Ашы? саба? .М.Ма?атаев А??улар ?йы?та?анда
Сабақтың тақырыбы: «Аққулар ұйықтағанда»
Пән мұғалімі: Оралбаева Э.Қ.
Сабақтың мақсаты: Оқушылар М.Мақатаев өмірі,
шығармашылығы туралы, поэмасы
туралы дерек алады, терең мағұлмат
алады.
4. Сабақтың міндеті:
1. Мазмұнға:
Оқушылар М.Мақатаевтың ғасыр
ақыны екендігін, өмірі,
шығармашылығын танып біледі,
поэмасымен, мазмұн, идеясын
айқындап біледі.
2. Сын тұрғысынан: Мұқағали өміріне шолу
жасайды, өзіндік ойларын
дәлелдей біледі, пікірлерін ортаға
салады, сипаттама жасай алады.
3. Топтық жұмыс: Аққу құсқа сипаттама бере алады.
5.Бағалау:
-Мұқағали өмірінің іздене зерттей алғаны үшін
-поэманы талдай білгені үшін
-өз пірін айта алғаны үшін
-әр кезеңдегі белсенділігі үшін.
6. Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгерту сабағы
7. Сабақтың әдісі: Баяндау, талдау, ой қозғау, СТО.
8. Көрнекілігі: М.Мақатаев шығармашылығынан жинақ,
портреті.
Аққу құсқа байланысты суреттер А.Үлкенбаева
орындаған «Аққу» күйі.
М.Мақатаев ақындығы туралы көрнекі сөздер.
1. Қызығушылықты ояту.
«Аққулар ұйықтағанда» поэмасының суреттелуін көрсете
отырып қызығушылықты ояту.
2. Мағынаны ашу.
1.а. М.Мақатаев өмірі, шығармашылығын бір оқушы
конспектілеп келу тапсырмасы бойынша шығады.
1. М.Мақатаев 19321ж. Алматы облысы Нарынқол
ауылында дүниеге келген.
2.Мұқағали отбасы туралы
3. Мұқағалидің білім алу жолы.
4. Мұқағалидің ұлы шығармалары.
ә. «Аққулар ұйықтағанда» поэмасымен таныстыру.
«Болжау стратегиясын пайдаланып тұру». Әр бөлімге
балалармен ат қою.( кодоскоптан бөлек-бөлек көрсетіледі.)
Жоспар:
1 бөлім: 1.Ақ мүсін-аққу-айдын көлде.
2.Жетімсіреген Жетімкөл
2 бөлім: 1. Бала жатыр төсекте албыраған.
2. Тәуіп щал: «Аққуменен баланы
аластаңдар»
3. Аққуды атқан ана.
3 бөлім: 1. Жылқышы қарттың ойлы сөзі.
2. Қанға боялған аққу.
3. Өлім құшқан ұл.
4. Есін жоғалтқан ана.
(Әр бөлімнен кейін кідіріс жасап, оқушы ойын тыңдау).
2. «Ойлану баспалдағы» стратегиясы бойынша оқушы ойларын дәлелдемелермен поэма желісі, кейіпкерлері бойынша ой толғату.
1.Ана.
2.Ана, аққу.
3.Ана, аққу, тәуіп шал.
4.Ана, аққу, тәуіп шал, жылқышы қарт.
5.Ана, аққу, перзенті.
1. Албырт жатқан баласын қарғауға талпынған Ананың кінәсі не? ( ой қозғайды.)
2. Табиғаттың сұлу еркесі- Аққудың қанға боялуы мен перзентінен айырылып ақылынан адасқан Ананың өмірі бір болып көрінеді.
3.Жан ұшырып баласы үшін шырылдаған Ананың киелі Аққудың атуына тәуіп шалдың «Аққуменен аластаңдар» деген сөзі себеп болды.
4. Абыржып, мың ойланған бейбақ Ана киелі құс төресі- Аққуды тәуіп шал айтса да атуға болмайтынын және тым болмаса ырым жасап саусағын да қанатпағанын Жылқышы қарт айтқан кезде ғана есіне түсіреді.
5. «Кешіре гөр, кешіре гөр жаратқаным» деп екі қолын ербендеткен Ананың құлағына қанға боялған аққудың арман-әні келгендей болады, ал баласы ақ төсекте, айдындағы өлі аққуға ұқсайды.
III. «Аққулар ұйықтағанда» деп аталу себебі неде деп ойлайсыңдар?
Ақынның туған жер сұлулығы, аққудың үні, қасиеті, киелілігі, ана мен бала арасындағы махаббат, ұлттық сенім-наныммен көмкерілген шығармаларының ішіндегі үздігі.
IV. Аққудың киелілігіне байланысты тағы қандай ырым, тыйымдарды білеміз?
Аққуды атпа киесі соғады.
Аққу-құстың төресі.
-Аққуды атарда тың болмаса саусағыңды қанаттың ба?
т.с.с.
V. Н.Тілендиевтің «Аққу» күйін Айгүл Үлкенбаеваның орындауында үн таспадан тыңдау.
VI. Күй тыңдай отыра поэма бөлігін мәнерлеп оқыту.
VII. Жылқышы қарт пен Ананың диалогін екі оқушыға рөлге бөліп оқыту.
VIII. Сурет бойынша әңгімелесу стратегиясы бойынша сурет бойынша сөйлем ойлату, дәптерге жазу.
IX. «Топтастыру» стратегиясы бойынша Аққу құстың қасиеттілігіне тоқталып, топтау.
тыныштық иесі
адалдық айдынның
тілекшіАққуеркелері
сұлулық пәктік
символы тазалық белгісі
X. «5 жол өлең» стратегиясы бойынша Мұқағали ақындығын
қорытындылау.
1. Зат есім- Мұқағали
2. Сын есім – көрнекті, жалынды
3. Етістік- жырлады, толғанды, елін сүйді
4. Тақырыпқа байланысты – халық ұлы, ақын, үздік суреткер,
табиғат әсемдігін жырлаушы.
5. Синоним – Ақын.
XI.Бекіту сұрақтарын беріп, сабақты қорытындылау.
3. Ой толғаныс
«Аққу-сұлулық символы» тақырыбында ой толғау, ойларын ортаға салады.