Саба? жоспары математика п?нінен 5 санын ?осу, азайту (2-сынып)
Математика
(2-сынып)Тақырыбы: 5 санын қосу және азайту.Мақсаты: 1)Екі амалдан тұратын өрнектермен және басқадай тапсырма-лармен байланысты есептеулерде 5санын кестелік қосу мен азайтуды қолдану; Ондықтан аттайтын жағдайларда 5санын қосу және азайту ерекшеліктері туралы қорытынды жасау; Топта 1,2,3,4,5 сандарын кестелік қосу мен азайту дағдыларын бекіту.2)Ойындар мен түрлі 5 санына байланысты ізденіс жұмыстары арқылы ойлау қабілеттерін дамыту.3)Топтық жұмыстар, шығармашылық тапсырмаларды орындауда, бір-бірімен татулықта, достықта жұмыс істеу білуге, бір-біріне көмектесе білуге баулу, шапшаңдыққа тәрбиелеу.Көрнекілігі және жабдығы: суреттер, тапсырмалар, гүлдер, сызбалар, оқулық, гном (мыртық бала), қағаздар, қарындаштарСабақ түрі: (жаңа сабақ) араласСабақта қолданылатын әдістер:түсіндіру, салыстыру, болжау, іздену, сұрақ-жауап, толықтыруСабақ барысы:
І. ұйымдастыру кезеңі «психологиялық дайындық» Қағаз бен кнопканы салыстыр. Олар неге қажет? (бала пікірін тыңдау)1.Қағазды бүктеу арқылы біргелікте «гном (мыртық бала)» жасау.Қандай фигурадан жасадық? (шаршы) Шаршының неше бұрышы бар? (төрт бұрышы бар) Қандай фигура шықты?(бесбұрыш)2.Сан қатары берілген:5 10 15 20 25 30…………Неге назар аударылған?*Айырмасының мәні 10-ға тең болатын.15-5 20-10 25-15 30-20Қандай заңдылыққа сүйеніп айтылды? Сандарды жалғастырыңдар.(35,40,45) Енді сандар жұбын атаңдар (35-25 40-30 45-35)Сергіту сәті. «Он саусақ»*Ауызша есептеулер.1.Көлден ұшты жеті қаз, 2.Жаңа ғана шалғында,Қайтып қонды екі қаз, Алты бұзау жүр еді.Қонбады оның нешеуі? Әлде шаршап қалды ма,Кәне, кім тез шешеді? (7-2=5) Жатып қапты біреуі.Нешеуі енді жайылып,Айт, жүргенін айырып? (6-1=5)Қазіргі есептеулер де 5 саны туралы екен. Ендеше 5 саны жөнінде не білеміз?Қауымдастық құрайық.5 баға бесбұрыш 5тең 5 алып 5тұлпар 5арыс
5қару 5бақыт
5жігіт 5жетім 5тас 5саусақ 5дұшпан 5асыл бес саусақБалалар өз ізденістерін ортаға салады, әр 5 санына байланысты тамаша сөздерді мәнерлеп айтады. Иә балалар, қазақ халқында киелі сандар өте көп. 3,4,5,7,9,12,30,тб Ендеше сөз кезегі өздеріңе.5 алып1.Балуан Шолақ (шын аты Нұрмағамбет Баймурзин) -палуан,әнші-сазгер.2.Қажымұқан палуан (Қажымұқан Мұңайтпасов) қазақ халқындүние жүзіне танытқан палуан. 3.Бұланбай палуан4.Қазақбай қажы палуан5.Қасымхан палуан5 тұлпар(ер қанаты болған бес тұлпар)1.Қара ат 2.Керкекіл 3.Тайбурыл 4.Көкдөнен 5.Ардакүрең5 тең1.Әкеден алған ақылыңДаңғыл қара жолмен тең.2.Ағайының көп болса,Сапта тұрған қолмен тең.3.Жақсы болса ағаңыз,Асқар асу белмен тең.4.Елгезек болса ініңіз,Ерттеулі атпен тең.5.Көпті көрген қартыңыз,Жазылған шежіре хатпен тең.
