?аза? тілі 4-сынып та?ырыбы: Зат есімні? жіктелуі


Зат есімнің жіктелуі
Павлодар облысы, Ертіс ауданы, Ынтымақ ауылы Ынтымақ негізгі жалпы білім беру мектебі Бастауыш сынып мұғалімі, Абайльдинова А.К. Қазақ тілі 4-сынып Тақырыбы: Зат есімнің жіктелуі Жалпы мақсаты: жіктік жалғауы туралы түсінік беру, жіктік жалғауының да тәуелдік жалғауы сияқты үш жағы барын айтып, әрқайсысының өздеріне тән арнайы қосымшаларын таныту. Оқыту нәтижелері: Зат есімнің сөйлемде баяндауыш болғанда, оған І,ІІ жақта жіктік жалғау жалғанатынын және жіктік жалғаулар баяндауыштың қай жақ екеніне байланысты жекеше, көпше түрде жалғанатынын біледі. Оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер: «Түймедақ»,«Аялдама»,«Ойлан-жұптас-бөліс»,«Ұшақ» . Негізгі дереккөздер, құрал-жабдықтар: АКТ, суреттер, маркер, стикер,ұшақ. Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі Психологиялық дайындық Білу. «Жақсы сөз-жарым ырыс» дегендей бір –бірімізіге жақсы сөздер айтайық. Стикер түстері арқылы топқа бөлу.Үйге берілген тапсырманы «Түймедақ» әдісі арқылы сұрау.
Атау септік ... Ілік септік... Барыс септік... Табыс септік... Жатыс септік... Шығыс септік... Көмектес септік...
Түсіну.Сабақтың табыс критерийін оқушылармен бірге анықтау. Ережені талқылау. «Аялдама»
Мен оқушы + Біз оқушы+ Сен оқушы + Сендер оқушы + Ол оқушы Олар оқушы +
Талдау. Қолдану.
«Белсенді әріптер» Әр топқа түрлі әріптер көрсетіледі. Берілген уақыт ішінде сөз ойлап жарысады. Құастырған сөздер зат есім болуы керек және құрастырған сөздерді жіктеп талдайды.
М- Ә- О- Ұ-
Сергіту сәті: Алма, өрік, шие ...,
Жинақтау. «Ойлан-жұптас- бөліс» Өлеңді жатқа жазу, жіктелген зат есімді тауып қай жақта тұрғанын анықтайды.
Бағалау. «Ұшақ» әдісі Сұрақтар қойып, жауабы бойынша бір-бірін бағалайды. Кері байланыс -Бүгін сабақта басың арқылы нені меңгердің? -Бүгінгі сабақта қолың арқылы нені жасай алдың? –Бүгін сабақта жүрегің арқылы нені сезіндің? Үй тапсырма беру.