Т?рбиені? бастауы, ?айнар к?зі — отбасы


Отбасы-тәрбие бастауы 
Тәрбиенің бастауы, қайнар көзі - отбасы. Отбасы шағын мемлекет. Осы шағын мемлекет басшысы ата-ана. Мемлекет басшысына қарап халқы бой түзейтіні сияқты, ата-анасына қарап баласы өседі. Отбасының балаға берері де, үйретері де көп. «Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер» дегендей, бала кішкене кезінен бастап өз ата-анасына қарап еліктегіш келеді. Ата-анасы не істесе соны істеп, солардан үйренгісі келіп, соларға ұқсағысы келіп тұрады. Ата-ананың басты міндеттерінің бірі баланы, әсіресе ,сәби кезінен ұқыптылыққа, жинақылыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.  Жас ұрпақ біздің өміріміздің тікелей жалғастырушы ғана емес, еліміздің тірегі, мызғымас болашағы. Адамзаттың өмірдегі ең қымбаттысы, көз қуанышы – бала. Бала дербес тұлға. Оның бойындағы табиғи қасиеттер, адамгершілік құндылықтары отбасында, мектепте, әлеуметтік ортада қалыптасады. Баланың бас ұстазы ата – анасы. Тәрбие үрдісінің бір тарауы отбасымен жұмыс десек , отбасынан басталатын тәрбие мектеп өмірінен жалғасын табады. Қазақтың отбасында өмірге келген әр бала ес біліп, етек жыйғанша, негізінен әке мен ананың тәрбиесінде болады. Бүгінгі мақсат-әрбір бала түбегейлі біліммен мәдениеттің негіздерін білу және олардың жан – жақты дамуына ата-анасы мен мектеп жағдай жасауы керек. Сондықтан Сіздерге балаларыңыздың мектептен барлық мүмкіндіктерді пайдаланып, білім алу мен тәрбие жұмыстарына қатыстырып өзін-өзі басқаратын азамат болуына ат салысу қажет.