Сынып жетекшілер бірлестік отырысы: Сынып жетекшіні? ?дістемелік шеберханасы


Назым ФатихқызыСынып жетекшілер бірлестігінің жетекшісі Тақырыбы: «Сынып жетекшінің әдістемелік шеберханасы»Дәйек сөз:Сынып жетекші — тек адамзаттық құндылықтарға үйреніп қана қоймай, сонымен қатар әр баланың бойындағы бейімділігін, кәсіби икемділігін, табиғи мүмкіндіктерін ашып, сүйіспеншілік пен шәкіртіне үлкен сеніммен қарайтын жан. ЕРЕЖЕ Күн тәртібінде1. Тәрбие жұмысында жаңа технологияларды қолдануды ұйымдастыру.2.Ата-аналар жиналысын түрлендіріп өткізу тәсілдері. 3.Ағымдағы мәселер .«Көптің жүзін білгенше, бірдің атын бір» (танысу)Өз атын айту және бойындағы ең жақсы қасиетін айтып таныстыру.ТОПҚА бөлу1.20жылдан астам еңбек өтілі бар мұғалімдер;2..10жылдан астам еңбек өтілділер;3. 2-5жыл көлеміндегі еңбек өтілділер;

Қай жануарды бірінші байқадың???  ПІЛ - Жомарт және адамгершілігі жоғары жансыз. Сіз үнемі үздік болуға талпынасыз. Кеудемсоқтық қасиетіңіз де жоқ емес. Жұрт сырттай сізбен тіл табысу қиын деп түсінеді. Олай емес, тек сіз өзіңізбен-өзіңіз табысуыңыз оңай шаруа емес. Сіз үнемі белсенді жұмыс атқарасыз. Бірақ өзімшіл емессіз. Сіз өз әлеміңізді әдемілендіру үшін тынбай жұмыс жасайсыз. Сіз біреуді жаныңызға жара салғанша жақсы көресіз. Ал содан кейін... содан кейін де жақсы көруден танбайсыз. Сіздің ісіңіздің қадіріне жетіп жүрген жандар аздау. ЖЫЛҚЫ - Еліктіргіш және шыншыл адамсыз. Сіз біреуге көмектесуге қашан да даяр тұратын жауапкершілігі жоғары жансыз. Сіз адал жұмыс жасауды жақсы көресіз. Қандай да бір жұмысты өз міндетіңізге алудан қашпайсыз. Сіздің мінезіңіз көпке ұнамды. Сізде үнемі көптің көңілінен шығатын қызықты әңгіме таусылмайды. ИТ - Ақылды және ойшыл жансыз. Сіз сөзсіз ой адамысыз. Сіздің идеяңыз бен ойларыңыз өте маңызды. Сіз жалғыз қалғанда көп ойға берілесіз. Өзіңіздей үнемі ой үстінде жүретін жандармен сұхбат құрудан қашпайсыз. Сіз өзіңіз дұрыс деп жасаған нәрсені жасайсыз. Оған көпшілік бір ауыздан келісе қоймауы да мүмкін. МАЙМЫЛ - Зерек жансыз. Сіз өз ортаңызда сирек кездесетін жалғыз адамсыз. Сізбен қатар тұрар жан жоқ. Тіпті сізбен салыстыруға тұрарлық жан да... Сізді көбі дұрыс түсіне бермейді. Сондықтан ондай жандардың ісі сізді үнемі ренжітеді. Сізге жеке кеңістік құру қажет. Шығармашылығыңызды байыта түсіңіз. Өйткені жұрт сізді шығармашылығыңыз үшін де қадірлейді. МЫСЫҚ - Сенімді жансыз. Сіз тәуелсіз жансыз. "Бәрін өзім жасаймын" деген қағиданы ұстанасыз. Тек өзіңізге ғана сенесіз. Сіз жақындарыңыз үшін қалай сенімді болудың құпиясын білесіз. Жұрттардан бар тілеріңіз - олардың сізге адал болуы. Өйткені сіз адал адамдарды бағалайсыз, шындықты сүйесіз. ТЫШҚАН - Мейірімді және сезімтал жансыз. Сіз адамдармен оңай қарым-қатынас орнатасыз. Досыңыздың саны көп. Олардың өмірін жақсарту үшін қолыңыздан келгенін аянып қалмайсыз. Сіз бар жерде кейбіреулер өздерін артық сезінеді. Сіз махаббатқа сенесіз, онсыз өмірдің мәні жоқ деп ұғасыз.  