Ежелгі д?уір ?дебиеті ашы? саба?


Топ 47
Әдебиет
Сабақтың тақырыбы: Ежелгі дәуір әдебиеті
Сабақтың мақсаты.
Білімділік: Қазақ ұлтының әдеби мұрасы Орхон-Енесей жырларының тақырыбы мен идеясын түсіндіру
2.Дамытушылық: Оқушының тіл байлығын жетілдіру , балаларды тез ойланып, жауаптарын тиянақты айта білуге дағдыландыру.
3.Тәрбиелік: халқымыздың мұрасын бағалай білуге,елін сүюге тәрбиелеу Сабақтың көрнекілігі: Оқулық, дидактикалық материалдар, т.б.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері: әңгімелеу, өз бетімен жұмыс,сұрақ-жауап
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен амандасу
-Балалар бүгін қыркүйектің нешесі?
-7 саны жайлы не білесіңдер?
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.
Енисей өзені аңғарынан құпия жазуы бар құлпытастар (ескерткіштер) табылғаны туралы алғашқы хабарды Н. К.Видзен, С. У. Ремезов, сондай-ақ Сібірде айдауда жүрген швед офицері И. Т. Страленберг пен немістің белгілі ғалымы Ц. Г. Мессершмидт, т. б. бергенін XVIII ғасырдың бас кезінде жазған мақалалары мен хаттарынан білеміз.Скандинавия халықтарының тілінде «рунь», яғни «руна» деген сөз казақша аударғанда «сыры ашылмаған», «құпия» деген мағына береді. И. Т. Страленберг өзі тапқан құлпытастардағы бұрын-сонды тарихта белгісіз болып келген, ешкім түсінбейтін жат жазуды өз елінің тілінде руна жазуы деп атаған еді. Құлпытастардағы белгісіз жазулардың сырын ашу үшін В. В. Радлов 1891 жылы сонда барып, бірқатар ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізді.Бұл кезде Финляндия археологиялық қоғамыда Енисей өзені бойына, Минусинск қаласына екі мәрте ғылыми экспедиция жасап қайтқан еді.Сөйтіп, 1892 жылы Петербург пен Гельсингфорста орыс және фин ғалымдары жасаған экспедицияларының жұмыс қорытындысы туралы есептері баспасөз де жарияланады. Ғалымдар ескерткіштегі жазуларды суретке түсіріп, атлас жасаған еді.Алайда бұл руна жазуының құпиясы кепке дейін ашылмай-ақ қойды. Ескерткіштердегі жазуды ешкім оқи алмады. Ол туралы әр түрлі болжам айтыла бастады. Бұл жазудың түп тамыры ежелгі грек мәдениетіне қатысты деушілерде, оны ежелгі монғол жазуы, фин жазуы, скиф-славян жазуы деп жорамалдаушылар да жазудың сырын ғылыми негізде ашып бере алмады.Ақыры 1893 жылғы қарашаның 25-і күні Дания корольдік Ғылым академиясының мәжілісінде Вильгельм Томсен ғылыми әлемді дүр сілкіндірген мәлімдеме жасады. Ғалым Орхон мен Енисей өзендері бойынан табылған ескерткіштердегі құпия жазуды оқудың кілтін ашқандығын хабарлады. Сондай-ақ ол бұл ескерткіштер түркі халықтарының тілінде жазылғанын мәлімдеді. Ғалымның ең алдымен оқыған сөздері «тәңірі» және «түрік» деген сөздер екен.Дәл осы кезде академик В. В. Радлов та өз бетінше ізденіп, руна жазуының он беске жуық әрпін анықтап алған еді. Арада көп уақыт өтпей-ақ, В. В. Радлов Орхон өзені бойынан табылған үлкен тастардағы мәтінді толық оқып, сонан соң оны аударып шықты.
ІV. Cабақты меңгерту
Алып Ер Тұңға жырын оқу
V. Сабақты қорытындылау. VІ. Үйге тапсырма беру.
Үзінді жаттау
VІІ. Бағалау.