Зат есімні? жіктелуі
Бекітемін:ДОЖО
Пәні: Қазақ тілі Сыныбы 7 Күні: 3.10.2016. Мұғалімі: Жексенова А.
Сабақ тақырыбы Зат есімнің жіктелуі
Сабақтың мақсаты 1.Зат есімнің жалғаулары туралы білімді дамыту, грамматикалық сауаттылығын көтеру;
2. «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясын насихаттау;
3.Топпен бірлікте жұмыс жасауға дағдысын қалыптастыру
Оқу нәтижесі Сөйлеу тілдері жетіледі, тапсырмалар орындау арқылы ойлау қабілеттерін дамиды; сөз құрамын айыра алады.
Негізгі идеялар Байланыстыра сөйлеуге үйренеді, ұлттық идеялар мен ұғымдарды тани түседі.
Әдіс-тәсілдер топтастыру, сұрақ-жауап, топтық жұмыстар, ақпараттық - коммуникативтік технология, СТО технологиясының стратегиялары.
Дереккөздер плакаттар, үлестірмелі қағаздар, слаидтар , бейнекөрініс, үнтаспа
Сабақ кезеңдері Мұғалім әрекеті
Оқушы әрекеті Бағалау
Қызығушылы-ғын ояту
Ұйымдастыру
кезеңі
2 мин
психологиялық дайындық Қайырлы күн, менің жаңа достарым!
Дайынбыз ба бәріміз?!
Олай болса, тіл сабағын бастадым.
Бір сынып - бір ел – мақсат пенен мүдде ортақ,
Бекітелік , ендеше, еліміздің заңдарын.
Бүгінгі сабағымыздың бес ережесін белгілеп алалық, бабалар. Белгілі бес ереже
1.Бірін-бірі тыңдау
2.Уақытқа бағыну
3. Барлық пікір құнды
4. 5.
(Барлығы ұсынады)
Тақтаға ілінеді- ұжым келісімімен бекітіледі. Бәрекелді!
Сабақ мақсатын қою
5минут Қазақ халқы өмірлік танымы терең, айнала дүниенің қастер-қасиетін кең талдап, көп қадірлеген халықпыз. Халқымыз қандай сандарды қасиетті санаған?
Ең маңызды тоғыздық
1-? 2-? 3-? 4-? 5-? 6-? 7- ? 8-? 9-? (2 слаид)
Қазақ тілінің лексикасындағы барлық сөздер осы тоғыздыққа кіреді.
Зат есімдер жазылады.Тақтаға назар аудартамын.
Берілген сөздер қандай сөз табына жатады? (3 слаид)
Кестеде артық сөз бар ма?
Кестедегі зат есім сөздерді мағынасына қарай қандай негізгі екі топқа бөлуге болады?
Дерексіз зат есімдер нешеу екен?
1.Сөз таптарын атайды.
Сенім, болашақ, ата-ана, қарлығаш, білезік, үміт, сексен
Деректі, дерексіз топқа бөледі Жетондар беру
Топқа бөлу 3 топқа бөліне қоялық Дерексіз зат есім сөздердің боялған түсіне қарай топ аттарын қояды. Сабақтың жоспарын хабарлау Біз бүгін сыныбымызды бір Елміз деп алдық. Еліміз бүгін телебағдарламалармен жұмыс жасайтын болады. Қазақстанның бірінші телеарнасы «Қазақстан» бағдарламаларымен жұмыс істейтін боламыз.
«Жайдарман» ойындары
Kazneus «Бетпе-бет»
«Білімділер» сайысы «Айтуға оңай» «Айтуға оңай» (бағдарламаның түрлерін көп атаған оқушыға жұлдызша беремін.
Білу
«Жайдарман» ойыны 1.Таныстыру
2.Еске түсіру-Қазақ тілінде неше жалғау бар?
Зат есімнің жалғауларын әр топқа ұсынамын, өздері таңдап алады.Жұлдызша алған оқушының тобы бірінші таңдайды. 1.Топтар өздерін таныстырады. Басшы, бағалаушы
2.Зат есімнің жалғауларын ауызша қорғайды. Бас бармақ, жетондар
ІІ. Мағынаны тану
Түсіну
Kaznews Жаңа ақпаратқа кіріспе.
Сен үйде кімсің?
Сен мектепте кімсің?
Сен болашақта кімсің?
Оқулықпен жұмыс.
Зат есімнің жіктелуі
5-слайд ұсынамын.
Берілген мысалдарға талдау жасай отырып, ережелерді қорыту, сыныпқа хабарлау. Сұрақтарға жауапты тақтаға жазады.
Оқулықтан танысады.
1-топ. Мен, сен, сіз ол, біз-қай сөз табына жататын сөздер?
