С?йікті Отаным – Т?уелсіздік ?аза?стан (Сыныптан тыс шара)


Бөрлі негізгі орта қазақ мектебінің 2015 оқу жылына арналған «Жас ұлан» ұйымының «Сүйікті Отаным – Тәуелсіздік Қазақстан» атты салтанатты жиынының сценарийі
Өтетін орны: АКТ зал «Жас ұлан ұйымы»
Өтетін уақыты: 14 желтоқсан, 2015 жыл
Мақсаты: Оқушыларға еңсесі биік егемен еліміздің айбынды да азат ұрпақтары екендігін терең ұғындыру. Патриоттық, отансүйгіштік сезімін дамыта отырып, ел бейбітшілігін сақтау жолында үлес қосуға баулу. «Жас ұлан» ұйымының қатарына мектеп оқушыларын қабылдау.
(АКТ залы ҚР мемлекеттік рәміздерімен безендіріледі. «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының таңбасы баннерге бейнеленіп, ілінеді).Шақырылатын қонақтар: Ұстаздар, оқушылар және мектеп әкімшілігі.І жүргізуші: Қайырлы күн қонақтар, ұстаздар және оқушылар «Сүйікті Отаным – Тәуелсіз Қазақстан» атты Бөрлі негізгі орта қазақ мектебінің Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы қатарына қабылдауға арналған салтанатты жиынымызды ашық деп жариялаймыз!
Жас ұлан! Түзел! Тік тұр!
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туына қарап сап түзе!
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні.
Бүгінгі салтанатты жиынымыздың құрметті қонақтары Баштовенко Владимир Григорьвич ауыл әкімі.
Мендибаева Қарлығаш Утебаевна еңбек ардагері
Испанова Зәуре Муханбеткадиевна еңбек ардагері
Ермекбаев Қайрат Төлегенұлы Орман және жануарлар дүниесін қорғау мемлекеттік мекемесінің директоры. Мәслихат депутаты.
І жүргізуші: Салтанатты жиынға «Жас ұлан» ұйымының Туы кіргізілсін!
І жүргізуші: Жас ұлан! Біздің ұранымыз:
«Жас ұлан» - жайдарлы ұйым!
«Жас ұлан» - жалынды ұйым!
«Жас ұлан» - жігерлі ұйым!
«Жас ұлан» - айбарлы ұйым!
Жас ұлан! Түзел! Тік тұр!
Жүргізуші:
Құрметті қонақтар! Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 – жылдығы қарсаңында 2011 жылғы 6 – шілдеде «Жас Отан» жастар қанаты және Назарбаев университеті студенттерінің бастамасымен балалар мен жасөспірімдердің бірыңғай «Жас Ұлан» ұйымы құрылды. Бұл ұйым екі буыннан тұрады: «Жас қыран» 6-9 жас, « Жас ұлан» 10-16 жас аралығындағы оқушыларды қамтиды.
Бүгінгі біздің «Сүйікті Отаным – Тәуелсіздік Қазақстан» атты салтанатты жиында оқуда озат, түрлі өнер байқаулары мен пән олимпиадаларының жеңімпаздары болған оқушылар Бөрлі негізгі орта қазақ мектебі бойынша 1-4 сыныптар арасынан «Жас қыран» ұйымына 15 оқушы, 5 сыныптар арасынан «Жас ұлан» ұйымына 15 оқушы қабылданбақшы.
Жас ұлан! Түзел! Тік тұр!
«Жас қыран» қатарына 1-4 оқушылары арасындағы озат оқушылармен мектептің шараларына белсенді қатысушылар, мектептің спортшылары қабылданады. Оларға «Жас қыран» төсбелгісі тағылады.
«Жас қыран» қатарына қабылданушыларға төсбелгілерді табыстау рәсімі құрметті қонақтарға мектеп ұстаздарына беріледі.
