Тола?ай отбасылар сайысы сыныптан тыс ж?мысы


«Қостанай ауданы әкімдігі білім бөлімінің
Жамбыл орта мектебі» ММ
Тақырыбы:
«Толағай»
отбасылар сайысы
Дайындаған: Жусупова Ш.С.
2014 - 2015 оқу жылы
Тақырыбы: «Толағай» отбасылар сайысыМақсаты: Салауатты өмір салтын қалыптастыру, ата - анамен бала арасында спорт мәдениетін кең тарату. Оқушыларды және ата - аналарды сұлу да сымбатты, денсаулығы зор, күшті болу үшін денені шынықтыру, оларға спортпен айналысудың қажет екендігін түсіндіру.Өтілетін орны: Спорт залыҚұрал-жабдықтар: доптар, кеглилер, түрлі-түсті шариктер, кітаптар.
секіртпелер, уақыт өлшеуіш.
Барысы:
Жүргізуші: Құрметті ұстаздар, ата - аналар және оқушылар! Бүгінгі «Толағай» отбасылар сайысына қош келдіңіздер!Шынықсаң шымыр боласың,Сауығып айдай толасың.Спортты серік ете біл,Жақсы азамат боласың.Жеңімпаз болу оңай ма,Арман болған талайға?Болмасаң да ұқсап бақ,Жарысқа түсіп қалайда.«Толағай» отбасылар сайысы – еліміздегі отбасылардың ат салысуымен өтетін тәрбиелік маңызы зор ойын - сауықты бағдарлама. Осындай бағдарлама бүгінде біздің мектебімізде 2 А а сынып оқушылары мен белсенді ата - аналарымыздың арасында өткізгелі отырмыз. 10 отбасы қатысады, соның біреуі ғана жеңімпаз болады.Әр таңды бақытпенен аттырамызӨнерді ой көгінде бақылаңыз,Сайысқа қатысуға енді ортаға«Толағайға» қатысатынОтбасыларын шақырамыз. (әр отбасы орнына  келіп  тұрып, тобын  таныстырады)
Ал, құрметті халайық!Жарысты енді көріңдерӘділ қазы алқасыӘділ баға беріңдер!Сайысты бастамас бұрын, сайысымызға әділ баға беретін әділқазылар алқасымен таныстырайық.
Спорттық сайысымыз 5 балдық жүйемен бағаланады.Тәлімді тәрбие отбасынан бастау алса, дені сау ұрпақ – ұлт болашағы болмақ. Сондықтан, бала өмірінде салауатты өмір салтын қалыптастыруда әке мен ананың рөлі орасаң зор. Спорт - денсаулық кепілі десек, «Толағай» отбасылар сайысы отбасылық тәрбие мен салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында ұйымдастырылып отыр.Бүгінгі сайыстың бағдарламасы 8 кезеңнен тұрады.Жоспар:
1. Теңбіл доп
2. Қақпашы
3. Тасымақ
4. «Картобыңды егіп кел де, жинап ал» ойыны.
5. «Паровоз» ойыны..
6. Кім көп секіреді?
7. «Білімді кенгуру» жарысы.
8. «Кім тез жеткізеді?» жарысы
1- кезең: «Теңбіл доп»Шарты: белгіленген межеге ортада құрылған фишкалардың арасымен өтіп жүгіріп барып келуі керек. Ойын кезінде фишкаларды құлатпау, тапсырманы толық орындау шарт.1.Допты аяқпен теуіп жүгіру.
2 - кезең: «Қақпашы»Шарты: Бұл ойында топтың бір мүшесі топтарына қарама - қарсы 5 метр жерге барып қолына шелек ұстап тұрады. Қалған ойыншылар біртіндеп добты лақтырады. Шелек ұстаған ойыншы лақтырған доптықолындағы шелекпен қағып алуы керек.
3 - кезең: «Тасымақ»Шарты: Бұл ойында әр топ екі ойыншыдан жұптасып арқаларын түйістіреді де орталарына доп қыстырып алып жүгіреді. Белгі бойынша ойынды бастап белгіленген межеге ортада құрылған фишкалардың арасымен өтіп жүріп барып келуі керек. Ойын кезінде фишкаларды құлатпау, тапсырманы толық орындау шарт.
4 - кезең: «Картобыңды егіп кел де, жинап ал» ойыны.
Шарты: Команда капитанының қолындағы дорбада картоптар бар. Жүргіңзушінің белгісі бойынша сол картоптарды бір-бірден шеңберге орналастыру қажет. Орналастырып болғасын жүгіріп келіп, дорбаны екіншіге береді. Ол картопты жинап шығады да үшіншіге береді, ол орналастырып шығады. Сөйтіп, біреуі егіп келсе, екіншісі жинап алады.
5 - кезең: «Паровоз»
Бірінші топ капитаны шеңберді айналып шығады. Содан кейін екінші қатысушымен бірге айналады. Ойын былай жалғаса береді. Қай топ оқушылары тапсырманы тез орындаса, сол топ жеңеді.
6 - кезең: «Кім көп секіреді?»Шарты: Анасы скакалканы екі жақтан ұстап, секіреді. 7 - кезең: «Білімді кенгуру»Шарты: Ата - анасы, баласы кезекпен допты тізеге қысып жасалған кедергілерден секіріп барып, математикалық бір - бір есепті шығару керек.
8 - кезең:«Кім тез жеткізеді?» жарысы.
Балалар бастарына кітапты қойып, тепе-теңдікті сақтауға тырысады. Шеңберді айналып шығып, жүгіріп оралады. Балалар бұл сайысты кезектесіп жарысады.
Жүргізуші:
-Жарайсындар, балалар және ата аналар! Сендер барлық жарыс түрлеріне барлығыңыз қатыстыңдар.
-Адам денсаулығы-қоғам байлығы. Әрбір адам өз денсаулығының мықты болу жолдарын қарастыру қажет. Дені сау адамның көңіл-күйі көтеріңкі болып, еңбекке құлшынысы артады. Балалар денсаулық дегенді қалай түсінесіңдер?
Қазылар алқасы ойынның қорытындысын шығарады.
Жеңімпаздарды марапаттау. Командаларды мақтау қағазымен марапатталады.