Урок по казахскому литературу на тему ?абдеш Ж?маділов «?аздар ?айтып барады»
Сабақтың тақырыбы: Қабдеш Жұмаділов
«Қаздар қайтып барады»
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік – жазушының өмірі мен шығармашылығына шолу жасау, оқушыларға жаңа білімді өздігінен игерту арқылы шығарманың мазмұны, тақырыбы мен идеясын ашу.
2. Дамытушылық - шығармашылық қабілеттерін дамыту, ойларын нақты, дәл жеткізе білуге, позициясын қорғай білуге дағдыландыру, сөйлеу тіліне, сөйлеу мәдениетіне көңіл бөлу, дүниетанымын кеңейту, пәнаралық байланыс арқылы пәнге қызығушылығы мен белсенділігін арттыру.
3.Тәрбиелік – туған жеріне, атамекеніне деген сүйіспеншілігін ояту, патриоттық сезімдерін қалыптастыру.
Сабақтың типі: жаңа білімді өз беттерімен меңгерту сабағы.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: әңгімелеу, топтық жұмыс, сұрақ-жауап, проблемалық сұрақтар, сын тұрғысынан ойлау.
Сабақтың көрнекілігі: плакаттар, түрлі-түсті қалам, таратпалы карточкалар.
Техникалық құралдар: интерактивті тақта.
Пәнаралық байланыс: тарих, музыка, география.
Сабақтың барысы.
І. Ұйымдастыру кезеңі.
1.Сәлемдесу, Оқушыларды түгендеу.
2. Үй тапсырмасын пысықтау. Өткен тақырып, Міржақып Дулатов «Шешенің балаларын сүюі» өлеңін жаттау.
Ітоп «Баяндаушылар», ІІ топ «Зерттеушілер», ІІІ топ «Талқылаушылар», ІҮтоп «Сипаттаушылар»
3.Үй тапсырмасын пысықтау
Жаңа сабаққа көшу. Мұғалімнің кіріспе сөзі.
Қазақ әдебиетімізде өзіндік қолтаңбасы бар жазушы, тарихи шығармалардың шебері Қабдеш Жұмаділовтің «Қаздар қайтып барады» әңгімесімен танысамыз. Қабдеш Жұмаділов 1936жылы 24 сәуірде Шығыс Түркістанда (Қытай Халық республикасы) Шыңжан өлкесі, Тарбағатай аймағы,Шәуешке ауданы, Малдыбай ауылында дүниеге келген.1965 жылы Қазақ ұлттық университетінің филология бөлімін тәмамдаған. «Қаздар қайтып барады» әңгімесімен-ақ қазақ әдебиетіне талантты қаламгер келгенін дәлелдеді.Бірнеше әңгіме, хикаяттары, «Атамекен», «Соңғы көш» романдары жарық көрді. «Тағдыр» атты романы үшін жазушы мемлекеттік сыйлыққа ие болды. « ... Қабдеш-тілге аса бай және әр сөздің сиқырлы бояуын жан-тәнімен нәзік сезінетін жазушы». 2014 жылы жазушының 78 жасқа толған мерейтойы атап өтілді.
Балалар, сендердің ойларыңша қаздар қайда қайтуы мүмкін.
(Интерактивті тақтаға балалар өз ойларын ассоцация әдісімен жазып шығады..)
Көлге Ұясына
Қаздар қайтып барады
Мекеніне
Жылыжаққа Суық жаққа
Туған жеріне
Балапанына
- Дұрыс, олай болса біз шығарманың өзімен танысып көрейік.
ІІ. Слайд.Әңгіменің мазмұнын ашу, тақырыбы, идеясын ұғыну сұрақтары:
Жолға шыққан қарт қайда сапар шегіп келеді? Оның сапар шеккеніне неше күн өтті?2. Асудың ұшар басының табиғаты қандай екен?3. Қарттың жол азығы қандай?4. Неліктен жолаушы қиын да болса төте жолды таңдады?5. Қуғыншыдан қауіптенбей, жолаушының көкжалдан қорқуы неліктен? Қарт көкжалдан қалай құтылды?6. Өзеннен өтіп демалып отырғанда адамның қу басын көрген ол құдайға не деп жалбарынды?7. «Өрттен қалған қу томардай болып жалғыз қалдым» деуінің мәнісі не?8. Қарттың басты өкініші неде деп ойлайсың?9. Немересімен үйрек атуға барғанда қаздар туралы айтқан әңгімесінің түйіні не, қарт күрсінісі нені аңғартады?10. Неліктен жолаушы шекара сызығын қыл көпірдей сезінді?11. Туған жер топырағын аттаған қарттың сезім күйін, сағынышын, қуанышын автор қалай суреттеген?12. Байтас қартты туған жерге жетелеген қандай құдірет, қандай күш?12. Әңгіме неліктен «Қаздар қайтып барады?» деп аталады?13. Қарттың қырық жыл бойы сақтаған бойтұмары туралы өз ойың мен көзқарасың қандай?
