?ара?анды ??іріні? жер-су атаулары


Кез-келген елдің өткені мен бүгінінің сабақтастығы оның жер-су атаулары – топонимдері арқылы көрініс табады.  HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/wiki/%D2%9A%D0%B0%D0%B7%D0%B0%D2%9B" \o "Қазақ" Қазақ елінің де жер-су атауларыхалықтың сан ғасырлықтарихынан сыр шертеді. Осы себепті де жәнееліміздіңбасынанөткен «сан қилы» замандакөптегентопонимдердіңөзгеріскеұшырауына, ұмытболуынабайланысты да жер-су атауларынзерттеубүгінгікүніөзектімәселелердіңбірінеайналыпотыр.
Ономастика (гр.тілінде «onoma» - есім, ат), яғни жалқы есімдерді, олардың мағынасын, туындау, қалыптасу және түрлену тарихын зерттейтін тіл білімінің бір саласы. Гректің «topos» - орын, жер, «onoma» - атау деген екі сөзінен тұратын топономика – ономастиканың жер-су, елді мекен атауларының шығуы мен пайда болуын (этимологиясын), мағынасын, таралу аймағын зерттейтін тармағы. Топонимдердің шығу, пайда болу тарихы, ең алдымен, халық тілінің байлығына, әрбір тарихи дәуірдегі қоғамдық өмірдің құрылысына, оның әлеуметтік-экономикалық жағдайына, ел-жұрттың кәсіби тірлігіне, мемлекеттің дамып өсуі мен елді мекендердің сан жағынан артып, молая түсуіне тікелей байланысты болып отырады. Жеріміздегі мыңдаған атаулардың орнығып, қолданылуы бір ғана дәуірдің жемісі емес, олар талай ғасырлардың куәсі.
Бірінші, ХІІІ ғасырдағы Моңғол шапқыншылығы мен XVIII ғасырдағы жоңғар қалмақтарының шабуылы нәтижесінде моңғол (қалмақ) тілінен енген жер-су атаулары пайда болды; екінші, XVIII ғасырда басталған патшалық Ресей отаршылдығының әсері; үшінші, XIX-XX ғғ. басында Ресей мен Украинадан қоныс аударушыларының көптеп келуі (Столыпин тұсында).
Біз бүгін бірінші жағдайға байланысты қалыптасқан өз өлкеміз, Қарағанды өңірінің жер-су атауларын қарастыралық. Шыңғыс хан шабуылынан кейін бес ғасыр бойы қазақ жері моңғолдардың қол астында болды. Осыған байланысты мемлекетіміздің аумағында қазір тікелей моңғол тілінен қалған 217 топонимикалық атаулар бар екен. Мұның біраз бөлігі Қарағанды облысы аумағына тиесілі. Осы облыста басынан мұнар мен бұлт арылмайтын «Өкпеті»деген шың бар (өкпеті – моңғолшадан қазақшаға аударғанда «сиыр жайылатын бет» деген мағынаны береді). «Нарын» – сөзінің түп-төркіні моңғолдың «нарин» сөзінен шығуы мүмкін. Бұл «жіңішке», «жұқа»  мағына береді.
Иә, тарихтың бізден жасырған құпиясы көп, оның сырын там-тұмдап ашудамыз. Халық та мәңгілік, оның өткен жолын шежірелейтін тарих та мәңгілік. Олар мәңгі уақыт аясында бірін-бірі толықтырумен болады. Жаңғырғысы, аумалы-төкпелі ғасырларда қонған шаң-тозаңнан арылғысы келеді. Біздің, өтпелілердің парызы – тарихтың жоғалтқанын бүгінгі күннен табу, есесі кеткен күндердің көсегесін көгерту. Бұл бағытта жеңістеріміз баршылық. 1993 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Целиноград қаласы мен Целиноград облысын Ақмола қаласы және Ақмола облысы деп атау туралы Жарлыққа қол қойды. Осы қаланың азаматтары тізе қосып, елден 12 мың қол жинап, Есіл мен Нұра жарыса аққан, Сарыарқасы сайынданған ерен өлке тарихи тегін тауып, қайта түлесін деген өтінішіміз өмір бақи шалқытатын ұшан-теңіз қуанышқа айналды. Қалың ел Президентке ағыл-тегіл алғыс айтты.
