?ыш?ылдар 8-сынып?а арнал?ан химиядан саба? жоспары


Тақырыбы: Қышқылдардың жіктелуі, алынуы, химиялық қасиеттері мен қолданылуы.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Қышкылдардың физикалық, химиялық қасиеттері, алынуы және қолданылуы туралы түсінік беріп, білімділік және біліктілік дағдыларын қалыптастыру.
Дамытушылық: ойлау қабілеттерін, танымын, пәнге қызығушылығын арттыру;
Тәрбиелік: Оқушыларды ізденімпаздыққа, топпен және жеке жұмыс істей білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Дәстүрлі
Сабақтың көрнекілігі: слайд, кеспе қағаздары, периодтық кестеӘдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, есептер шығару.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру
Оқушылармен амандасу. 5Т ережесі
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
а) Оксидтер,алынуы және қасиеттері
б)Түзу ме, қиғаш па?
НСІ Ғе(ОН)3 СаО
Са SO4 СО2 НҒ
ҒеО Na 3PO4 Zn(OH)2
NH3 Al2O3 CH4
H2SO4 MgO Н2S
Ғе(OH)3 NO AgCl
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру
Қышқылдар дегеніміз- сутек атомы мен қышқыл қалдығынан тұратын қосылыстар.
Мысалы: HCL , H2SO4 , HNO3


Қышқылдардың жіктелуі
1. Оттегі атомына байланысты:

Оттекті
HNO3 ,H2SO4
H2CO3,H3PO4
Оттексіз HF,HCL, HBR,HI H2S
2. Сутегі атомына байланысты.

Бір негізді Екі негізді Үш негізді
HCl H2S H3PO4 HNO3 H2SO4
Қышқылдардың физикалық қасиеттері
Қышқылдар- суда жақсы ериді, қышқылтым дәмі бар, күйдіргіш, қышқыл әсерінен лакмус қызарады, метилоранж қызғылт түске боялады.
Алынуы:

Химиялық қасиеттері:
1.Металдардың кернеу қатарында сутекке дейінгі орналасқан металдар
қышқылдармен әрекеттесіп сутек газын бөліп шығарады.
Li , K, Ca, Na, Mg, AI, Zn, Fe (H) Cu, Hg, Ag , Au.
Са+2НСL →СаСL2+Н2
2.Негіздік оксидтер мен әрекеттеседі.
ҒеО+2НСL → ҒеСL2+Н2О
3. Қышқылдар негіздермен әрекеттеседі.
NaОН+ НNO3 → Na NO3 +Н 2О
4. Қышқылдар тұздармен алмасу реакциясына түседі.
Na 2СO3 +2НСL→ 2NaСL+ Н2О +СO2 ↑

Химиялық күюде көрсетілетін алғашқы көмек:
Концентрлі қышқылдар қол немесе бет терісіне тиген кезде ең алдымен кран астындағы судың ағынына 10-15 минут ұстау керек, содан соң 3% ас содасының ерітіндісімен жуу керек.
Теріге сілті ерітіндісі тигенде алдымен 2% бор немесе сірке қышқылының ерітіндісімен жуу керек, содан соң сумен жуады.
Ал көзге сілті немесе қышқыл тигенде бірден сумен жуып, тез дәрігерге қаралу керек.
Қышқылдардың қолданылуы.
Қышқылдар Қолданылуы

Күкірт қышқылы Металлургияда, машина жасауда, мұнай өңдеу өнеркәсібінде, органикалық заттар-полимерлер, бояулар, дәрілік препараттар және т.б
Азот қышқылы Азот тыңайтқыштарын өндіруге, қопарғыш заттар алуға, органикалық бояулар, лак, кинопленка, асыл металдарды өндеуге;
Фосфор қышқылы Дәрі-дәрмек жасайтын өнеркәсіпте, минералды тыңайтқыш алуға пайдаланады.
ІV. Бекіту
Есептерді шығару
1. Мына қышқылдардың салыстырмалы молекулалық массаларын есептеп, өсу ретімен орналыстырыңдар ( диаграмма құрыңдар)
HCl , H2SО4 , Н3РО4 , Н2СО3
2. Массалық үлесі 2,4% H, 39,1% S, 58,5% О- тен тұратын заттың молекулалық формуласын есептеңдер.
3. Кестені толтыр.
Берілген қышқылдарды жіктеңіз:
Қышқылдың формуласы Оттекті Оттексіз
1 негізді 2 негізді 3 негізді 1 негізді 2 негізді
HCl H2SO4 HNO3 H2S H3BO3 HI H2CO3 H3PO4 H2SO3 HClO4 H3AsO4 H2NO2 HBr V. Қорытынды
VI. Үйге тапсырма:
►§48 Қышқылдардың жіктелуі, алынуы, химиялық қасиеттері мен қолданылуы.
1. Қышқылдардың формуласы мен аттарын жаттау.
Оқулықтағы (9-10) тапсырмаларды орындау 128 бет
VII.Бағалау
№ 6 Шұбарқұдық негізгі мектебі
Тақырыбы:
Қышқылдардың жіктелуі, алынуы, химиялық қасиеттері мен қолданылуы.
(ашық сабақ)
Пән мұғалімі: Бәкірова Ә.
2014-2015 оқу жылы