Ғұбайдолла Жолтілек 2а сынып оқушысы
Камешова Айша 2а сынып оқушысы
Ғабдолмажит Мерей 2а сынып оқушысы
Сұлтан Берік 2а сынып оқушысы
Бектаева Аяулым 2а сынып оқушысы
Мырзағали Жангүлім 2ә сынып оқушысы
Базарбаев Оразбек 2ә сынып оқушысы
Нұржанов Дархан 2ә сынып оқушысы
Уахит Бекзат 2ә сынып оқушысы
Уахит Мархабат 3а сынып оқушысы
Гинаятов Темірлан 3а сынып оқушысы
Талап Қайсар 3ә сынып оқушысы
Тоқпанова Гүлназ 3ә сынып оқушысы
Джексенов Данияр 4ә сынып оқушысы
Жолдасқали Дастан 4ә сынып оқушысы
(әуен ойналады)
Ұланбасы:
Отанының ер ұланы, Жер қайысқан қалың қол.Тәуелсіз ел ұланыАнт беруге дайын бол!
Ең жауапты «Жас Қыранның» антын тапсыру сәті келді.
Ант тапсырушы:
Республикалық «Жас Қыран» бірыңғай балалар мүшелерінің анты
Мен , Республикалық бірыңғай «Жас Қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарына кіре отырып: Өз Отаным –Қазақстан Республикасының патриоты болуға;ата-анамды қадірлеуге, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге, мектеп ережелерін сақтауға; салауатты өмір салтын ұстануға; «Жас Қыран» ережесін бұлжытпай сақтауға және оны өз достарымнан талап етуге ант етемін!Ант етемін, ант етемін, ант етемін.(Жас қыранның бір мүшесі ант береді, қалғандары «Ант етеміз» деп 3 рет қайталайды)
Жас қыран ұйымын құттықтау сөз кезегі Бөрлі ауылдық округінің әкімі Владимир Григорьевич Боштавенко және Орман және жануарлар дүниесін қорғау Мемлекеттік мекемесінің директоры Ермекбаев Қайрат Төлегенұлына беріледі.
Ұланбасы: Тәуелсіз ел аясында, бейбіт заман аясында балалық дәурені өтіп жатқан біз – бақытты ұландармыз. Отанымызды өркендету - біздің азаматтық борышымыз.
Жас ұлан қандай?         Үлгі болған кішіге,                                                        
                                        Көмектесер кісіге,                                                         
                                        Жақсылықты сүйетін,                                       
                                           Адал әрбір ісіне!                                                         
Жас ұлан – талантты                                               Жас ұлан – сенімді,
Жас ұлан – қабілетті                                                Жас ұлан – көңілді,      
Жас ұлан – дарынды,                                              Жас ұлан – сыпайы,
Жас ұлан – мейірімді!                                             Жас ұлан – әдепті!
 «Жас ұлан» ұйымы бізге не береді?
Балалар: Жаңа достар, асқақ арман, айқын бағыт,
                                                                    Біріксек, бос кетпейді уақыт!
Ұланбасы: Жас ұлан, алға!                          Келеміз алда!
                 Ойнаймыз, күлеміз,                       Адалдықты сүйеміз!
                  Мына жарқын өмірде                   Алға өрлей береміз!
                  Бізді не біріктіреді?                      Отанға, туған жерге махаббат!
        Біз кімдерге қамқоршымыз?    -Мейірім күткен жандарға, Көмек күткен жан бар ма?!
        Бізге бәрінен не қымбат?       Қуаныш- күйінішімен адам қымбат!
                                                          Бейбітшілік пен достық қымбат!
                                                          Ұят пенен ар қымбат!
Ұланбасы: Бізді не біріктіреді?         Балалар: Ортақ ой мен әсем ән!
Алдарыңызда «Қазақ биі»
Ұланбасы:
Жас ұлан! Түзел! Тік тұр!
«Жас Ұлан» қатарына 5-9 сынып оқушылары арасындағы озат оқушылары, аудандық, облыстық, республикалық олимпиада, спорттық жарыстар, конференциялар, шығармашылық байқаулар жүлдегерлері қабылданушыларға галстуктерді табыстау рәсімі құрметті қонақтар мен ұстаздарына беріледі.