 Кезінде жұрт сүйіншілеген мұндай игілікті қадам бірен-саран емес. Өзгерер сәтін, қайта жаңғыртатын кезін күткен қалалар мен өңірлер де баршылық. Ауылдық және аудандық деңгейдегіатаулардыңбағзыатауын да толыққайтарып алған жоқпыз. Тың және тыңайған жерлерді игерген 1954-1964 жылдары тың өлкесіне қараған бес облыста орысша қайта аталған 200 елді мекеннің талайы әлі күнге Петровка, Семеновка, Покровка және басқа болып жүр.
Нұра орталық кітапханасы ауданының топонимдері туралы қызықты материал жинақтаған. Өз ауданының географиялық атауларын іздеп табуға әрбір өлкетанушы- кітапханашының қолынан келеді. Біздің кейінгі ұрпақтың мақтанышы болу үшін өлке топонимдерін жинап сақтап қалу өте қажет. Өлке топонимдерін жаппай жинап, ғылыми тұрғыдан зерттеудің маңыздылығы мектеп оқушылары мен қалың көпшіліктің туған жер туралы білім дәрежесін арттыруға да қажет. Жер-су атауларын жинау, олардың шығу, пайда болу себебін анықтау, әрбір атаудың мән- мағынасын ашу, әсіресе, жастардың туған өлкеге деген ыстық ынта, патриоттық сезімін күшейтпек.
Қазақ халқы сан ғасырлар бойы табиғат аясында тіршілік ете жүріп, қоршаған ортаның сан алуан құпия сырларына көңіл бөлді. Табиғи ортаға бейімделу арқылы жер бедерін, климат ерекшеліктерін, су көздерін анықтау, өсімдік жамылғысы, жайылымдардың сипаты, т.б. белгілер жер-су атауларынан көрініс табады. Бұдан басқа табиғат жағдайының қолайсыздығынан туындайтын жер бедерлік ерекшеліктер географиялық түске қатысты атауларда да байқалады.Сөйтіп жер-су атауларында кездесетін түстік белгілер нәтижесінде қазақ халқының қырағылығын байқаймыз. Өйткені кез келген аймақтағы жер – су атаулары халықтың тілдік негізінде жасалады, ұзақ тарихи лингвистикалық өзгерістерді басынан кешіреді. Көне түркі тілінің ескерткіштерінің табылуы, М. Қашқари сөздігінің сақталуы да жер-суға қатысты көне күрделі атауларды саралауға мол мүмкіндік береді. Түс атауларымен байланысты жер-су атауларының белгілі бір себеппен туындағаны анық. Көшпелі халық әрбір жердің, тау мен тастың қыр – сырын ежелден- ақ білген. Халық атап кеткен атаулардан елдің шаруашылық ерекшелігін, күнделікті тыныс тіршілігін, табиғатты пайдаланудағы қызметін де аңғаруға болады. «Ақ» компонентті жер – су атаулары қазақ топономикасында өте жиі және топоним түрлерінің (жер, су, тау, қала, мекен, дала т.б.) бәрінде де кездесе береді екен. Мысалы, Ақасық, Ақбас, Ақдым, Ақешкі, Аққұлақ. Ақмола, Ақтау, Ақтөбе, Ақалтын, Ақтоғай, Ақкөл, Ақжар, Ақтас, Ақтақ, Ақжал, Аққұм, Аққұдық т.б. «Ақ» компонентімен келген атаулардың бәрі сол атаудың ақ екендігін білдірмейді. Мысалы: Аққұм – Балқаш көліндегі түбектің, сол елді мекеннің аты. Ақ сөзі құмның түсін көрсетпейді, сипатын көрсетеді.Этимологиясы: «сусымалы, ақпа құм» [3]. Қазақ халқының ежелгі дүниетанымында дүниені төрт бұрышты деп түсініп, әр тұсқа өзіндік таңбалық түс бергені белгілі. Сонда қара түс солтүстікті бейнелейді. Зерттеулерге сүйенсек Авестада солтүстік жақтағы қасиетті тауды Хукариа деп атайтындығы айтылады. «Хукариа» атауының иран тіліндегі бастапқы айтылу нұсқасының «Хук- Хара» болғандығын ескерсек, мұндағы хара о баста түркінің қара формасынан шыққандығын айтуға болады. Яғни «Хук-Хара» сөзі