Оқушыларды жұптасып жұмыс жасауға үйрету.
Іжұп «Баяндаушы», ІІжұп «Зерттеушілер», ІІІжұп «Талқылаушылар»,
ІҮжұп «Сипаттаушылар».Әңгімені оқуға 10 минут уақыт беріледі.ІІІ слаид. Төмендегі сөздерге өз сөзіңмен түсінік бер:Титығы құру –Таңдай жібітіп, талшық қып келе жатқаны –Көзі шырадай жану –Қан қақсау –Бармағын шайнау –Тілі аузына сыймау –Жігері құм болу –Ет жүрегі езілу –Қайырымы тию –Тырнағын жібіту –Жыртылып айрылады –Өзегі тала қоймаған –
ҮІІІ слайд. Бейнелі сөз тіркестерін ізде және нені бейнелейтінін жаз:
Бейнелі сөз тіркестері, сөйлемдер Нені бейнелейді?1. Жаз жәрмеңкесі тарап, қоңыр күз қонақтаған.2. Қарт сезімі бұрауы жеткен домбырадай тырсылдап, шертіп тұр. Жаз өтіп, күз келгені3. Жыртқыш аңдай өкіріп, долдана ағып жатыр.4. Өне бойы ағаштай сіресіп қалыпты.5. Сай - сала үңірейіп, жұтып қоятындай болып тұр.6. Тағы бір түн қанатын жайып келе жатты.7. Өрттен қалған қу томардай болып қалды.8. Ауылдастарының тырнағын жібітіп, сорпа - судан кенде қылған емес.9. Бейне бұрауы таусылған ойыншықтай буын - буыны босап, өне бойы салдырап бос қалды.Іжұп «Баяндаушы» Әңгімені баяндайды.
ІІ жұп «Зерттеушілер » Оқыған шығарманы құрылысына қарай талдайды
жұпта отырып бір-бірімен ой бөліседі.
Шығарманы композициялық құрылысына қарай талдау.
Басталуы – Жалғыз жортқан жолаушы.
Байланысы – Жолда көрген қиыншылықтар
Шегініс - Ойға оралған өткен күн немесе жалғыз немере ТөлеутайОқиғаның дамуы – Кінәсіз тағылған айып, күтпеген қасіретШарықтау шегі – Қырық жыл бойы көкірек түкпірінде жатқан ұзақ сыр, сапарШешімі – Тұмардың ішіндегі топырақтың жерге түсуі немесе елге жету.Идеясы – Отан оттан да ыстық.
ІІІ топ «Талқылаушылар»
Байтас қартқа мінездеме беріңдер.Оның мінезінен қандай ерекшеліктерді байқадыңдар?
Шығарма-ның аты Авторы Кейіп-кері Іс-әрекеті Адами қасиеті
«Қаздар
қайтып
барады» Қабдеш
Жұмаділов Байтас
қарт Жолға шықты,
қасқырмен алысты,
туған жерге асықты, шаршады,
қажыды, отбасынан
айырылды,
немересін бақты,
шекарадан асты,
туған жеріне жетті. Қайсар, қажырлы,
төзімді, туған еліне деген сағынышы басым рухы
биік, адал жан.
IV топ. «Сипаттаушылар » Әңгіменің басты кейіпкері Байтас қарт арманына жетті деп ойлайсыңдар ма? Дәлелдеңдер.(Оқушылардың пікірі былайша өрбиді)
Жетті Жеткен жоқ
Байтас қарт қырық жыл бойы күткен
арманына жетті.
Ата-бабасы қалған, кіндік қаны тамған туған
жеріне, өз үйіне келіп шамалы болса да
ұйықтап, демін алды.