Оларға «Жас Ұлан» төсбелгісі тағылады
(әуен ойналады)

Адиетов Мақсат5а
Амангелди Диас5а
Амандық Перизат5а
Базарбаева Таңшолпан5а
Серік Ақтілек5а
Бейсова Гульсим5а
Елубай Азамат5а
Қолғанатова Ақжүніс5а
Нұртайқызы Альбина5а
Сералиев Даурен5а
Асар Жансая5ә
Булекова Нургуль5ә
Жұмагерейқызы Дильнар5ә
Камешова Зару5ә
Муса Рахат5ә
Мұрат Ринат5ә
Өтебаева Гүлсезім5ә
Сагидуллина Асел5ә
Хамзеева Эльмира5ә
Шохатов Тимур5ә
Токпанова Сания6
Нұрхажаев Нұрмұханбет6
Муканов Мансур6
Гылманова Лаура6
Балписова Қамажай7а
Каюпова Жұлдыз7а
Тасболатов Аубакир7а
Есенбай Уалихан7а
Хайранбаева Айжан7а
Бектаев Мирлан7ә
Токпанова Нурия7ә
Оразғалиева Гүлмира7ә
Бахтыгереева Жұлдыз 8
Мухамедзянов Данияр 8
Хамит Заманбек 8
Шуюншалиева Қымбат 8
Мұхамжар Айжұлдыз 8
Султанов Темурбек9а
Бақтыгереев Еділ9ә
Жүргізуші: Бүгінгі Жас Ұландар – ел бірлігін ойлайтын, өз Отанын қорғайтын, өркениетін өрістететін, ата – бабаларымыздың ісін әрі қарай жалғастыратын, ел сенетін болашақ ұрпақ. Олар үшін бүгінгі сәт ұмтылмастай, әр жүректе із қалдырары сөзсіз.
Ең жауапты «Жас Ұланның» антын тапсыру сәті келді.
Ант тапсырушы 9а – сынып оқушысы Султанов ТемурбекМен, Республикалық бірыңғай «Жас ұлан» балалар мен жасөспірімдер қатарына кіре отырып:Өз Отаным –Қазақстан Республикасының патриоты болуға.Мемлекеттік Рәміздерді құрметтеуге, дәріптеуге туған елім, жерім, Отанымды мақтан етуге, ата-анамды қадірлеуге, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге, білімге табандылықпен ұмтылуға, салауатты өмір салтын ұстауға, табиғатты аялауға «Жас ұлан» Ережесін бұлжытпай сақтауға және оны өз достарымнан талап етуге ант етемін!Біздің жерлестеріміздің даңқты ерлігі, өнегесі негізінде ерлікке үйренуге және Отанға шексіз қызмет етуге салтанатты түрде ант етемін, ант етемін, ант етемін.
(Жас Ұланның бір мүшесі ант береді, қалғандары «Ант етеміз» деп 3 рет қайталайды)
Ұланбасы:
Жас ұлан! Түзел! Тік тұр!
 «Жас ұлан» ұйымының жаңа мүшелері өз бірлестіктерінің қатарына қосылсын!
Кең байтақ, көз жетпейтін жерім меніңТаулы орман, жасыл жайлау көлім меніңБүгінде бар әлемге даңқың жетті Тәуелсіз Қазақстан – елім менің!
                                                                              
«Жас ұланның» әнұраны орындалсын.
(Жас ұланның әнұраны орындалады)
Жас ұландар әні
Әні мен сөзін жазған
Ұ. Ж. Жаналиева
1. Біз ұланы қазақ елінің
   Туған жерін, сүйген Отанын.
   Әке жолын, ана мейірімін,
   Бойға жиған қасиетін.
 
  Қайырмасы:
   Жас ұлан, қалыспа!
                          Қырандай қарышта.
                          Еліміздің абройын
                          Асқақтатып әлемге
                          Нық ұстайық байрағын!
 
2. Көп білуге ұмтыламыз
Өнер, білім, ғылымға.
Кеудемізде ар мен намыс
    Жетелейді бізді алға.
 
                 Қайырмасы:
    Жас ұлан, қалыспа!
                          Қырандай қарышта.
                          Еліміздің абройын                        
                          Асқақтатып әлемге
                          Нық ұстайық байрағын!
Жүргізуші:  Жас ұлан! Еркінсің!
Білімді - көкіректе нұр деп түсін, Жігерім, жалынды отты жыр деп түсін.Аталған мақсат талап ережені, Орындауға бәрің де міндеттісің! Құттықтау сөз мектеп директоры Сатимов Исатай Темешұлына беріледі.
Ұланбасы: Салтанатты жиыннан «Жас ұлан» бірлестіктерінің Туы шығарылсын!
Жас ұлан! Туға қарап сап түзе!
Ту шығарылады.
