?аздар ?айтып барады (8-сынып)
Күні:12.03.2015 Сыныбы: 8
Пән мұғалімі: Момбаева Рауза 2 -сабақ
Сабақтың тақырыбы: Қ.Жұмаділов «Қаздар қайтып барады»шығармасының көркемдік ерекшелігі, тәрбиелік мәні(2-сағаты)
Сабақтың мақсаты Оқушыларға жаңа білімді өздігінен игерту арқылы адам психологиясының ішкі сезім толғаныстарын суреттеуде жазушы шеберлігін оқушыларға таныту. Жазушының өз шығармасында ана тілінің бай қазынасын шебер қолданғандығын түсіну. Отанға, туған жерге деген махаббаттың мәнін түсіндіру. Оқушыларды оқу үрдісінің барлық аспектілеріне белсене қатынастыру.
Сабақтың міндеттері 1Оқушыны өз бетінше білім алуға бейімдеу.
2. Өз ойын жеке пікірін жүйелі жеткізуге дағдыландыру, ізденушілік қабілетін дамыту.
3. Ұлттық құндылықтарды бағалауға үйрету
Күтілетін нәтижелер
Оқушылардың танымдық қасиеттері дамиды. Бір-біріне кеңес береді, өз алдына мақсат қояды. Қателерін түзейді. Алған нәтижелерін қадағалайды. Оқушылар өз білімдерінің деңгейін өздері бағалайды.
1)Әдістемелік нұсқаулық
2)С.Мирсейітова «Оқыту ізденіс ретінде және ізденіс оқыту ретінде»
3)Оқулық 8-сынып Алматы «Мектеп»2009
4)Интернет материалдары,бейнеролик ,үнтаспа
Дерек көздері Сабақтың типі:
Сабақтың түрі:
Сабақтың әдісі:
Модульдің кіріктірілуі
Сабақтың көрнекілігі:
Пәнаралық байланыс:
Материалды жүйелеу
аралас сабақ
«Алақан жылуы» , «Ойлан,жұптас, бөліс»әдісі, «Білім шеңбері»
топтық жұмыс, сұрақ - жауап, проблемалық сұрақтар
АКТ,көшбасшылық,сыни тұрғыдан ойлау,диалогтік оқыту
әдеби - көркем шығармалар жинағы, кеспе қағаздар, слайдтар, маркер ,А1
тарих, география, музыка
Сабақтың жүру барысы
Уақыты Мұғалім іс-әрекеті Оқушы іс-әрекеті
I.Ұйымдастыру
кезеңі
2 минут I.Ұйымдастыру
1)Психологиялық дайындық
«Алақан жылуы»
2)Оқушыларды жапырақтар бойынша топқа бөлу.
Оқушылар бір-біріне тілек тілейді.
Оқушылар жапырақтың астындағы әндерді орындай отырып,топқа бөлінеді.
ІІ .Үй тапсырмасын сұрау
10минут Миға шабуыл
видео«Қаздар қайтып барады»ән тыңдалады
Жаңағы тыңдалған әннің бүгінгі сабағымызға қандай қатынасы бар?
«Ойлан, жұптас, бөліс»әдісі
Сұрақтар: 1 топ Байтас қартты туған жерге жетелеген қандай құдірет, қандай күш?
ІІ топ Қарттың қырық жыл бойы сақтаған бойтұмары туралы өз ойың мен көзқарасың қандай? Оқушылар Қ.Жұмаділов «Қаздар қайтып барады» шығармасы бойынша алған білімдерін ортаға салады.
Оқушылар постер қорғайды.
ІІІ Мағынаны тану
10 минут Әңгіме құрылысына талдау жасау:
Басталуы – Жалғыз жортқан жолаушы, жолда көрген қиыншылықтар
Байланысы – Ойға оралған өткен күн немесе жалғыз немере Төлеутай
Оқиғаның дамуы – Кінәсіз тағылған айып, күтпеген қасірет
Шарықтау шегі – Қырық жыл бойы көкірек түкпірінде жатқан ұзақ сыр
Шешімі – Тұмардағы бір уыс қиыршық тастың туған жер топырағына түсуі
Идеясы – Отан -оттан да ыстық.
Оқушылар
топпен жұмыс жасайды
5минут
І топ
Тақырыптық түйінді сөздер
(келтірілген сөздердің қайсысы жатады?)
І топ Тақырыптық түйінді сөздер (келтірілген сөздердің қайсысы жатады?)
Сөздің банкісі Біздің тақырып
Оқушы ,туғанжер,Көкжал,қозыкүрең ,немере,әдіс, бес ,асу,шана ,Төлеутай ,Сатай,қоңыр күз,шекара,Тарбағатай ,семинар,қаз,өзен
Оқушыны таныстыру үшін тақырыпқа қатысы бар сөздер оған қатысы жоқ сөздермен араластырылып беріледі.
Оқушылар негізгі сөздерді табады.
5минут
ІІ топ
Бейнелі сөздерді табу.
ІІ топ
Бейнелі сөздерді табу.
1.Жаз жәрмеңкесі тарап,қоңыр күз қонақтаған.
2.Қарт сезімі бұрауы жеткен домбырадай тырсылдап,шертіп тұр.
3.Жыртқыш аңдай долдана ағып жатыр.
4.Өне бойы ағаштай сіресіп қалыпты.
5.Сай-сала үңірейіп,жұтып қоятындай болып тұр.