Сынып жетекшілер сынып сағаттарын ұйымдастыруға төмендегідей міндеттерді басшылыққа алған жөн..І. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты сынып сағаттарының тақырыптарын таңдау.ІІ. Сыныпта психологиялық ахуал туғызу. Ол үшін психологиялық тренингтер өткізу.ІІІ. Сынып сағаттарының мақсаттары қол жетімді  болуы шарт.  І. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты сынып сағаттарының тақырыптарын таңдау.10-11 жастағы 5 сынып оқушыларына кейбір күрделі тақырыптарды өткізуде қиындықтар туындайды, өйткені ол жастағы оқушылар бұл материалды қабылдауға таным түсінігі жетпейді. Мысалға, «Діни экстримизм» тақырыбында, «Мамандық таңдау» т.б. 5 сынып оқушыларына мысалы мынадай тақырыптарды алуға болады: «Дін туалы білесіңбі?», «Мен өскенде кім боламын?»- деген тақырыптар, бұл жас ерекшеліктегі оқушыларға тез ұғынады.2. 14-15 жастағы яғни 8-9 сынып оқушыларына мысалы, «Діни экстримизм», «Мамандық таңдау» — тақырыптарында сынып сағаттарын өткізуге болады. 14-15 жастағы оқушылар бұл тақырып туралы мазмұнды теледидар, ғаламтор т.б сол сияқты ақпарат көздерінен біледі.3. Ал бастауыш сыныпта осы сынып сағаттары өз денгейде алу ұсынылады. Сыныпта психологиялық ахуал туғызу. Ол үшін психологиялық тренингтер өткізу.Бірінші, тренинг өткізерде сыныптың көңіл күйін білу. Егер оқушылар шаршаңқы көрінсе, көңіл көтеретін тренинг өткізу. Себебі, балалар шаршап отырғанда сабаққа белсене ат салыса алмайды. Мысалы, түрлі билер, гимнастика т.б.Екінші, оқушыларды ынтымақтастыққа, достыққа шақыратын бір-бірімен қарым- қатынаста болуға үйрететін тренингтер өткізу. Мысалы,Шаттық шеңбер«Мен неге қол жеткізгі келеді»«Мақсатқа жету» ІІІ. Сынып сағаттарының мақсаттары қол жетімді болуы шарт.Берілетін материал балаға қол жетімді мақсатта болуы керек. Оларға:Сынып сағаты бала ұғымына сай болуы керек.Бала оны өмірде қолдана білуі керек.Қоршаған ортада болып жатқан оқиғадан алу керек.Сынып сағаттарын өмір тәжіребиесінен алуы керек.Оған көмек баспа сөз материалдары, кино немесе түрлі видео материалдарЖаңа технологияларды міндетті түрде қолдана білу керек. Сынып жетекші жетістігі:1.Уақытын үнемдейді2.Оқушының сынып сағатына деген қызығушылығын арттырады.3.Балаға қолжетімді тәрбие береді. Ой бөлісуСынып жетекшілерді тыңдау:Ата-аналар жиналысын тиімді ұйымдастыруСынып сағаттарын тиімді ұйымдастыруОртақ: жаңа технологияларды қолдану арқылы түрлендірілген