 
Жас ұлан! Еркінсің! «Жас ұлан» ұйымының «Тәуелсіздік - тірегім» атты салтанатты жиынын жабық деп жариялаймын!
 
Бүгінгі Қазақстан халықтарының бірлігі күніне арналған, сондай-ақ, жас азаматтарды еліміздің нағыз патриоттары, өзгерістерден қаймықпайтын, еңбекқұмар, білімге құштар, өзін-өзі жетілдіруге үнемі ұмтылатын, өршіл, қайсар етіп тәрбиелеуді, дәстүрімізді, ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарымызды қастерлейтін рухани дүниесі кең тұлғаны қалыптастыруды көздейтінҚазақстан күннен-күнге өркендеп, гүлденуде. Біз, осындай елде туғанымызға бақыттымыз. Бүгін ұстаздар және оқушылар Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау рәсімінде куә болып отыр.ІІ жүргізуші:Түсініп терең, өмірдің мәнін,Жалынды жастар, сендерсің сәнімБеретін бойға күш-қуат,жігерШырқалсын шаттық әнұран әнім!І жүргізуші:Оқушылар түзеліңдер, тік тұрыңдар! ҚР Әнұраны ойналсын!Әнұран ойналадыІІ жүргізуші:Қазақстан Республикасының туы мен «Бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы» Республикалық Қоғамдық Бірлестігінің туы енгізілуге дайын.І-жүргізуші:Ендеше, бейбітшілік күніне арнайы орайластырылған оқушыларды «Жас Ұлан» ұйымының қатарына қабылдау рәсіміне көше отыра, алдымен ұйымның мақсат, міндет, ережелерімен таныстыруға рұқсат етіңіздер.ІІ-жүргізуші:«Жасұлан» ұйымының әрбір мүшесі:І жүргізуші:Қоғамдық өмірде, тұрмыста, қазақ ұлттық болмыста, халықтық келбетпен қалыпты сақтай отырып, ата-анасын шынайы сыйлап, олардың өнегелі қасиеттерін бойға сіңіріп, өсиеттерін орындауды перзенттік парыз деп түсінеді. Туған елін шексіз сүйеді.ІІ жүргізуші:Қазақстан Республикасының туының түсіндей галстук тағу керек және Республикамыздың мемлекеттік нышандарын құрметтеп, мемлекеттік әнұранды жатқа айту керек.І жүргізуші:Шет елдердің мемлекеттік нышандары, адамдардың немесе басқа да суреттер салынған, атаулар жазылған, киімдерді киюмен, заттарды пайдаланумен әуестенбейді.ІІ жүргізуші:Өзін тұрмыста, қоғамдық өмірде сыпайы, қарапайым мінезде ұстайды.І жүргізуші:Қазақ тілін еркін меңгеріп елдің тарихын, мәдениетін, әдебиетін, өнерін, салт-дәстүрін жақсы білу, дамыта түсу сақтау үшін ынталы еңбектенетін болады.ІІ жүргізуші:Жасұлан ұйымының мүшесі - Отанына адал.Жасұлан ұйымының мүшесі - Отанының адал азаматтары.І жүргізуші:Жасұлан ұйымының мүшесі - Отанының тәуелсіздігі мен бостандығы үшін күресушіІІ жүргізуші:Жасұлан ұйымының мүшесі - батырларымыздың атын құрметтеп, оның мәңгі қорғаушысы болуға дайындалады.І жүргізуші:Жасұлан ұйымының мүшесі - оқуда, еңбекте және спортта өжет те қайсар.ІІ жүргізуші:Жасұлан ұйымының мүшесі - шыншыл, адал жолдас, әрқашан да шыншылдық үшін күресуге дайын болуы керек.І жүргізуші:Білімді –көкіректе нұр деп түсінЖігерлі, жалынды отты жыр деп түсін.Аталған мақсат, талап, ережені,Орындауға бәріңде міндеттісің!ІІ жүргізуші:Бүгінгі таңда облыстық және аудандық деңгейде мектебіміздің атын асқақтатып жүрген «Мирас» ұйымы мүшелері «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы қатарына қабылданады.І жүргізуші:ІІ жүргізуші:Жас Ұлан» ұйымының негізгі мақсаты – оқушылардың қоғамдық, әлеуметтік, танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту. Ал міндеттері - әлеуметтік тәжірибені байыту және дамыту, мектептегі тәрбиелік әлеуетін жүзеге асыру болып табылады.