?ыш?ылдар. ?ыш?ылдарды? т?рмыста ?олданылуы ашы? саба?



Сыныбы 8с
Сабақтың тақырыбы: Қышқылдар.
Білімділік: Қышқылдардың құрамы, алынуы, жіктелуін түсіндіру. Химиялық, биологиялық тұрғыдан ірі табиғат құрамындағы қышқылдардың маңызы, емдік қасиеті, тұрмыста пайдалану туралы түсініктерін кеңейту
Дамытушылық: Оқушылардың қызығуы, ынта – қиялы мен қабылдауы сияқты танымдық қабілеттерін дамыту арқылы айналадағы құбылыстарды байқауға, салыстыруға үйрету.
Тәрбиелік: Әр деңгейдегі оқушылар бірлесіп жұмыс жасауға, бірін – бірі құрметтеуге, бір – бірінің пікірін тыңдап баға беруге үйрету.
Сабақтың типі: Жаңа сабақты меңгерту
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Көрнекілігі: суреттер, тірек сызба,қышқыл үлгілері, таблица.
Сабақтың барысы: 1. Психологиялық даярлық жасау. 2. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
І кезең. Ой шақыру (Үй тапсырмасын тест арқылы тексеру)
1. Мына айтылғандардың қайсысы сутекке сәйкес келмейді
А) Салыстырмалы молекулалық массасы-1 Ә) судың құрамына кіреді
Б) Мырыш тұз қышқылымен әрекеттескенде түзіледі В) Түссіз газ
2. Лабораторияда сутекті
А) Темір мен су Ә) Натрий мен су Б) Кальций оксиді сумен
В) Мырыш тұз қышқылымен әрекеттескенде алады
3. Не себепті сутекті болашақтың отыны деп санайды?
А) Оттекпен әрекеттескенде көп энергия және қоршаған ортаны ластамайтын су бөліне- тіндіктен
Ә) Сутек – ең жеңіл газ және оны алыс жерлерге жеткізу ыңғайлы
Б) Сутекті алуға болатын шикізат жеткілікті В) Түссіз газ
Өндірісте сутекті:
А) Метаннан Ә) Ауадан
Б) Металл мен қышқыл әрекеттескенде В) Металл мен су әрекеттескенде алады.
Орын басу реакциясын көрсетіңдер
А) 2Са + О2 = 2СаО Б) Fe + HCI = FeCI2 + H2↑
Ә) Н2СО3 = Н2О + СО2↑ В) Р2О5 + 3СаО = Са3(РО4)2
ІІ кезең Қызығуды ояту
Мына приборларды нені алу үшін пайдаландық?

Жаңа сабақ. Тақырыбы: Қышқылдар
Күнделікті өмірмен байланыстыра байланыстыру. (алма, түйе, ешкі, жылқы, құм- ырсқа, ит, мысық суреттерін слайдтан көрсете отырып түсіндіру)
Күнделікті өмірде алмада алма қышқылы, лимонда лимон қышықылы, жылқы, түйе, ешкіде сүт қышықылы, құмырсқада құмырсқа қышқылы болатынын сызба кесте арқылы түсіндіремін

Жылқы Түйе Ешкі
↓ ↓ ↓
Қымыз Шұбат Сүт
Сүт қышқылы
Балалар иттің мысықты тістелеп, ойнап жүргенін күнделікті өмірде көріп
жүрсіңдер, бірақ ит ойнамайды екен, мысықтың денесінен бөлінген майларды тістеу арқылы, ит ауыз қуысындағы қышқылды тазартып құныс, мешел ауруларын болдырмайды.
Табиғатта да әртүрлі құбылыстар болып жатады екен. Назар
аударайық!
Тауықтың, құстардың құмырысқа илеуіне шомылып, аунап
жатқанын көрдіңіз бе?
Құмырсқа қышқылы НСООН паразиттерге нафталиндей әсер етеді,құстар
үстерін тазартады.
Ауырған аңға кім рецепт жазып береді?
Ауырған аң сүйретіліп келіп, хинин ағашының қабығын кеміріп тұрып
кетеді. Хинин ағашында хинин қышқылдары бар екені анықталған.
ІІІ кезең Мағынаны ашу. Оқушылармен келісе отырып жоспар құрамыз.
Анықтама → Жалпы формула → Құрамы (сандық, саналық) → Атаулары
(номенклатурасы) → Жіктелуі → Қауіпсіздік тех ережесі → Алынуы → Маңызды түйін → пайдасы → зиянды
Қышқылдарға төменде көрсетілген сызба кесте бойынша сипаттама береміз.
күйдіргіш
қышқыл дәмі