«Енді өліп кетсем де арманым жоқ» деді. Байтас қарт арманына жеткен жоқ.Себебі жатжерде
оның жақын адамдары қалды.Өзі
туған еліне келгенімен, бір өзі қалай өмір сүрмекші?Оның үстіне артынан ит жетек-
теген шекарашылар түскен жоқ па?
Жұппен жұмыс
І жұп.
1.Әңгімені оқығанда немесе тыңдағанда ойларыңа не сақталып қалды? сақталған жерлерін мәтіннен тауып оқыңдар. (Кітаппен жұмыс.) Сұрақ-жауап.
ІІ жұп. Жазушы осы әңгімесі арқылы не айтқысы келді?Әңгіменің маңыздылығы неде? Туған жер топырағын аттаған қарттың сезімі, сағынышы, қуанышы қалай суреттелген? (Әңгіменің тақырыбын ашу.)
ІІІ жұп.
Әңгімеде кездесетін жер-су, тау аттарын теріп жазыңдар(Оқушылардың жауабы)
1.Етікші, Тапрбағатай, Күйгентас, Тентек+Халдай, Айнабұлақ, Арғанаты,
Көкшілік, Нұра
Проблемалық сұрақтар қою.
Байтас қарт қайда сапар шегіп келеді?
Оның бөтен елге баруының себебі неде, не үшін барған деп ойлайсыңдар?
Байтас қарт шекараны неге бұзып өтті?
Қабдеш аға тарихи Отанына қай жылы оралған еді? (1962 жылы, сәуір айында)
Жазушы, Байтас қарт, қаздың арасында қандай ұқсастық бар? (зерттеу)
Сабақты бекіту.
Байтас қартты қырық жылдан кейін шекара асыртып, жолда көрген қиыншылықтарына төзе отырып алып келген бір-ақ нәрсе, ол – туған жерге деген сүйіспеншілік, туған жердің топырағы.
Қасиеті сіңген туған жерін жат елде жүріп бір сәт те ұмыта алмай туған жерге оралған қандастарымыз қаншама! Мұртаза Бұлытай, Майра Мұхамедқызы, Шұғыла Сапарғалиқызы сынды қандастарымыз туған еліне келіп еңбек етуде.
Тағдыр талайымен кезінде тарыдай шашыраған қазақтарымыз дүние жүзінің 55 елінде өмір сүріп жатыр екен. Осы ретте мына бір сызбаға көз салсақ.
АҚШ-та 14 000
Ресейде
740 000 Өзбекстанда 1 550 000
Украинада 15 000 Моңғолияда 100 000
Туркияда ҚАЗАҚСТАН Қырғызстанда 45 000
25000
Өзбекстанда 1 550 000
Иранда 12 000
Қытайда 1 500 000
Ауғанстанда 30 000
Тәжікстанда 10 000
Қазіргі таңда Астана қаласындағы Елбасымыздың тікелей қолдауымен шет елден қоныс аударған «Нұрлы көш». Еліне оралған Отандастарымыз жермен, тұрғын үймен, жұмыспен қамтамасыз етіліп бүгінгі күнде Елбасына айтар алғысы шексіз.Соңғы кезде атамекеніне оралып, елінің көркеюіне өз үлесін қосып жүрген азаматтар баршылық.
- Балалар, «Өзге елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол» демекші, өз туған жеріміз өзімізге ыстық.Қай жерде, қай елде, тіпті гүл жайнаған бөтен елде жүрсең де бәрібір саған туған жерің қымбат.Себебі туған жерің – сенің кіндік қаның тамған жер, ата-бабаң ғұмыр кешкен жер, ағайын-туыс, достарың жүрген жер, тарихи Отаның.Сондықтан туған жердің қадірін біліп, өз Отанына қалтықсыз еңбек ету - әрбір азаматтың борышы.Бүгінгі сабағымыздың ұраны «Әркімнің туған жері – Мысыр шаһары» болып қалсын!
Ендеше, балалар,туған жерге сүйіспеншілігімізді білдіру мақсатында бүгінгі сабағымызды
Е.Хасанғалиевтің «Атамекен» әнімен аяқтайық.
Бағалау.
Үйге тапсырма: «Кіндік қаным тамған елім» деген тақырыпта ой толғау жазып келу.
Шығарманы композициялық құрылысына қарай талдау.
Оқиғаның
басталуы
Байланысы
Шегініс
Оқиғаның дамуы
Шарықтау шегі
Оқиғаның шешімі немесе шиеленісуі
Идеясы