6.Тағы бір түн қанатын жайып келе жатты.
7.Өрттен қалған қу томардай болып қалды.
8.Ауылдастарының тырнағын жібітіп,сорпа-судан кенде қылған емес.
9.Бейне бұрауы таусылған ойыншықтай буын-буыны босап,өне бойы салдырап бос қалды.
Оқушылар мәтіннен табады.Үзінді оқиды.
6 минут І топ
Байтас қартқа мінездеме беріңдер.Оның мінезінен қандай ерекшеліктерді байқадыңдар?
Байтас қартЖолға шықты,қасқырмен алысты,туған жерге асықты,шаршады,қажыды,отбасынан айырылды,немересін бақты, шекарадан асты,туған жеріне жетті. Бойындағы қасиеттерҚайсар, қажырлы, төзімді,туған еліне деген сағынышы басым,рухы биік, адал жан.ІІ топ Мәтіндегі жер-су,өзен аттарын теріп жазу
Етікші
Айнабұлақ
Тентек Халдай
Жер,су,өзен аттары
Көпшілік
Нұра
Тарбағатай
Арғанаты
Күнкейтас
Топпен жұмыс
ІҮ Сабақты бекіту
2минут
Сабақты бекіту
Семантикалық карта
р/с Көркемдегіш сөздер Тұрақты тіркес Теңеу Мақал-мәтел Эпитет Көнерген сөздер Кейіптеу
Қоңыр күз + Қайсар қарағайлар + Келідей тас + Нардың өркешіндей. + Жапырақтар күбірлейді +
Қарағайлар басын тік ұстап +
көкке шаншыла қарап тұр + Бармағын шайнап + мойын бұрғызған жоқ + шекпен + Шоқай + “Өлмегенге өлі балық кездеседі”, + “Түз несібесі-тәңір + Шеңбер құру арқылы өз ойларын айту «Білім шеңбері»
Бүгінгі сабақ саған ұнады ма?
Жиынтық бағалау
Үйге тапсырма.
«Өз елің – алтын бесігің» эссе Оқушылар
топпен жұмыс жасайды
Ү Қорытынды
3 минут
Кері байланыс
ҮІ. Бағалау
2-минут
ҮІ І. Үйге тапсырма
Мен, 2015 жылы наурыздың 12 жұлдызында аудандық «Оқытудағы басқару мен көшбасшы»коучинг-сессия бағдарламасы бойынша 8-сынып оқушыларымен әдебиет пәнінен «Қаздар қайтып барады» тақырыбында шебер сынып сабағын өттім.Сабақты психалогиялық ынтымақтастық атмосферасы орнату арқылы «Алақан жылуы» әдісімен бастадым . «Атамекен» және «Құстар қайтып барады» әнін тыңдатып 2 топқа бөлдім .
Үй тапсырмасын «Ойлан, жұптас, бөліс»әдісі арқылы сын тұрғысынан ойлауды сабағыма кіріктірдім. Оқушылар алдымен жұппен ,сосын топпен талқылады . Үй тапсырмасын бекіту кезеңінде 2 топ постерге оқушылар өз дерінің білетіні туралы жазып, суретін бейнелеу арқылы әр топтан 1 оқушы шығып қорғады. . ББҮ кестесі таратылып, оқушылардың нені білгенін? ,нені білетінін?, нені білгісі келетінін? анықтадым .Білгісі келетін сұрақтар бойынша ресурстар таратылып, жұппен талқылады.Ондағы мақсатым: балаларға терең білім беру, жаңа әдіс –тәсілдерді игеру, іздену арқылы баланың ойлау қабілеті артатынын байқадым. Миға шабуыл кезеңінде жаңа сабақтың құпиясы видеороликтен «Қаздар қайтып барады» әнін тыңдау арқылы оқушыларды ойлауға жетеледім. Жаңа сабақты өз беттерінше оқып топпен ой бөлісті.
Мағынаны тану кезеңінде «Сатылай кешенді талдау» технологиясы арқылы талдау жұмыстары 2 топқа бірдей берілді . 1топқа «Тақырыптық түйінді сөздер» ,2 топқа « Бейнелі сөздерді табу» топпен жұмыс жасау арқылы бір-бірлерін тыңдауға, сабақ барысында өздерінің ойларын еркін жеткізіп, сыни тұрғыдан ойлануға тырысатын, оны дәлелдей алатын тұлға қалыптасады.
Байтас қартқа мінездеме беру 1 топқа берілді.Оның мінезінен қандай ерекшеліктерді байқадыңдар? деген сұраққа ойланды, жауап іздеді. ІІ топ Мәтіндегі жер-су,өзен аттарын теріп жазу арқылы Қазақстанның әр жеріне саяхат жасады. Ал сергіту сәтінде «Көңілді күн» әніне би билетіп сергіп алды. Сабақты бекіту кезеңінде « Семантикалық карта» толтырылды.
Қорыта келе, сабақ соңында Акт-ны пайдалану арқылы оқушыларды «Білім шеңберіне» шығарып ой толғанысын тыңдадым. Кері байланыс парағы таратылып , өз деңгейлерін көрсетті. Формативті бағалау әр кезеңде жүріп отырды . Сабақ кезінде түрлі кедергілер болды. Әсіресі,уақыттың жетіспеушілігі. Дегенмен сабақ өзіме жақсы әсер қалдырды,себебі қолданылған стратегиялар сабақтың ілгерілеуіне ықпалын тигізді.