бүгінгі түркі тіліне Харатау – Қаратау деп аударылады. Бұл жердегі қара сөзі түсті емес, бастапқы деген мағынаға ие болып тұр [5]. Сонымен қатар түркі тілінің топонимикалық жүйесінде кездесетін қара су тіркесінің мағынасы түспен емес, жермен байланысты. Мысалы: Дүмқара-Балқаш жазығындағы кішігірім тау аты. «Дум» және «қара» сөздерінен құралған атау. Дум тұлғасы «тұғыр» мәнінде қолданылғаны көрінеді. Қара сөзі «шоқы» мәнінде. Қарағанды атауының мағынасы да қара түсіне емес, өсімдік атауына негізделген. Атаудың мағынасы- «қараған қалың өскен жер». Қараған- суыққа төзімді, топырақ талғамайтын жіңішке бұта. Қараған сөзіне –ды қосымшасы жалғанған атау. Қара сөзі топонимдік атаулар жасауда жиі қолданылып, кейде өзінің тура мағынасында заттың түр-түсін білдірсе, кейде үлкен, зор деген мағынаны білдіреді. Мысалы: Қарасор атауы «көлемі едәуір үлкен, суы аз, тұзды көл; батпақты, балшықты сор» деген мағынаны білдіреді [3]. Ә. Марғұлан көк түс – көкке табынудың, аспанның символы екендігін атап көрсетеді. Қазақ ұғымында көк түс- ең таза, киелі, қасиетті түс. Сондықтан да қазақ жерінде кездесетін біршама топонимдердің атаулары көк сөзімен тіркесіп келеді. Соның ішінде Қарағанды өңірінің өзінде «көк» сөзімен байланысты бірнеше жер атауы бар. мәселен, Көксу, Көкпекті, Көктал, Көкөзен, Көктөбе, Көкөзек, Көкшетау, Көктінкөл . Ғ. Қоңқашпаев-тың пікірі бойынша бұл моңғолдың « көк бел » « көк асу » деген сөзі. Моңғолша-қазақша сөздікте давал сөзі қазақша асу деп аударылған. Ал топонимнің бірінші компоненті көк сөзі – моңғол тілінде де «хох», «көк», «хок» сөздері түркі моңғол тілдерінің ортақтығын көрсетеді. Қазақ тілінде де, жалпы түркі тілінде сары түс атауы сындық мағынада қолданылады. Топонимист Е. Қойшыбаев сар сөзі топонимдік атаулармен тіркескенде көбінесе айқын, кең, негізгі, басты деген мағынада жұмсалатындығын айтады. Мысалы: Сарыарқа, Сарыағаш т.б. Сарыарқа атауының мән-мағынасы жайлы А. Әбдірахманов, Н. Баянди А. Сейдімбеков пікірлері ғылыми тұрғыдан дұрыс қолдау тапты. Сарыарқа сөзімен құрамдасып келген сөздер тек түсті ғана білдірмейді, «кең», «мол», «үлкен» деген мағынада қоданылады. Сарырқа атауы «жер бетіндегі өсімдіктері күйгендіктен сарғайып жататын кең де үлкен жон, жалпақ үстірт,сансыз адырлы қырқа» ұғымын білдіреді. Мұндағы ақ және қара, қызыл, сары, қоңыр, көк түс атауларына қатысты туындаған күрделі жер – су атауларында түс ұғымдары тура және ауыс мағыналарда қолданылады.
Қарағанды өңіріндегі сары сын есімімен келетін топонимдер мыналар: Сарышаған, Сарысу, Сарыадыр, Сарыкөл, Сарытөбе, Сарыала, Сарыалаат, сарыбел, Сарыөзек.
Ақ сын есімімен келген жер-су аттары: Аққұдық, Аққұм, Ақжал, Ақтақ, Ақтас, Ақтау, Ақша, Ақөлең,Ақбастау, Ақтоғай,Ақбастау, Ақбел, Аққора, Ақжар, Ақөре, Ақтас, Ақтөбе, Аққұдық, Ақшоқы, Ақтүбек, Ақшағат, Ақши, Ақшоқы, Ақбастау, Ақбұлақ, Ақжал, Ақтасты, Ақшоқы.Ақбұйрат, Ақдің, Ақасық, Ақадыр, Ақсу-Аюлы, Ақшатау, Ақши.
Қара сын есімімен тіркесіп келген топонимдер: Қарағанды, Қаражал, Қарасор,Көксу, Қарабас, Қараадыр, Қараменді,Қаражар,Қаракөл, Қарақойтас, Қаракұдык, Қарамола, Қарасу, Қарақұдық, ҚарабастауҚарабұлақ, Қарағайлы, Қаражал,Қарасу, Қаратау, Қарақамыс,Қарақұдық,Қаратай, Қарасай.
