Квадрат те?деу. Квадрат те?деуді? т?рлері.
Сабақтың тақырыбы: Квадрат теңдеу. Квадрат теңдеудің түрлері.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушылардың тарау бойынша алған білімдерін тереңдетіп, жинақтау, жүйелеу;
Дамытушылық: Логикалық ойлау қабілеті мен дағдыларын жетілдіру, белсенділіктерін арттыру. Сабаққа қызығушылықты қалыптастыру, ұзақ есте сақтауына көмектесу;Тәбиелік: Оқуға, саналы сезімге, жауапкершілікке, өз бетінше еңбектенуге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивтік тақта, оқулық, үлестірме карточкалар
Сабақтың түрі: Қорытындылау сабағы.
Сабақтың әдісі: Топтық сайыс, деңгейлеп оқыту технологиясы.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру бөлімі: Оқушылармен сәлемдесу, сыныпты түгендеу, сыныптың
сабаққа дайындығын тексеру
2. Үй тапсырмасын тексеру
Пысықтау сұрақтары:
1. Квадрат теңдеудің анықтамасын айтыңдар.
2. Келтірілген квадрат теңдеудің анықтамасын беріңдер.
3. Толымсыз квадрат теңдеу деген не? Олардың үш жағдайын көрсетіңдер
3. Дамыту кезеңі
Есептер шығару
Деңгейлік есептер
1 – тапсырма(Слайдпен берілген тапсырманы дұрыс тапса құстар ұшады)
Мына теңдеулердің қайсысы квадраттық теңдеу болады:
+
+ +
2 – тапсырма Мақалдардың жалғасын тауып, астында берілген тапсырманы орында
Жеті жұрттың тілін біл, (жеті түрлі білім біл.)
5х²- 6х═0
Х(5х – 6)═0
х═0
5х – 6═0
5х═6
х═6/5
х═11/5
Отыз тістен шыққан сөз, (отыз рулы елге тарайды)
4х²- 9═0
4х²═9
х²═9/4
х═±3/2
Жалқаудың екі досы бар, (бірі – ұйқы, бірі күлкі)
3х²- 4х═0
Х(3х – 4)═0
х═0
3х – 4═0
3х═4
х═4/3
х═11/3
3 – тапсырма Қандай квадрат теңдеу екенін ата келтірілген
толымсыз
толымсыз
толық
келтірілген
келтірілген
толымсыз
толық
4 – тапсырма Қатесін тап.(Қате берілген анықтаманың қатесін табу)
түрінде берілген теңдеулер толық квадрат теңдеулер деп аталады. (Толымсыз квадрат теңдеулер )
болса, онда ол келтірілген Квадрат теңдеу деп аталады. (1 – ге тең болса келтірілген квадрат теңдеу деп аталады. )түрінде берілген теңдеу толымсыз квадрат теңдеу деп аталады. (Толық квадрат теңдеу деп аталады. )
4. Сергіту сәті
5-тапсырма.Деңгейлік тапсырмалар.
5. Сабақты бекіту(сұраққа жауап)
1. Қандай теңдеулерді квадраттық теңдеу деп атайды?
2. Толымсыз квадраттық теңдеулер деп қандай теңдеулерді айтады?
3. Келтірілген квадраттық теңдеу деп қандай теңдеуді айтады?
4. Оның жалпы түрі қандай?
6. Үйге тапсырма: № 122 (2), № 123
(2), № 124 (1, 2).
Оқушылардың еңбегін бағалау