Разработка урока по казахскому языку на тему Электронды пошта.Салыстырмалы шырайды ?айталау
Тақырып: Электронды пошта. Салыстырмалы шырайды қайталау.
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Электронды пошта туралы түсінік беріп, меңгерту, салыстырмалы шырайды қайталау. Дамытушылық: Оқушылардың ой – өрістерін, сөйлеу мәдениетін дамытып, сөздік қорларын толықтыру. Тәрбиелік: қоршаған ортасына сыйластықпен қарауға тәрбиелеу. Сабақтың түрі : дәстүрлі сабақ Сабақтың әдісі : түсіндіру, сұрақ – жауап,талдау Сабақтың көрнекілігі : тірек сызба,үлестірмелі кеспе қағаздар Пәнаралық байланыс : орыс тілі Сабақтың барысы : Ұйымдастыру кезеңі : Сәлемдесу.Тілдік жаттығу. Үй тапсырмасын тексеру. . Сын есімнің неше шырайы бар? Қандай? Салыстырмалы шырай дегеніміз не? Салыстырмалы шырайдың қандай жұрнақтары бар? Мысал келтіріңдер. Мәтінмен жұмыс: Электронды пошта Жаңа сөздермен жұмыс: сөздікке көшіріп жазу, сөз тіркестерін құрастыру. Мәтінді оқу,аудару, деңгейлік тапсырмалармен жұмыс жасау. 3 деңгей 1. Мәтін бойынша берілген сөйлемдерді аяқтау. Электронды пошта 1965 жылы ... . Электронды поштаның ең елеулі ерекшелігі ... . Электронды пошта хаттан басқа ... . Электронды поштамен жұмыс істеуге арналған танымал бағдарламалар ... . 2. қызметкерлер, бағдарлама сөздерімен сөйлем құрастыру 2 деңгей №2 Сөйлесуді рөлмен оқып, аудару. №3Сұрақтарға жазбаша жауап беру 1 деңгей 1. №4 Берілген тірек сызбалар арқылы электронды поштада хаттарды өзірлеу, жөнелту және қабылдап алу мүмкіндіктерін айтып беру. 2. Мәтіннен сын есімдерді көшіріп жазып, салыстырмалы шырай жасау.
Қорытынды: Балалар, бүгін қандай тақырып болды? Сабақта қандай жұмыстарды орындадық? Не білдік?
Бағалау: сабаққа белсене қатысқан оқушыларға баға қою.
Үй тапсырмасы: 246 б, ауызша мазмұндап айту.