2-топ. Ұшқыш, Өзен, сиыр, оқушы
3-топ. Шамдансам жығар асаумын... жетондар
Қолдану
«Бетпе-бет» Оқулықта берілген тапсырмаларды дәптерде, тақтада орындау. Берілген сөздердің,жіктелетінін, жіктелмейтінін ажырату, тақтада жіктеу. Талдау
«Білгірлер» сайысы
Қазақ тілі өте бай тіл, балалар. Бай тіл ұлтымыздың көркем әдебиетінде керемет кестеленген. Мысалы «Абай жолы» роман эпопеясында 16 983 сөз қолданған екен. 34-жаттығуды ұсыну. Аудио тыңдау – 6-7 слаид
1.Қарамен жазылған сөздердің мағынасын тану
2. Сөйлемдегі сөздерді құрамына талдау
3. Мәтінде жіктеліп тұрған зат есімді табу Сөздік жұмысы
Сырмақ, текемет, сұлтан, тайжүзген саба, піспек, шара, сабадар
1. Ел жақсылары төрге жайғасты.
2. Екі жігіт сабаны пісті.
3. Сабадар қымызды сұлтанға ұсынды.
Жетондар арқылы бағалап, жүлдегерді анықтау
ІІІ. Рефлексия Жинақтау
«Айтуға оңай» Әр топ топ аттарын түрлендіру-жіктеу
Ескерту Болашағ-ы-мын
Сенім-і-сің
Үміт-і-міз. Ойтолғау жазу
Мен -елімнің болашағымын.
Мен- елімнің келешекке сенімімін.
Мен-елімнің ертеңге үмітімін. Бас бармақ,
жетондар
Ақпаратты бағалау Жіктеу есімдігінің ерекшеліктері туралы айтайық.
Қандай жаңа сөз немесе ақпараттар үйрендік. Кез-келген зат есім жіктелмейді.
Сабадар деген сөз Сабақты бағалау Топты бағалау
№ Аты-жөні Сұрақтарға жауап талдау Шығармашылық жұмысы Қорытынды баға
Критерий-
3 жауап – «5»
2 жауап – «4»
1 жауап –« 3»
Үйге тапсырмасы Оқулықтағы сұрақтарға жауап дайындау
Семантикалық кесте
Р/с Түрлері Мысалдар Тәуелдік жалғауы
І жақ Ілік септік Барыс септік Табыс септік Жатыс септік Шығыс септік Тәуелдік жалғауы
ІІ жақ Көптік жалғау Көмектес септік
1 Сұңқардан 2 Дидарың 3 Мәтінді 4 Оқушылар 5 Кітаптың 6 Көлікпен 7 Балам 7 Мектепте 8 Кітаптан 9 Айтысқа Жіктік жалғау зат есімнің бәріне жаппай жалғана бермейді. Лексикалық мағынасы адамға (адамның есімі, мамандыққа) қатысты зат есімдер жіктеледі (мен мұғаліммін, ол дәрігер, сіздер ақынсыздар, біз адамбыз, т. б.). Ал жер - су (тау, төбе, өзен), жануарларға (түйе, аю, түлкі, елік, т. б.) қатысты зат атауларына жіктік жалғауды жаппай жалғай алмаймыз. Алайда шешен де шырайлы ана тіліміздегі көркем әдебиетке қатысты (сөз шеберінің қолдануына сәйкес) кейбір нәрселер мен құбылыстар (жел, қайың, қағаз, кітап т. с. с.) жан - жануар атаулары адамның әр алуан қасиеттерін бейнелеу мақсатында ауыспалы мәнде қолданылған жағдайда жіктік жалғауын қабылдайды.
Сен алтынсың, мен пұлмын,
Сен жібексің, мен жүнмін,
Сен сұлтансың, мен құлмын,
Сен сұңқарсың, мен қумын,
Жемсауыңа келгенде,
Сұлтан ием, сом жүрегім аяман!
(Шалкиіз жырау)
Көптік жалғауСептік жалғау
Тәуелдік жалғаусұлтан, шара, текше
Сырмақ, тайжүзген саба
текемет, піспек, сабадар
Білгірлер бәйгесі
Мен елімнің болашағымын.
Мен елімнің келешекке сенімімін.
Мен елімнің ертеңге үмітімін.
№ Аты-жөні Сұрақтарға жауап талдау Шығармашылық жұмысы Қорытынды баға
№ Аты-жөні Сұрақтарға жауап талдау Шығармашылық жұмысы Қорытынды баға
Аудандық қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің семинары
7-сынып
Тақырыбы:
Өткізген:
С. Жаңғабылов атындағы орта мектептің мұғалімі
Жексенова А. Т.
Онды орта мектебі
2016-2017 оқу жылы