Сыныптан тыс іс-шара Ризамын са?ан,?ліппе! (1сынып)


Тақырыбы: «Ризамыз саған, Әліппе!,»
Мақсаты: Оқушылардың әліппеден алған білімдерін тиянақтау.
Сауат ашқан «Әліппеге» деген өлең, тақпақтарын мәнерлеп
айту, «Әліппеден» алған білім- білік дағдыларын
көрсету. Пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, тілін
дамыту сауаттылығын жетілдіру және шапшаң оқуға жетелеу.
Отанын, туған жерін, мектебін сүюуге, ҚР білімді азаматы мен
азаматшасы болуға жетелеу.
Барысы:
Мұғалім сөзі.
Құрметті ата- аналар, ұстаздар, оқушылар! Бүгін сіздер «Әліппемен қоштасу» ертеңгілігіне келіп отырсыздар. Балаларымыздың алғаш қолға ұстап, сауатын ашқан оқулығы-Әліппе.
Әліппе бітірді балаларым
Әліппеден нәр алған даналарым
Өзі оқып жазатын халге жетті
Құтты болсын білімі балалардың!
Ата-ана қуанып шаттанады
Оқыды деп баласы мақтанады.
Алдарына бұлардың кім шығыпты?
Барлық маман мектептен аттанады. -дей , келе мерекемізді бастаймыз. Ортамызға 1"Б" сынып оқушыларын шақырамыз.
Алдияр: Қане бері қарайық,
Зейін қойып тыңдайық
Әріптермен танысу
Тақпақтардан бастайық.
Альнура: Ең алғаш алғанымда Әліппені
Қызығып қарай бердім әріптерді
Мен үшін жұмбақ болып қалар ма еді
Ұстазым оның кілтін алып берді.
Дастан: Енді біз жаза білеміз
Әріпті қосып әріпке
Риза боп саған жүреміз
Сүйікті біздің Әліппе
Назгуль: Әліппем менің Әліппем,
Сені қолға алып мен
Есігін аштым мектептің,
Ертеңгі сәуле жарықпен.
Мейрхан: Оқуды көп ойладық,
Қызығына тоймадық.
Әріптерді үйреніп,
Сауат ашып тойладық.
Мұғалім:
Өсті міне бойларың, Өсті ақыл- ойларың. Қуанышқа ортақпын, Құтты болсын тойларын!Балалар мен сендерге сұрақ қоюдан бастайын. Сендер оған жауап айтыңдаршы. Іші толы әріпке, Білімдегі жарық не?Хормен: Болашаққа жол ашар- Ол сүйікті- Әліппе!Мұғалім:  -Олай болса, бәрімізге ең қымбат Әліппені ортаға шақырайық.Хормен: Әліппе! Әліппе! Әліппе!Әліппе: Армысыздар, жас достар!
Армысыздар, ата-ана
Болашаққа жол бастар
Әліппең келді ортаға
Білім деген ғажаптың,
Әліппесін меңгерген
Келешегі қазақтың
Басталады сендерден.
Мұғалімнің сөзі:
-    Жері кең,елі бай бұл қай ел?-    Қазақстан.-    Осы елдің астанасы қай қала?-    Астана.-    Егеменді еліміздің президенті кім?-    Н.Ә.Назарбаев.Осындай тыныш,бейбіт елде өмір сүрмесек, біз білім алмас едік. Сондықтан келесі ән-жырымызды Отанымызға арнайық.Хормен:                                                                                                  
Отан-жерім,Отан-суым,                Отан қуат,нәр береді.                   Отан-ұран,Отан-туым                  
Дастанның тақпағын тыңдау.(еліңде гүл нұрын төккен)
Тапсырма 1:
Ал қазір Қазақстан деген сөзді пайдаланып сөз тудырып ойлап табамыз. Мысалы: қазақ, ата, қаз, тас,зат,наз, т.с.с
Тапсырма 2: Математикадан алған білімдерінді көрсетіңдерші. Салыстыру.
Тапсырма 3: Жасырың сөздерді тап.