І жүргізуші:Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына кіре отырып:1. ҚР патриоты болуға;2. Мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, дәріптеуге;3. Отанымызды мақтаныш етуге;4. Ата-ананы қадірлеуге;5. Білімге ұмтылуға;6. Салауатты өмір салтын ұстануға;7. Табиғатты аялауға;8. «Жас Ұлан» ережесін бұлжытпай сақтауға және оны өз достарымнан талап етуге;9. Жерлестеріміздің даңқты ерлігі, өнегесі негізінде ерлікке үйренуге және Отанға шексіз қызмет етуге салтанатты түрде ант етесіңдер ме?ІІ жүргізуші:Топ басшылары бүгінгі Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау салтанатты жиынына дайындықтары туралы рапорт тапсыруға дайындалРапорт мәтіні:Тәлімгер Оразалиева Әсел 5А сыныбының «Ұлан» тобы бүгінгі Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау салтанатты жиынына дайын. Рапорт тапсырушы топ басшысы Исаханова Анель. Рапорт тапсырылды.(Осылайша барлық топтар рапорт береді)І жүргізуші:«Біз ...»Оқушылар: «Жас Ұлан»ІІ жүргізуші:- ұранымызОқушылар: «Қазақстан – Нұрсұлтан – Жас Ұлан» - 3 рет.(«Жас Ұлан» әнұраны ойналады).І жүргізуші:Қабылдауға жас ұландар және жас қырандар дайын.ІІ жүргізуші:Егеменді еліміздің тірегіМектептің болашағы жігеріДостықпен татулық тілегі«Жас Ұлан» ұйымының біз түлегіОқушылар кеңесі оқушыларға галстук тағуға дайындалыңыздар.І жүргізуші:Құрметті қонақтар және оқушылар, сіздерді «Жас Ұлан» ұйымына қабылданған оқушыларға туымыз түстес көгілдір галстук және төс белгілерін табыстау рәсіміне шақырамыз.(галстук пен төсбелгі тағу рәсімінде жүргізуші оқушылар туралы айтып тұрады)ІІ жүргізуші:Бүгінгі жиынның ең жауапты сәті, ант тапсыру рәсімін «Жас Ұлан» ұйымы қатарына қабылданушы оқушыларға береміз.( «Жас Ұланның» 1 мүшесі ант береді, қалғандары «Ант етеміз, ант етеміз, ант етеміз» деп 3 рет қайталайды)Анттың мәтіні:Мен, ____________________, Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарына кіре отырып:Өз Отаным – Қазақстан Республикасының патриоты болуға;Мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, дәріптеуге;Туған елім, жерім, Отанымды мақтаныш етуге;Ата-анамды қадірлеуге;Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге;Білімге табандылықпен ұмтылуға;Салауатты өмір салтын ұстануға;Табиғатты аялауға;«Жас Ұлан» Ережесін бұлжытпай сақтауға және оны өз достарымнан талап етуге ант етемін.Біздің жерлестеріміздің даңқты ерлігі өнегесі негізінде ерлікке үйренуге және Отанға шексіз қызмет етуге салтанатты түрдеАНТ ЕТЕМІН, АНТ ЕТЕМІН, АНТ ЕТЕМІН!І жүргізуші: Құттықтау сөз мектеп-гимназия директоры Нұрланова Тұрғанкүл Мырзабекқызына және директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Исмаилов Сәкен Мұқатайұлына беріледі.(«Жас Ұланның» әнұраны орындалады және «Жас Ұланның» туы көтеріліп, ортадан сыртқа шығып кетеді)Қошемет көрсетіледі.ІІ жүргізуші: Құрметті, оқушылар «Жас Ұлан» ұйымына қабылдануларыңызбен құттықтаймыз! Егеменді еліміздің еңселі азаматтары болуларыңызға тілектеспіз. ҚР туы шығарылсын.І жүргізуші:Ризамын деп осындай жастық шаққа,Не жетер «Жас Ұлан» деген лайық атқа.Келеміз егеменді ел төріне өрлеп,Ашылып алдымыздан алтын қақпа.ІІ жүргізуші: Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы қатарына салтанатты қабылдау рәсімі өз мәресіне жетті, салтанатты жиынымызды жабық деп жариялаймыз.
Кері қайту