Талқылайық,пікірлесейік!Ақ қалпақ – ортаға салады.Көк қалпақ – жағымды жақтарын айқындайды.Жасыл қалпақ – жаңа ой айтады, идеяға бағыттайды. Қорытынды «Нағыз сынып жетекші моделі» 1-топ. «Нағыз сынып жетекші моделі» мұғалімдер көзімен.2-топ. «Нағыз сынып жетекші моделі» оқушылар көзімен.3-топ. «Нағыз сынып жетекші моделі» ата-аналар көзімен. РефлексияМаған ұнады.Алып-қосарым жоқ,өз тәжірибемді толықтырдым.Маған ұнады.Бірақ қанағаттанбадым.Ойымнан шықпады.Күн тәртібін ашпады.Маған мүлде ұнамады. . «Балаңызға деген сүйіспеншілік деген» ойыны өткізіледі.       Баланың жан дүниесі – Бұл толып тұрған ыдыс сияқты. Өз балаңыздың қандай болғанын қалайсыз? Қандай  қабілеттері болғанын  және сіз өзіңізден қандай қасиетті алғанын қалайсыз? Ойын «Отбасылық махаббат үйі» парасатдостықмахаббаттапқырлықтүсінушілікқұрметАқ тілекХалқымыз «Ұяда не көрсең, соны ілерсің» дейді. Бала әрқашанда ата анадан мейірімділікті, сүйіспеншілікті, жүрек жылуын қажет етіп, ата ананы өмірдің тірегі санайды.  Ата ананың тіршілігіндегі көрген қызығы, жақсылығының ең бағалысы перзенті.Баланың бойында туған үйдің жылуы оның көкірегінде көп жылдар бойы сақталып, мәңгі есінде болады. Отбасы бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы. Баланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының тигізетін әсері мол.



Ата-анаға ұсыныс:Оқушыда сапалы білім мен тәрбие болу үшін мектеп және ата-ана тығыз байланыста болуы қажет. Бала үшін ата-ана тек асыраушының рөлін атқармай, оның білім мен тәрбие алу жолындағы нағыз серіктесі болуы қажет, баламен көзбе-көз сөйлесіп оған әр түрлі жағдайда ақыл-кеңес беру. Ата-ана баласына көбірек уақыт бөліп қадағалау, бағыттау, бағалау, білім олқылықтарын анықтап дер кезінде көмектесіп отыру. Ата-ана баласына педагогикалық көмек көрсететіндей дәрежеде болуы керек. Ата–ана өзін-өзі жетілдіру бағытында жұмыс істеу (газет, журнал, теледидар Ітоқсан қорытындысы РефлексияМенің жиналыс барысында түйгенім----------Маған ең пайдалы, құнды болған---------- Маған ұнамағаны--------------Ең жақсы ұнағаны--------------Келесі жиналыста мен келесі жайттарды білгім келеді-------------------Жиналыс құрылымы сізге ұнады ма?-------------- Назарларыңызға рахмет!!!
Ата-аналарға жаднама 1. Балаңыздың оқуына, тәрбиеленуіне, баланың белсенділігінің артуына тек мектеп тәрбиесі мен оқуының арқасында қол жеткізуге болатынын түсініңіз. Мұғалім-сіздің отбасыңыздың досы және бірінші одағы. 2.Міндетті түрде ата-аналар жиналысынан қалмай, баланың сабағының үлгерімін қадағалаңыз.3. Балаңыздың күнделікті оқуындағы табысымен ой бөлісіңіз, бүгін қандай жаңа ұғым алды, нені үйренді, т.б. Тек қандай баға алғанымен қанағаттанбаңыз. 4.Баланың күнделікті үй тапсырмасын орындауын қадағалаңыз, егер бала қиналатын болса көмектесіңіз, керісінше өзіңіз орындап беруге үйретпеңіз.5. Мүмкіндігінше баланың айтқан әңгімесіне, өзі жайлы, мектебі туралы, достары туралы т.б оймен бөлісіп, баланың көзқарасымен қарауға тырысыңыз. Өз мүмкіндігіңізге байланысты мектеп пен мұғаліммен тығыз байланысты болыңыз. Ол сіздің балаңызды тәрбиелеудегі өнеріңіздің жоғарлығын көрсетеді.