Тола?ай отбасылар сайысы МАД
«Толағай» отбасылар сайысы
Шарауова Гулмира
Мақсаты : мектеп жасына дейінгі балалардың спорт туралы білімдерін кеңейту , қызығушылықтарын және бір-бірімен қарым – қатынасын арттырып , достыққа баулу .
Ата-аналардың балабақшамен тығыз байланысын дұрыс жолға қою және ойындарға олардың белсене қатысып , ынтымақтаса жүргізілген жұмыстың нәтижелі болатындығына көз жеткізу.
Эстафеталық жарыс басталар алдында еліміздің гимні орындалады.
Жүргізші :Құрметті , балалар , ата-аналар , ұстаздар сіздерді бүгінгі отбасы күні мерекесімен құттықтаймыз . Сіздерге зор денсаулық , отбасыларыңызға амандық жұмыстарыңызға шығармашылық табыс тілейміз. Отбасы күніне орай мектепалды даярлық тобы және ата-аналардың қатысуымен ұйымдастырылып отырған «Толағай» отбасылық сайысымызды бастаймыз.
Жарыстарда озатын ,
Бәрінен алда болатын .
Болашаққа бүгіннен ,
Құлшына қол созатын ,
«Болашақ» тобын шақырамыз.
Кімдер күшті , кім алып ,
Күш сынасып бағалық.
Доп тебісіп жүгіріп
Қарсыласты жығатын .
«Тату» тобын шақырамыз.
Құлпырған дала гүліндей
Жүретін ылғи күлімдеп.
Сайыстарда ылғи да,
Жүре берсін сүрінбей,- деп
«Тұлпар» тобын ортаға шақырамыз.
Өнер қуған жасынан ,
Өнері судай тасыған
Келесі біздің жанұя,
Көрінген көштің басынан.
«Үміт» тобын шақырамыз .
Кімдер күшті , кім алып ,
Әділқазы көріңіз
Қара қылды қақ жарып ,
Әділ баға беріңіз- деп әділқазылармен таныстырып өтейік .
Құлпырған еліміздің ұл –қызымыз,
Әзірге маңдайдағы құндызымыз.
Арасын жермен көктің жалғайтұғын
Ертеңгі жарқыраған жұлдызымыз.
Директордың бастауыш сыныптар жөніндегі орынбасарына сөз кезегін береміз.
Енді сайыс бөлімдерімен таныс болыңыздар:
1-кезең : «Жүйрік ат»
2-кезең : «Кім жүйрік?»
3-кезең : «Кім жылдам?»
4-кезең: «Жаңа орын»
5-кезең: «Шеңбер»
Бүгінгі жарысымызды бастаймыз.
1-кезең: «Жүйрік ат» эстафетасы қапты киіп жүгіріп келу .
Әрбір жанұя мына алдарында тұрған қапты киіп , берілген жерден айналып келіп , келесі адамға табыстайды. Ойын осылай жалғасады .
2-кезең: «Кім жүйрік?»эстафетасы кедергілердің арасынан допты ұрып өтіп , есеп шығарып , қайтадан кедергілердің арасымен допты ұрып келу. Әрбір жанұя допты жерге ұру арқылы кедергілерден өтіп допты ұрып жүгіріп келеді.
3-кезең: «Кім жылдам?» эстафетасы өз ептілігін , шапшаңдығын танытып жіппен секіру арқылы жарысу .
4-кезең : «Жаңа орын»эстафетасы ата-аналар екі қолын айқастырып,баласын қолына отырғызып , жүгіріп келу.
5-кезең: «Шеңбер» . Әкесі шеңберді киіп алып жүгіріп келіп, анасын шеңберге кіргізіп , қайтадан жүгіріп келіп баласын кіргізіп жүгіріп келу .
Білім , ой мен арымыз ,
Рухани нәріміз.
Сайыскерлер сіздерге
Қол соғамыз бәріміз.
Келесі сөз кезегін әділқазы мүшелеріне береміз.
Сайысқа қатысқандарыңызға рахмет!
Сау болыңыздар!