің балалардың қандай өнерлі екенін көргілеріңіз келсе, мына ғажайыпты тамашалаңыздар.
4. Музыкалық аспаптар.
Наурыз: Қандай тамаша, қандай керемет, неткен өнерлі балалар өзі.
Балалар мен және жолда келе жатып арқан тауып алдым, енді ойлап тұрмын осы арқанмен сендермен ойнайыншы деп.
5. Ойын: «Арқан тарту».
Наурыз: Рахмет балалар өте қызықты болды.
(9 бала биге дайындалады)
6. Ойын: «Гүлге қон».
7. Би: «Жұлдызқұрт»
Жүргізуші:
Рахмет Көктем және Наурыз!
Осымен ертеңгілікті аяқтайық
Аналарды тағы бір құттықтайық,
Егеменді еліміз аман болсын,
Аман болсын барлық бала, бүкіл халық.
Бәрімізге анасың Жамандықтан қорғаған,
Біз үшін көп жанасың. Жақсы жолға баулыған.
Құтты болсын мейрамын, Айналайын ақ мамам,
Құттықтаймыз, анашым! (Заңғар) Жырым осы сыйлаған. (Ясмина)
Еркелеймін, шаттанам, Мен гүлдерді жұлмаймын,
Жарқын күлкің бақ маған. Торғайларды қумаймын.
Ақ бетіңнен сүйейін, Анамды сыйлаймын,
Келші, келші, ақ мамам.(М.Ислам) Айтқан сөзің тыңдаймын.(И.Ислам)
Тіс ауырса, іш ауырса, Үн қатасың бал тілмен,
Мамам дәрі береді. Еркелеймін әр күн мен.
Барлық бала, барлық ана, Құттықтаймын, анашым,
Оны жақсы көреді. (Инкар) Сегізінші наурызбен! (Надия)
Біз доспыз гүлдермен, Мерекесі бүгін,
Текке оны жұлмаймыз. Алтын анамның.
Мереке күні бір-бірден, Сыйлайыншы гүлің,
Анамызға сыйлаймыз. (Әли) Жарқын даламның. (Медина)
Жүзімізге қараңыз, Я смотрю на солнце,
Бал күлкілі баламыз. Маму вижу я.
Бізге қымбат күн шуақ, Мое солнце – мама,
Бізге қымбат анамыз! (Айзере) Милая моя. (Райым)
Я беленький подснежник,
Для мамы принесу.
Он пахнат нежно-нежно,
Как талый снег в лесу. (Трофим)
Катонқарағай ауданы, Үлкен Нарын ауылындағы «Балбөбек» балалар бақшасы
Бекітілді:
«Балапан» тобының Ұлы Жеңістің 70 жылдық мерекесіне арналған ертеңгілігі
Өткізгендер: Мағауянова А.Б.
Шегетаева А.К.
Тоқтағанова Ф.К.
Үлкен Нарын, 6 мамыр 2015 жыл
Желбіре, Жеңіс жалауы!
Мақсаты: Жас ұрпақты елін, жерін, Отанын сүюге баулу.
Сахнаға екі жүргізуші шығады, артынан балалар қол ұстасып «День Победы» әнінің ырғағымен залды айналып орындарына жайғасады.
1-жүргізуші: Жеңіс күні - адамзат аңсап өткен күн, жеңістің туын тіккен - 1945 жылғы 9 мамыр азаттық күрестің айбынды күні. Мөлдір аспанды бұлт қаптады. Шаттық әні қайғылы үнге, нұрлы күнді қара тенге айналдырмақ болды. 1941 жылы 22 маусымда фашистік Германия Кеңес одағына опасыздықпен шабуыл жасады. Халық үшін бұл ауыр кезең болды.
2-жүргізуші: Құрметті осы кештің қонақтары, тәрбиешілер, балалар! Біз бүгін Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған кешімізді ашуға рұқсат етіңіздір.
