Шеберлік саба? ?лыбритания 9-сынып
Күні: 21.01.16ж.
Қысқа мерзімді жоспар
18-сабақ сыныбы: 9 пәні : Дүние жүзі тарихы мұғалімі:Баймуханова А.Б.
Сабақтың тақырыбы: Ұлыбритания
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегіҰлыбританияның жағдайына сипаттама беру. Ұлыбритания үшін екінші дүниежүзілік соғыстың нәтижелерін атап көрсетіп. Оқушылардың назарына Англияның саяси жүйесіне, ондағы партиялық жүйенің өзгерістеріне аударып, лейбаристердің ықпалы күшеюін нақты фактілер келтіре отырып түсіндіру.
Дамытушылық: Дүниежүзілік тоқырау жылдарындағы Англияның экономикалық жағдайына басқа елдермен салыстыра отырып, Англия үкіметінің қабылған заңданы арқылы сабақты түсіндіру.
Тәрбиелік: Оқушыларды адамгершілікке, еңбекқолыққа тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже: Оқушылар Ұлыбритания мемлекетінің саяси, қаржылықдамуын оқып үйреніп, түсініктерін кеңейтеді. Топпен жұмыста тақырыпты талқылайды.
Сабақтың ресурстары: Топтық әдіс, «Жұптық сұрақ-жауап» әдісі, , миға шабуыл, АКТ, «Тақырыптық түйінді сөздер», «Джигсо» әдісі, термин сөздер кестесі. Слайд, бейнежазба.
Сабақтың кезеңі Уақыты Мұғалімінің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Ой қозғау
3 минут
1 минут
15 минут
1.Оқушылармен амандасу, сабаққа сәттілік тілеу, жұмыс істеуге жағымды ахуал тудыру.
2. Топқа бөлу жеребе арқылы
1-топ (лейбористер)
2-топ (консерватор)
3-топ (парламент)
3. Үй тапсырмасын сұрау. Сұрақ-жауап әдісі арқылы
1-топ
1.Ұлттар лигасы дегеніміз не? Екінші дүниежүзілік соғыста адам шығыны қанша болды?
2.«Барбаросса», «Шлиффен» жоспарлары: мақсаты, нәтижесі.
3.Екінші дүниежүзілік соғысының шығуының себебі, барысы.
2-топ
1.Екінші дүние жүзілік соғыстың бірінші кезеңі «таңқаларлық соғыс» деп не себепті аталды? Соғысты қай мемлекет бастады?
2.Дүниежүзі мен КСРО бойынша ІІ дүние жүзілік соғыс кезінде қанша адам қаза тапты.
3.Соғыстың салдары қалай болды? Қанша мемлекет қатысты. Екінші дүниежүзілік соғыстың қысқаша тарихы.
3-топ
1.Қай жылы, не себепті соғыс басталды? Қатысқан елдердің мақсаттары қандай?
2.КСРО- ның жоспары қалай аталды? Ұлы Отан соғысы туралы қысқаша айт.
3.Екінші дүниежүзілік соғыстың қорытындысы. 1.Сабаққа ынталанады.Жағымды ахуал туады.
2. Жеребе арқылы топтарына барып отырадыү
3. Қол көтеру арқылы сұрақтарға жауап береді. (Топпен)
Мағынаны тану 10 минут
3 минут
7 минут І. Ұлыбритания туралы бейне клип көрсету, түсіндіру.
«Жигсо»әдісі
1.Мәтіндібөліп беремін.
1-топ К. Эттли реформасы
2-топ Черчель реформасы
3-топ Вильсон реформасы
2.Әр топ өзіне бөлініп берілген мәтін бөлігін талдауға уақыт беремін.
3.Мәтіндері бойынша кесте толтырады.
1.Мәтіннің бөлінген тұсын оқиды.
2.Әр топ өзіне бөлініп берілген мәтін бөлігін талдайды.
3.кесте толтырады
Ой толғаныс 3 минут
2 минут
2 минут 1.Жеті сұрақ әдісі
- Мелекеттік құрылыс
- Екінші д/ж соғыстың салдары
- Саяси партиялар
- 1964-78жж. Қоғамдық саяси өмір
- Ольстер мәселесі
- М.Тэтчер үкіметінің ішкі-сыртқы саясаты
- Ұлыбританияның 90-жж. дамуы.
2.Мұғалім оқушыларға формативті баға бергізеді.
3. Мұғалім оқушыларға кері байланыс жастады.
Пошта жәшігіне салады 1.Жеті сұраққа жауап береді.
2.Оқушылар формативті баға береді,бірін-бірі қолдап үйренеді.
3.Оқушылар бірін бірі қолдауды және сын айта білуге дағдыланады.
Тексерілді: