Ашы? саба? ??рама сандарды жай к?бейткіштерге жіктеу (5-сынып)


Күні 25.11.2016 Математика, 5-сынып -сабақ
Сабақтың тақырыбы Құрама сандарды жай көбейткіштерге жіктеу
Сілтеме Блум, СТО Мерсеитова, 5-сынып оқулығы
Сабақтың типі Жаңа білімді меңгерту сабағы
Сабақтың негізгі мақсаты Білімділігі:Құрама сандарды жай көбейткіштерге жіктеуді үйрету, жай көбейткіштердің көбейтіндісі түрінде жаздыру;
Дамытушылығы:Оқушылардың логикалық ойлау қабілеті мен есептеу дағдыларын жетілдіру..Оқушының ауызша сұрақтарға тез жауап беру қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелігі: Оқуға саналы сезімге,жауапкершілікке өз бетінше еңбектенуге тәрбиелеу.
Оқыту нәтижелері Оқушыларға құрама санды жай көбейткіштерге жіктеудің вертикаль әдісін танысты, үйренді
Ұйымдастыру
(3мин) Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу, топқа бөлу (түрлі түсті стикерге тілек жазып, жазылған тілектерін бір-біріне ұсынады, стикердің түсіне қарай топқа бөлінеді).
Әдіс-тәсілдер СТО, жас ерекшелігіне сай оқыту, көшбасшы, бағалау
Білу, тану
(2мин)
Көпірше. «Қайталау – оқу айнасы» («ойыншық лақтыру» әдісі арқылы әр топқа бір сұрақтан беріледі, топ мүшесі сұраққа жауап береді)
Санның бөлгіші дегеніміз не?
Санның еселігі дегеніміз не?
Жай сандар дегеніміз не? Мысал келтір
Егіз сандар дегеніміз не?
Құрама сан дегеніміз не? Мысал келтір
Түсіну
(5 мин) (Алдын-ала оқушыларға жаңа тақырыпты оқып келу берілген, өз түсініктері бойынша сабақ түсіндіріледі, мұғалім толықтырып отырады)
Әрбір құрама санды жай сандардың көбейтіндісі түрінде жазуға болады.
Мысалы: 15=3·5 28=2·2·7 99 = 3·3·11
Құрама санды жай көбейткіштерге жіктеу – оны тек қана жай сандардың көбейт3ндісі түрінде жазу.
Құрама сандарды жай көбейткіштерге жіктеудің екі түрі бар.
Мысалы: 1. жай көбейткіштерге жіктеу 84=2·2·3·7
Баған түрінде жіктеу
420 2
210 2
105 3
35 5
7 7
1
Құрама сан өзі жіктелген жай көбейткіштердің көбейтіндісіне тең.
Берілген құрама санның жай көбейткіштерге жіктелуінде жай көбейткіштер құрамы бір ғана түрде болады.Олардың тек қана жазылу реттілігі әр түрлі болуы мүмкін.
Құрама санды жай көбейткіштерге жіктегенде, ондағы қайталанатын көбейткішті дәрежемен алмастыруға болады.
36 2 100 2
18 2 50 2
9 3 25 5
3 3 5 5
1 1
36=22·32 100=22·52
Қолдану
(15 мин) Оқулықпен жұмыс. «Кім жылдам?» ойыны (әр балаға гүлдердің әр күлтешелерінен тапсырма беріледі, жеке жұмыс жасап, тақтаға орындайды)
№670.
1) 14=2·7;26=2·13;35=5·7;52=2·2·13;87=3·29.
2) 4=2·2;9=3·3;25=5·5;32=2·2·2·2·2;49=7·7;92=2·2·23.
3) 12=2·2·3;18=2·3·3;51=3·17;58=2·29;78=2·3·13;105=3·5·7.
№671.
1) 2·3·5=302) 2·2·3·7=843) 2·3·3·5=90
4) 2·2·2·5=405) 2·5·7·11=7706) 2·3·3·11=198
№672.
2-ге бөлінетіндер:
a=2·7·13=182;d=2·3·11=66;k=2·3·19=114;y=2·7·11=154.
2) 3-ке бөлінетіндер:
с=3·7·11=231;x=3·7·13=273;m=3·5·7=105.
3) 5-ке бөлінетіндер:
b=5·7·11=385;n=5·11·13=715.
№673
a=5∙7∙13, b=7∙13; a÷b=5a=11∙13∙41, b=11∙41; a÷b=13a=7∙3∙19, b=7∙19; a÷b=5a=2∙2∙41, b=2∙41; a÷b=2a=3∙3∙29, b=3∙29; a÷b=3a=2∙11∙37, b=2∙37; a÷b=11 №676.
1) 88=2·2·2·11;136=2·2·2·17;222=2·3·37;246=2·3·41;
385=5·7·11;435=3·5·29;530=2·5·53;555=3·5·37.
2) 396=2·2·3·3·11;456=2·2·2·3·19;504=2·2·2·3·3·7;700=2·2·5·5·7;
594=2·3·3·3·11;1170=2·3·3·5·13;2310=2·3·5·7·11;3100=2·2·5·5·31.
Талдау
(5 мин) «Ойлан тап» ойыны (логикалық тапсырмалар беріледі, жұптасып бірлесіп орындайды, шығарылу жолын түсіндіреді)
1-жұп 2-жұп
. Ж:1 Ж:16
Дарынды оқушы
Ж:8
Сергіту сәті
(1 мин) (Бұрыштардың түрлеріне қарай екі қолмен көрсету, жай сандар болса оң қолын, құрама сандар болса сол қолын көтеру,жай санға да, теріс санға да жатпаса отыру)
36°-сүйір бұрыш, 125°-доғал бұрыш,180°-жазыңқы бұрыш, 90°-тік бұрыш,
360°-толық бұрыш.
Жай сан: 17,37
Құрама сан: 36,45
Жай санға да, құрама санға да жатпайтын сан:0
Жинақтау
(3 мин)
Семантикалық карта (топтық жұмыс)
2∙2∙52∙7∙72∙2∙192∙2∙5∙52∙5∙73∙1998 - Қ + 70-З + 100-Н + 20-А + 76-Т + 57-С +
Тәуелсіздігіне 25 жыл толатын Республика
98 20 70 20 98 57 76 20 100
Рефлексия
(2 мин) Өзіне қажет деп санаған есептерін «тазалайды». Стикерге жазып, суреттерге жабыстырады

Бағалау Жетондарына қарай, Kahoot бағдарламасымен бағалау
Келесі тапсырма №678,679 156-бет
Тексерілді