1-жүргізуші: Ұлы Жеңіске жету үшін соғысқа қатысқан аталарымыз бен әжелеріміздің еңбегіне көп көмектерін тигізген - тыл еңбеккерлері. Олардың мал бағып, егін егіп, қырманға шығып шөп шапқандары қаншалықты. Сол кездегі бір көріністі бимен көрсеткіміз келеді.
1. Би: «Қырманға кел, қалқатай!»
2-жүргізуші: Ұлы Отан соғысына қатысқан ағаларымыз бен апайларымызды танып біліп жүрейік, балалар!
2. Слайд: «Ұлы Жеңіске 70 жыл»
3. Балалар тақпақтары:
Сүйінші, халқым, сүйінші! Жеңіс келді далама,
Белінді бекем буыншы, Жеңіс келді қалама...
Жеңдік жауды күйрете, Жеңіс келді әке боп,
Жасалған той мереке!(М.Ислам) Елдегі көп балаға. (Заңғар)
Не забыть нам этой даты, Мәншүк апай – батыр қыз,
Что покончила с войной. Ардақтаймыз атын біз.
Победителю – солдату, Ұқсап Мәншүк апайға,
Сотни раз поклон земной! (Райым) Өсіп келе жатырмыз. (Зарина)
Жеңіс келді ән болып, 70 жыл...
Келді ауылға сән-көрік. Бейбіт көктем таң атқалы.
Жеңіс келді, алақай, 70 жыл...
Тоя жейтін нан болып. (Әли) Шуақты күн таратты әнін. (Ағын)
1-жүргізуші: Жеңіс бізге атылған оқпен ғана келген жоқ, әнмен де келді. Жауынгерлерді ән алға жетеледі, жігерлендірді. Жаңа ерліктерге көтеріп, үлкен ұрыстарға жеңіс дабылын қақты.
4. Әні: Ә.Дүйсенбиевтікі Сөзі: Б.Ғизатовтікі
«Біз – өмірдің гүліміз»
2-жүргізуші: Ер елсіз болмайды, ел ерсіз болмайды демей ме, дана халқымыз. Қан майданда қол бастап, елінің намысын жауға таптатпаған батырларға арналады.
5. Би: «Жеңіс» (ұлдар биі)
6. Балалар тақпақтары:
Күн көзінен арайлы, Сияет солнце в день Победы...
Нұрлы шуақ тарайды. И будет нам всегда светить.
Әр ауылға, әр үйге, В боях жестоких наши деды,
Жеңіс болып қарайды. (Ясмина) Врага сумели победить. (Трофим)
Алаулап гүл тұрады, Үйлер де құламайды,
Туған жер құлпырады, Ешкім де жыламайды
Бейбітшілік болса! Бейбітшілік болса!
Түрленіп бақша, бағы, Балалар болады аман,
Тірлік те жақсарады, Аналар болады аман,
Бейбітшілік болса! (Шапағат) Бейбітшілік болса! (И.Ислам)
1-жүргізуші: Бейбітшілік жайлай берсің жер бетін,
Туы мәңгі желбіресің жеңістің, - дей келе, балалардың әнін қабыл алыңыздар!
7. Әні: Б.Ысқақовтікі Сөзі: Ө.Байділдаевтікі - «Менің Отаным»
2-жүргізуші: Желбірейді бейбітшілік жалауы,
Орындалып жас ұрпақтың қалауы - дей отырып, Әлия мен Мәншүк апайларының ерлігін мақтан тұтатын «Балапан» тобының биші қыздарын ортаға шақырамыз.
8. Би: «Қазақстан»
1-жүргізуші: Бүгінгі жастардың болашағы, бақыты үшін, қан төккен аталарымыз бен апаларымыздың даңқы еш уақытта өшпейді! Ұлы Отан үшін жанын қиған ер жүрек батырлардың қаһармандық ісі еш уақытта ұмыт болмайды, мәңгі есте сақталады.
Тыңдап, көріп тамашалағандарыңызға көп рахмет, сөз кезегі балабақшаның әдіскері Нургазиева Дариғаш Нұрмұхамбетқызына беріледі.