5 қару: мылтық,садақ, найза, қылыш, айбалта.5 бақыт1.Астыңдағы атың жүрдек болса,Жалғанның пырағы.2.Алған жарың жақсы болса,Үй-ішің мен достарыңның тұрағы.3.Әкең асқар тау.4.Шешең қайнар бұлақ.5.Балаң жақсы болса,Екі көзіңнің шырағы.5 жігіт1.данышпан жігіт 2.арыстан жігіт 3.түз жігіт 4.қыз жігіт5.айналып соғар із жігіт5 жетім1.Иен қалған жер жетім,2.Басшысыз қалған ел жетім.3.Аққу-қазсыз көл жетім.4.Тыңдалмаған сөз жетім.5.Іздемесе қыз жетім.5 дұшпанӨсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ5 асылТалап, еңбек, терең ой, қанағат ету, рақым жасау5 саусақБасбармақ, балалы үйрек, ортан терек, шылдыршүмек, кішкене бөбекБес тасБестас-көбінесе қыздар ойнайтын ұлттық ойын. Ол үшін домалақ, ұстауға ыңғайлы бес тас, отырып ойнауға ыңғайлы тегіс жер керек. Ойын бірнеше сатыдан тұрады. «Бірлік», «екілік», «үштік», «төрт-тік», «алақан», «төртбұрыш», «арттан тастау» -деген сатылары бар.Ойын сатыларын ойнай алмаған ойыншы сол сатысында тоқтайды. Ойынды келесі кезектегі ойыншы жалғастырады.
«Бес саусақ» (санамақ)Бас бармағым, Сұқ саусағым,Бақташы бол! Сауыншы бол!Қырағы көз, ӨнеріңеСақ малшы бол! Табынсын ел!Ортаң қолым, Аты жоғым,Орманшы бол! Аспазшы бол!Күллі орманға Өз қолыңнанҚорғаншы бол! Дәм татсын ел!Шынашағым,Бақшашы бол!ЖемісіңдіМақтасын ел.Сабақтың мақсаты мен міндеті таныстырылады. Сынып 5 топқа бөлінеді.І-топ «УАҚЫТ»ІІ-топ «ӨРНЕК»ІІІ-топ «ФИГУРА»ІV-топ «ТАҢБА»V-топ «САНДАР» әр топтың басшысы болады, жауап парағына өз тобының сабаққа қатысқан балаларын белгілеп отырады.5 санын қосу мен азайту.5 санын қосу кестесін есімізге түсіреміз. ±5, қандай санмен 5-тің қосынды-сы бір таңбалы сан болады? (0+5, 1+5, 2+5, 3+5, 4+5),ал қандай санмен қосындысы ең кіші екі таңбалы сан болады? (5+5)Ал, ондықтан аттайтын жағдайларда не істейміз?6+5=(6+4)+1=11 11-5=(11-1)-4=6 әрі қарай өздері түсіндіре отырып шешеді. Дәптерге осы тапсырмаларды жазып отырады.7+5=(… 12-5=(….8+5=(…… 13-5=(….9+5=(… 14-5=(….5+6=(… 11-6=(…5+7=(… 12-7=(…Сергіту сәті. «Табиғат»Күндей болып күлеміз,Гүлдей болып өсеміз.Құстай болып ұшамыз.Көбелектей қонамыз.Кітаппен жұмыс. Сөз есепті оқимыз. Не белгілі, не белгісіз? Талдап болып, қысқа шартын түземіз.Әңгіме -6күнЖыр-? 5күн ұзақШ: 6+5=11 (күн)Ж: Жырды 11күн оқыған.Қыз бала -24? бала келгенҰл бала-? 4-еуі кемШ: 24+(24-4) = 44 (бала)Ж: 44 бала келген.**Логикалық тапсырма7+4= 11-4=17+4= 21-4=27+4= 31-4=Қандай заңдылыққа сүйеніп жазылған? (ондықтары әртүрлі, бірліктері бірдей, 7 –ден құралған)Өздеріне құрастырту. Яғни, өздік жұмыс.7+5= 12-5=17+5= 22-5=27+5= 32-5=Өздері жұппен тесереді.Сергіту сәті. Мына менің жүрегім,Бәрі осыдан басталған.Мынау менің басым,Бәрін осы басқарған.Мынау менің оң қолым,Мынау менің сол қолым,Барлық істі атқарған.Ойын: «Гүлдерді әшекейле!!»
Ортасына жазылған сан, қандай екі санның қосындысынан тұрады, санның құрамын тауып, әр топ балалары бір-бір өрнек құрап әр гүл күлтешесіне жазады.Қорытындылау. ***Бақылау тесті1.Машина-24-?Комбайн-20
А) 4 С)34
В)44 Д )14
2.Қосындының мәні 15-ке тең өрнекті тап.
А)8+4 В)9+5
С)11-2 Д)7+8
3.х=5 мәніне сәйкес келетін теңдеуді тап.
А)12-х=6 С)х-9=5
В)х+7=12 Д)8+х=14
4.Қай екі таңбалы саннан мәні 4 болу үшін 8-ді азайтуға болады?
А)4 С)14В)10 Д)12
5. 1 тәулікте неше сағат бар?
А)24сағ С)20сағ
В)21сағ Д)22сағ
Жауаптары:№ 1 2 3 4 5АВ
С
Д
Әр топ басшылары өз тобының жетістігі туралы әңгімелейді.БағалауҮйге тапсырма: №3тапсырма. (жақшалы өрнек құрау) 78-бет