Б. Тілеубердиевтің пікірінше қара, ақ, қызыл, қоңыр, сары, құба, боз, ала т.б. түсті білдіретін сын есімдер әдетте объектілердің түсін немесе түрін білдіреді де, ал тау, тас, төбе, бұлақ, арық, биік, су, дала, жол, адыр, сор, құм, сеңгір, жон т.б атаулары географиялық объектілерді анықтауға қызмет етеді.Сонымен бірге, ғалым түр-түсті білдіретін қазақ топонимдерінің семантикасын талдау кезінде жер – су атауларының құрамындағы «түр-түс» сын есімдері тек түсті білдіріп қоймай, кейбір топонимдерде түстен бөлек мағынаны білдіретінін байқауға болатындығын айтады. Қазақ топонимикасында бұған ең бірінші рет топонимист Е. Қойшыбаев көңіл аударды.
Мен Қарағанды өңірінің атауларын оқи отырып, түр-түс атауларына байланысты қойылған топонимдердің көптігіне таң қалдым. Бұдан қазақ халқының, біріншіден, сөз мағынасына ерекше көңіл аударатынын, яғни байқампаздығын, екіншіден,қазақ тілінің синонимге байлығын көре аламыз. Бір сын есіммен ондаған жер-су аттарын атай білген, әрі құлаққа таныс, әрі өз ана тіліміздің байырғы сөздері.
Қорытындылай келгенде, осы саладағы зерттеулерді негізге ала отырып, құрамында ақ, қара, қызыл, көк, сары, боз, ала т.б. түр-түс атаулары кездесетін күрделі аталымдардың түстік мағынадан алшақтап, бағыт-бағдарды, басқа заттық түсініктердің белгісі болатынын аңғаруға болады. Яғни біз күнделікті есітіп, қолданып жүрген түс атауларымен келген есімдер олардың тек қана түр-түсіне байланысты емес, заттың көлеміне, сапасына, басқа да қасиеттеріне байланысты аталған. Сан мыңдаған тарихы бар қазақ даласының атауларының осы күнге жетуіне, олардың тектен текке аталмағаны себеп болса керек. Әрбір жердің, тау мен тастың, өзен мен көлдің,сол жерлерде мекен ететін тіршілік иелерінің аттарының сырын білу үшін, жай ғана топшылай салуға болмайды. Керісінше сол атаулардың тарихына тереңірек үңіле білу керек.
Ұлтымыздың басынан «сан қилы» тағдыр өтті. Бұл көптеген топонимдердің өзгеріске ұшырауына, ұмыт болуына, басқа атаудың пайда болуына әсер етті. Осыған байланысты бүгінгі күні жер-су атауларын зерттеу өзекті мәселелердің біріне айналып отыр. Кез-келген аймақтың топонимикалық жүйесінде географиялық атаулардың алар орны ерекше. Мамандардың болжамына қарағанда, республикадағы жер-су аттарының саны «орташа есеппен 1 ш.м. жер бір атауға ие» деп есептегенде, кемінде 2,5 миллионға жуық атау бар көрінеді. Демек, республикамызда мыңдаған ірілі-ұсақты елді-мекеннің, 50 мыңнан астам көл, 85 мыңнан аса өзен атаулары бар деген сөз. Осы орайда «осы мыңдаған атаулар қай тіл негізінде дүниеге келді?» деген заңды сұрақ туындайды. Кез-келген ғалым республикамыздағы жер-су аттарының қойылуына қазақ тілінің, қала берді түркі тілінің ықпалы мол болғанын жасыра алмайды.  Десек те біз бұл талдауымыз арқылы жер-су аттарына белгілі бір дәрежеде моңғол-қалмақ тілінің ықпалы болғанын айта кетуді жөн санадық. Десек те, «аталған жер-су атауларының бәрі тек моңғол тілі негізінде қойылды» деген пікірді білдірмейді. Керісінше, саяси-әлеуметтік үрдістердің топонимдерге қалай әсер еткенін көрсетеді
Жас ұрпақтың міндеті-ата-бабамыздан қалған қасиетті атауларды көзіміздің қрашығындай сақтап, болашаққа аман-есен жеткізу деп ойлаймын.