Сыныптан тыс іс-шара Ризамыз са?ан — ?ліппе!


Сабақтың тақырыбы: Ризамыз саған -Әліппе !Сабақтың мақсаты:
1.Әліппені аяқтауды салтанатты түрде атап өту.
2.Оқушылардың әліппеден игерген білімдерін ата – аналарға,
көрермендерге көрсету.Буындап оқу, тұтас оқу, жоғалған
әріптерді тауып оқу кезеңдерін өткізу.
3. Отбасындағы сыйластық, ізеттілік, қайырымдылық жайлы тәрбие беру.
Көрнекілігі: шарлар, суреттер, мақал-мәтелдер, нақыл сөздер, слайдтар.
Сабақтың барысы:
І бөлім: «Сүйінші» хабарын айтып 3 қыз кіреді. (Алия, Мейрман, Үміт)
1оқушы: Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар!
Естімеген естіңіздер,
Тыңдамаған тыңдаңыздар.
Қазір бізде «Әліппе тойы» басталады.
2оқушы: Уа халайық, халайық
Мұнда назар салайық
Жақсы білім-көрімдік
Болсын сізге халайық
Не үйреніп, не білдік,
Кәне ортаға салайық!
3.оқушы: Армысыздар аналар,
Бармысыздар балалар,
Сөзіме құлақ салыңыз,
Бір серпіліп қалыңыз
Шақырайық ортаға
Сүйікті біздің ұстазды,
Шәкіртермен ортаға,
Кіріспе сөз
Мұғалім:
Қош келдіңіздер, құрметті ата-аналар, ұстаздар ардақты оқушылар! Бүгін 1-сынып оқушылары өздерінің сүйікті әліппелерімен қоштасып отыр.Міне, бүгін біз барлық ғылымның атасы , біздің болашағымыздың негізі-әліппені бітіріп отырмыз. Бүгін біз шексіз қуаныштымыз, өйткені алғаш хат танытып, сауатымызды ашқан , біздің жақын досымыз .Бала біздің болашағымыз еліміздің ертеңі сол ертеңгі ел тізгінін ұстар ұрпағымыздың белі бесіктен шыққаннан бастап жақсылыққа баулу, бойына ізгілік нұрын себу біздердің ұстаздар, ата-аналар міндеті. Олай болса, Сүйікті әліппемізді ренжітпей, рахметімізді айтып, өзімізден кейінгі кішкентай інілеріміз бен сіңілдерімізге табыс етуге міндетіміз. Қазір алған білімдерімізді, ән күймен, өлеңдермен, мақал-мәтелмен өрнектеп, өнерімізді ортаға салайық.
Өсті міне бойларың,
Өсті ақыл-ойларың
Қуанышқа ортақпын ,
Құтты болсын тойларың!
ІІ бөлім: «Әліппе»
Мұғалім:Ендеше балалар мен бұл тойды сендерге жұмбақ қоюдан бастағым келіп тұр. Сендер оған жауап беріңдерші.
Іші толған әріпке
Білімдегі жарық не?
Хормен: Болашаққа жол ашар, ол сүйікті әліппе.
Мұғалім: Балалар, айтыңдаршы, қазақ балаларына әліппені жазған кім?
Бірге. Ыбырай АлтынсаринКел, балалар, оқылық
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық
Оқысаңыз балалар,
Шамнан шырақ жағылар
Тілегенің алдыңнан
Іздемей-ақ табыларТақпақтар айтылады:
Ең алғаш қолға алғанда әліппені
Қызығып қарай бердім әріптерді
Мен үшін сыры жұмбақ бұл кітаптың
Ұстазы маған кілтін алып берді.
Таныстырған 42әріппен
Қош бол менің қасиетті әліппем
Сенің арқаң оқи, жаза білгенім
Сауатты адам санатына кіргенім.

Әліппемен қош айтысып қаламыз
Енді қолға басқа кітап аламыз
Ата ана қуанышқа ортақ бол
Сауатты адам болып шықты балаңыз
«Әліппе» деген алтын жол
Апарар сені алысқа
Жеңіл емес ауыр жол
Тырысып бақ намысқа
Біз енді әліппемен қоштасамыз
Жолына гүлмен қоса жыр шашамыз
Білімнің бұлағынан сусындауға
Көптеген кітаптармен достасамыз.
Хор: «Ұстазым менің»
ІІІ бөлім:
Мұғалім: Балалар , сендер азғана уақыттың ішінде көп нәрсені оқуды, жазуды, есептеуді меңгеріпсіңдер. Осының бәрін кім үйретті?
Бірге: Мектеп , әліппе, ұстаз , ата-анаБиімхан:
Келгенімде алдыңа
Қызыл арай гүл алып,
Жақын тарттың жаныңа
Шәкіртім деп қуанып.
Сипадың да басымнан
Әліппені ұсындың
Бақытымның осыдан
Басталғанын түсіндім.
хормен «Мұғалім ол біздің»
ән: «Бау бақша белдер»
би: «Қамажай»
Мұғалім: Жарайсыңдар балалар, енді ертеңгілімізді де аяқталуға жақын.
-Сендер не үйрендіңдер?
-42 әріпті
-10-дейін санауды
-Табиғатты зерделеуді
-Үлкен- кішіні құрметтеуді
-Өлең айтып, би билеуді
Ән: «Тұлпарым»
Балалар, осы Әліппе сөзінің әр әрпін саралап айтсақ.
Ә – әлемді
Л – легімен
І – ізгілік
П – парасатпенП – пашЕ – етеміз.
Хор: «Айналайын»
Мұғалім:
Әліппені бітірді балаларым
Әліппеден нәр алған даналарым
Өзі оқып жазатын халге жетті
Құтты болсын қадамы балалардың.
Балалардың білімі құтты болсын
Денсаулығы әрқашан мықты болсын
Білімдерін әрі қарай дамытатын
Ерінбейтін еңбекқор мықты болсын.
Қымбатты шәкірттерім Сіздердің білім баспалдағына өрлеген сапарларың сәтті қадамдарың құтты болсын.
Бүгінгі кеш әр үйдің «Той басы» деп саналарБалалардың есімі әр әулетке тараларЫрым етіп ертеңгілік соңында
Ата аналар тілек тілер балаға
(Бұдан кейін ата-аналар құттықтау сөз сөйлейді.)
Мұғалім: Қымбатты балалар! Мектептегі алғашқы жеткен жемістеріңмен құттықтаймын. “Әліппе” сендерді тек әріптермен таныстырып қойған жоқ, сендерді бір-бірмен достыққа, мектеп ережелерін орындайтын тәртіпті оқушы болуға да үйретті. Білім баспалдағына өрлеген сапарларың сәтті болсын!

Ән: «Ертегілер»