Мұғалім: Әліппе балалар саған өзінің өнерлерін көрсеткісі келіп тұр. Олар саған бір ән дайындап қойды.
ӘН. «Әліппе» әні. ( Балаларі айтады.)
Мұғалім:
Алфавиттер шығыңдар!Орындарыңа тұрыңдар.Бастайық кәне айтысты!Жібермейік намысты!
А         Ата –ананың тілегі         Е       Есті бала ер жетіп,       Адам болып өскенің.               Елдің қамын ойлаған.       Адамдықтың тірегі,                 Ессіз бала кері кетіп,      Адал болып өскенің.                Есерлігін қоймаған.
Ә        Әдептілік дегенің,                      Әрқашан да керегің.                            Әсемпаздық дегенің,                            Әуре-сарсаң әлегің.                  
С       Спортпен айналыс,          Т        Тәртіпті бала сүйініш,          Сұлулық сыйлаған.                    Төбең бір көкке жетеді.          Сол саған пайдалы іс,                Тәртіпсіз бала күйініш,          Саулық пен кинодан.                 Төмендеп басың кетеді.
Тапсырма 4: Суретке қарап айырмашылықтарды тап.
Әліппе:
Ұстаздар мен балалар, Аталар мен аналар. Танысыңдар досыммен, Достасыңдар осымен. Оқып ана тілін Ақыл,білім алыңдар.Ал достар, бүгін сендер енді менің жолымды әрі қарай жалғастыратын ана тілі пәнімен танысасыңдар. Ортаға ана тілін шақырамыз.
Ана тілі:
Сәлеметсіздерме, менің жас достарым? Мен сендермен танысқаныма өте қуаныштымын. Енді сендер бұрынғыдан да көп оқисыңдар. Ақын-жазушылардың ертегі, әңгімелерін ынта қойып оқыңдар. Сонда сендер көп нәрсе үйренесіңдер.
Әліппе:
Ал енді мен кетпес бұрын барлығымыз қосылып бір тамаша ән орындайық.
Ән: Әліппемен барлығы қосылып орындайды.
Ал, балалар енді мен сендермен қоштасамын. Қош болыңдар, балалар! Сабақты жақсы оқыңдар!
Ана тілі:
Тапсырма 5:
Мен жай келген жоқпын, өзіммен бірге тапсырма ала келдім. Бәріміз бірге сол тапсырманы орындайық. Мен жұмбақ жасырамын, ал сендер тек жауабын айту керексіңдер.
1.Жазу жазып жалықпаған,
Жаза – жаза жалықпаған. (бор)
2.Алты қырлы,
Алтын сырлы. (қарындаш)
3.Үйреткен ілімді,
Қырық екі білімді. (алфавит)
4.Тілден ұшып, құлаққа қонады. (сөз)
5. Қабат – қабат қаттама,
Ақылың болса, аттама. (кітап)
6.Үйреткен ілімді,
Қырық екі білімді. (алфавит)
7.Өшірді, сүртті,
Өзгені құрытты.
Өзінде құрытты. (өшіргіш)
Тапсырма 6:
Ал ендігі келесі тапсырмамыз, берілген кеспе әріптерден мақал-мәтел құрастырып шығу.
Мұғалім сөзі:
Мектеп қамқор анамыз
Оқып, білім аламыз.
Өнерпаз боп өсеттін,
Біз оқушы боламыз,
Өсіп ой мен санамыз!
Өмірге жол саламыз,
Білім қуған баламыз
Біз оқушы боламыз, - деп, отыра мектебіміздің басшысына және ата-аналарға сөз кезегі беріледі.
Марапаттау.
Мұғалім сөзі:
Құрметті ата-аналар, ұстаздар және оқушылар келіп тамашалағандарыңызға көптен, көп рахмет.Бүгінгі «Ризамыз саған,Әліппе!» атты ертеңгілігіміз аяқталды.Қош, сау болыңыздар.

«Ризамыз саған, Әліппе!»
(Әліппемен қоштасу кешінің
сыныптан тыс іс-шарасы)
1 «Б» сынып
Өткізген: Бектасова А.Б.

2015-2016 оқу жылы