?дістемелік бірлестік апталы?ында ?ткізілген тарих п?нінен ашы? саба?
Әдістемелік бірлестік апталығында өткізілген ашық сабақ.
Қарағанды қаласы
№18 ЖББОМ КММ
Тарих пәні мұғалімі: Омарова Г.А.
Сабақтың тақырыбы: Тас дәуіріндегі Қазақстан.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Тас дәуірі бойынша алған білімдерін қайталау, нақтылай түсу, пысықтау;
Дамытушылық: Тас дәуірінің археологиялық ескерткіштері табылған жерлерді картадан көрсете білуге жаттықтыру;
Тәрбиелік: Туған жердің тас ескерткіштері туралы түсініктерін кеңейту, елжандылыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: «Тас дәуірі» тірек-сызбасы, карталық парақшалар, суреттер, мониторинг сызылған кесте, оқу картасы.
Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, деңгейлік әдіс, тірек-сызба әдісі.
Сабақ түрі: ішінара ізденіс енгізілген қайталау сабағы.
Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру:
а) оқушыларды сабаққа дайындау;
б) сыныпты топқа бөлу;
б) сабақтың өту барысын баяндау.
ІІ. Кіріспе. «Тас дәуірі» тірек-сызбасын сипаттау арқылы сабақтың тақырыбын ашу:
Тас дәуірі
(2 млн. 500 мыңж. – 3 мыңж.)
Палеолит Мезолит Неолит
(б.з.б. 2 млн. (б.з.б. 12 мыңж. (б.з.б. 5 мыңж. – 3 мыңж.)
500 мыңж. – 12 мыңж.) – 5 мыңж.)
Энеолит (Мыс-тас) б.з.б. 3000 – 2800 жж.
ІІ. Әр топқа тапсырма беру: Тапсырмалар карталық парақшалар тарату арқылы жүзеге асады. Әр топтың топ басшылары өз тапсырмаларын бөліп алады.
І топ: Палеолит дәуірін кезеңдерге бөлу, ерекшеліктерін атап өту, әр кезеңнің археологиялық ескерткіштеріне тоқталу.
ІІ топ: Мезолит дәуіріне және оның ерекшеліктері мен археологиялық ескерткіштеріне тоқталу.
ІІІ топ: Неолит дәуіріне және оның ерекшеліктері мен археологиялық ескерткіштеріне тоқталу.
ІІІ. Энеолит (мыс-тас) дәуірі, оның ерекшеліктері мен тұрақтары жайлы топтарға ортақ сұрақтар беру арқылы жауап алу.
ІV. Бекіту:
І топ: «Кілтін тап» дұрыс жауаптарын табу.
Адамдар орта тас ғасырында тұрды: шатырда, үңгірде, уақытша қос сияқты жеңіл баспанада.
Айналысты: аңшылықпен, терімшілікпен, балық аулаумен, егіншілікпен.
Киім тікті: жүннен, жануарлар терісінен, өсімдіктер талшығынан.
Еңбек құралын жасады: алтыннан, тастан, темірден, сүйектен.
Білді: отты, жазуды, қарапайым еңбек құралдарын жасауды, үй жануарларын қолға үйретуді.
ІІ топ: «Жабық тест»
* Екі жағынан да өңделген қарапайым шапқыш құрал қалай аталды? (Бифас)
*Ұзындығы 1-2 см.ұсақ жаңқа тастардан жасалатын құралдар қалай аталады? (Микролит)
* Қанша жыл бұрын жер беті күрт суи бастап, мұздық пайда болды? (бұдан 100 мың жыл бұрын)
* Ғалымдардың есептеуінше мұздық қашан ери бастады? (бұдан 13 мың жыл бұрын)
* «Епті адам» қай жерден табылды? Ол қашан өмір сүрген? (Африкада Кения жері Олдувай шатқалы, ол осыдан 1 млн. 750 мың жыл бұрын өмір сүрген)
* Неандерталь баланың сүйегі қай жерден табылған? Ол қай кезде өмір сүрген? (Өзбекстанның Тесіктас үңгірінен, ол бұдан 100-35 мың жыл бұрын өмір сүрген)
* Бұл адамдар тік жүруді, анық сөйлеуді меңгерді. Еңбек құралдарын жасауды одан әрі дамытты, әрі қоршаған ортаға ықпал етті. Бұл қандай адам туралы айтылып тұр? (Саналы адам)
* Бірлесіп аң аулау, жыртқыш аңдарға қарсы тұру, ортақтасып от жағу адамдарды топтастырды. Бұл қандай ұжым? (Рулық қауым).
ІІІ топ: Суреттегі адамдарды ретімен қой және атауын көрсет. Алғашқы адамдардың суреті мониторингтен көрсетіледі (епті адам, питекантроп, синантроп, неандерталь, кроманьон). Тас өңдеудегі жаңа әдістердің көмегімен жетілдірілген құралдардың астын 2 сызықпен, сүйек пен малдың мүйізінен жасалған заттарды 1 сызықпен сызыңдар:
Найзаның ұшы, балта, сүймен, түрен, ине, дәнүккіш, тиек, шанышқы, тескіш біз.
V. Қорытынды:
І топ: Кесте толтыру
Дәуір Еңбек құралдары Шаруашылығы, кәсібі Тарихи шеңбері
ЕжелгіЕрте тас палеолит
дәуірі
Орта
палеолит
Кейінгі
палеолит
Орта тас дәуірі (мезолит) Кейінгі тас дәуірі (неолит) ІІ топ: Топографиялық диктант. Ежелгі адамдардың жүрген жолын, шартты белгілермен көрсетіп сызбасын сыз. Неандерталь адамдар үңгірден шығып, оңтүстік-батысқа қарай жүріп, өзеннен өтті. Өзеннің арғы бетіндегі шалғындықты кесіп өтіп, аралас орманға келді. Алғашқы кездескен аңды найзамен ұрып алып кейін қарай қайтпақ болды. Оңтүстік-шығысқа қарай бұрылыс жасап, таудың етегін жағалай отырып өзенге жетті. Өзеннен өтіп үңгірге олжалы оралды.
Үңгір
Өзен, көпір
Тау
Аралас орман
Шалғын
ІІІ топ: Алғашқы адамдардың кәсібін схемамен сызып көрсет.
Әйелдер кәсібі Ерлер кәсібі
VІ. Бағалау:
VІІ. Үй тапсырмасы: Оқулықтың 19 бетіндегі «Рулық қауым» суретіне әңгіме құрастыру. 31беттегі кестені толтыру.