Саба? жоспары: Павлодар ?аласы


Тақырыбы: Павлодар қаласыМақсаты:
Білімділік: Қазақстанның ірі қалалары туралы әңгімелесу. Павлодар қаласы туралы мәліметтер беру, көрнекті жерлерімен таныстыру.
Дамытушылық: Ауызекі сөйлеу қабілетін және логикалық ойлау қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: Әдептілікке, мәдениеттілікке,патриоттылыққа тәрбиелеу .
Сабақ түрі: Жаңа сабақҚолданылатын әдіс – тәсілдер: түсіндіру, баяндау, сұрақ – жауапҚолданылатын көрнекіліктер: ақпараттық технология, слайдтар.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Сәлеметсіңдерме балалар!
Отырыңдар.
Сыныпта кім кезекші?
Бүгін сыныпта кім жоқ?
Қазір қай жыл мезгілі?
Көктем айларын атаңдар?Көктем мерекелерін кім айтады?
Фонетикалық жаттығу:
Қасым Аманжоловтың Қазақстан атты өлеңін балаларға оқыту.
ҚазақстанҚазақстан дейтін менің бар елім,
Жатыр алып жарты дүние әлемін!
Бұл даланы анам жаспен суарған,
Бұл далада атам қолға ту алған.
Бұл далаға жылап келіп, уанғам,
Бұл даланы көріп алғаш қуанғам,
Бұл далада өскен жанда жоқ арман!
Қ. АманжоловІІ. Жаңа сабаққа дайындық кезеңі:
Қазақстанның қанша облысы бар?
Қанша ірі қалалары бар?
Қандай қалаларын білесіңдер?
Балалар бүгін біз сендермен Павлодар қаласы туралы мәліметтер аламыз. Мәтінді оқып, жаңа сөздермен танысып және диалогты толықтырамыз.
ІІІ. Түсіндіру, қабылдау кезеңі:
Сабағымызды бастамас бұрын бүгінгі тақырыпқа байланысты жаңа сөздермен танысайық.
Сөздікмәртебе – статусжағажай – места отдыха на берегутартады – привлекаетқажеттілік – первая необходимостьжаңғырды – возобновлен
жаңа сөздерді мұқият тыңдап, қайталаңдар.
Павлодар қаласы мәтінін өзім тиянақты оқып беремін, оқушыларға тізбектеп оқытамын.
Мәтінді оқып жатқанда Павлодар қаласының көрнекті жерлерінің суреттері слайд арқылы тізбектеліп көрсетіледі.
IV: Жаңа сабақты түсінгенін тексеру кезеңі:
Бұл кезеңде балаларға сұрақ қою арқылы түсінгендерін тексеру:
Сұрақтар:
1. ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ ҚАЙ ҒАСЫРДЫҢ БАСЫНДА ПАЙДА БОЛҒАН ҚАЛА?2. Қай жылы Павлодар атауы берілген?3. Қалада нелер пайда болған?4. Павлодар қандай қала?5. Қазіргі кездегі Павлодар қанша шақырымға созылады?6. Мұнда қандай өндірістік орталықтар бар?
Дәптермен жұмыс:
Балалар 157-ші бетті ашамыз мәтіннен кейінгі тапсырмаға назар аударамыз.
Диалогты толықтырып, берілген сұрақтарға толық жауап береміз. Осы тапсырманы ауызша жауап беріп, жазбаша дәптерге жазу.
V. Жаңа сабақты бекіту кезеңі:
Бұл кезеңде Венн диаграммасын қолдану арқылы сабақты бекітемін. Венн диаграммасында Павлодар мен Қызылорда қаласының ұқсастығы мен айырмашылықтарын салыстырамыз.
VI. Үйге тапсырма және бағалау кезеңі:
Үйге тапсырма:
157 беттегі мәтіннің мазмұнын айту, жаңа сөздерді жаттап және сөз тіркестерін құрау.