Қышқылдар
Оттек атомына байланысты
индикаторға әсері


Сутек атомы санынақышқылы қалды ғының болуы
Hx Эу Oz / Нх Эу

Қышқылдарды алу.

Бейметалл оксидтерін Сутекті бейметалдармен
суда еріту әрекеттестіріп оттексіз қышқыл алады.

SO2 + H2O = H2SO3 күкіртті қышықыл H2 + CI2 = 2HCI тұз қышқылы
SO3 + H2O = H2SO4 күкірт қышықылы H2 + S = H2S күкірт сутек қышқылы
N2O5 + H2O = 2HNO3 азот қышқылы
Пайдасы: Медицинада ( H3 BO3, HCІ, KMnO4) сүт және азот қышқылының концентра- циялық ерітінділері сүйелдерді күйдіруге қолданылады
Өнеркәсіпте шикізат (H2SO4 аккумулятор, электролит)
Тұрмыста ( сірке, лимон қышқылы)
Ауыл шаруашылығында ( тыңайытқыш)
Зияны: концентрациялы қышқыл ағзаға түссе мүше бұзылады, қоршаған ортаны ластайды, себебі олар тотықтырғыштар.
IV кезең. Білімді бекіту.
а) Кестені толтыру. (оқушыларға әр түрлі тапсырмалар беріледі)
Қышқылдың атауы
Қышқылдың формуласы
Қышқыл қалдығы және валенттілігі
Қышқыл қалдығының атауы
Көмір қышқылы HNO3 сульфат
ә) Төменде келтірілген кодтар бойынша қышқылдар туралы мәліметтер жинайды. Әр оқушыда кесте болады, код бойынша тапсырма беремін.

№ А Б B Г Д Е Ж 1 НСІ CO2 Mg NaOHCuOCuSO4 HNO3 2 Na2O Fe(OH)2 AI2O3 H2O Na C P2O5 3 Fe AgNO3 Cu(NO3)2 P Ca H2SiO3 CI2 4 CuCI2 Ca NaCICaCO3 H2 ZnOCu 5 SO3 K2S S Zn Na2SO4 O2 AI(OH)3 6 N2 H3PO4 SO2 FeOH2CO3 Na3PO4 Na2CO3 7 Mg(NO3)2 MgOH2S H2SO4 BaCI2 KOH Fe2O3 8 Zn(OH)2 Si Ca(OH)2 Mg(OH)2 FeSNa3AIO3 H2SO3 Мысалы: Тапсырма: А коды бойынша қышқылдың атын ата, неше негізді қышқыл , отттекті, оттексіз, қышқылды алу үшін қандай реакция теңдеуін жазу керек.
Коды Қышқылдың аты Неше негізді Оттек атомына байланысты
Алынуы, тиісті реакция теңдеулерін жазыңыз
А Тұз қышқылы Бір негізді Оттексіз H2 + CІ2 → 2HCІ.
Сөйтіп оқушылар қышқылдар бойынша анализ жасап, өтілген тақырыпты өздері қорытындылады.
Қорытынды:
1.Алған білімін жүйелеуге үйренді, білмегенін толықтырды.
2. Химияның күнделікті өмірге қажет екенін түсінді.
3. Қышқылдарды жіктей білді.
4. Қышқыл қалдығының валенттілігін есте сақтау арқылы формулаларын жаза білді.
5. Химия пәнінің күнделікті өмірмен тығыз байланыста екенін білді.