Жіпті? т?рлері. Жіптен шаша?бау т?ю 2 сынып
Тақырыбы: Жіптің түрлері. Жіптен шашақбау түю Сабақтың мақсаты: Оқушыларға түйме-шашақ туралы түсінік Білімділік : беру, оның жасалу жолы мен қолданатынорны жайлы ақпарат беру. Жіпті орау,қиюарқылы түйме-шашақ жасауды үйрету. Дамытушылық: Ой-өрісін,шығармашылық қабілетін,саусақ ептілігін дамыту. Тәрбиелік: Жұмыс орнын таза ұстауға баулу,ұқыптылыққа,ептілікке,еңбексүйгіштікке, бастаған ісін аяғына дейін жеткізуге тәрбиелеу. Сабақтың түрі : Аралас сабақӘдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап, түсіндіру, көрсету, ой қозғау, сарамандық жұмысПәнаралық байланыс: Ана тілі, бейнелеу, математикаКөрнекілігі: Интерактивті тақта, жіптен жасалған түйме-шашақтың дайын үлгісі,тұс киіз,балалар киімі,ребусҚажетті құралдар: тоқыма жібі, қайшы, қатты картон қағаз, қарындашСабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңіа) Оқушыларды түгендеу, сабаққа дайындығын тексеру ә) СәлемдесуЖарқырап күн де ашылды,Күн нұры түгел шашылды,Қайырлы күн; қонақтар,Біз әдепті баламыз,Қайырлы күн;ұстазым, Біз көңілді боламыз.Ой қозғау : - Балалар қазір жылдың қай мезгілі ?- қыс.- Ол үшін мен сендерге өткен тақырыптар бойынша сұрақтар қоямын, сұраққа дұрыс жауап берсеңдер, гүл күлтелері өз орнына орналасады.1) Мақта қай облыста өндіріледі?2) Жіптің қандай түрлерін білесіңдер?3) Жіпті неден иіреді?4) Иіру машиналарында қызмет ететін адамды қалай атайды?5) Шұлық болып шыққанша,Бауырсақ боп домалайды (жіп)- Қандай сөз шықты?- Түйме-шашақ- Балалар, түймешашақ дегеніміз не?КіріспеТүймешашақты бұрын ата-бабаларымыз киіз үй жабдығына пайдаланған. Көшіп қонуға ыңғайлы киіз үйдің жасау – жабдықтары негізінен мал жүнінен, терісінен, сүйегінен жасалған. Қазақтың киіз үйі мынадай киізден жасалған жабдықтардан : киіз үйді жерден бастап, уықтарға дейін жабатын туырлықтан , уықтан шаңыраққа дейін жабатын үзіктен, шаңырақты жабатын түндіктен тұрады. Туырлықтың ішкі жоғарғы басы, туырлық басқұрдың төмен түсіп тұратын өрнекті шашақты жолақтары- шашақ бау киіз үй ішін әрлендіріп, безендіре түседі. - Ал қазір түйме-шашақты қандай мақсатта пайдаланамыз?- Түймешашақты киімге, киім ысырмасына, тоқыма, қалпақ , сәбилердің киімдерін әсемдеу үшін пайдаланамыз.- Енді балалар біз жіптен түйме-шашақты жасауға кірісейік.Топқа бөлуІ топ - балалар киімін түйме-шашақпен әсемдеу.ІІ топ- киіз үй жасауы, түс киізді түйме-шашақпен безендіруЖұмысқа кіріспес бұрын қайшымен жұмыс істеу қауіпсіздік ережесін еске түсірейік : 1) Қағазды қиған кезде қайшымен емес қағаз парағын жылжыт.сол қолыңның саусақтарына абай бол.2) Қайшының ұшын жоғары қаратып ұстама.3) Қайшыны біреуге берерде жабық күйінде бер.4) Қайшының сол жағын оны беретін адамға қаратып ұста.5) Жұмыс біткен соң қайшыны арнаулы қорапшаға салып қой.Сарамандық жұмысТүймешашақтың жасалу жолын түсіндіру, көрсету.Оқушылардың өз бетінше жұмысы.Мұғалімнің балаларды қадағалауы.Сергіту сәтіМен неге өйттім?Кім айтар себебін?Шаршадым: -Уһ! дедімРенжідім :-Туһ! дедімҚорықтым :-Ой! дедімӨкіндім:-Ах! дедімШарасыз:-Ех! дедімТаңырқап:-О! дедімКейідім:-И! дедімБіліп ап:-Е! дедімЖасаған жұмыстарын тақтадағы кілемшеге ілу, өздеріне бағалату.Сабақты қорытындылауРебус шешу(Еңбек-бәрін жеңбек)Оқушылардан еңбек туралы мақал-мәтел сұрауБекіту сұрақтары: Не жасап үйрендік?Қай жерде қиыншылықтар кездесті?Түйме-шашақ не үшін керек?БағалауҮйге тапсырма: Інің мен сіңлі-қарындасыңның заттарын түйме-шашақпен әшекейле!