Экологиялы? кеш та?ырыбында сыныптан тыс ж?мыс


Экологиялық кеш
Тақырыбы: Қазақстанның экологиясы
Мақсаты: Экологиялық тәрбие беру
Жүргізуші:
Табиғат әсемдік төркінісің,
Ән саламын бір сенің көркің үшін.
Жан жануар табынып бір өзің,
Сенен алып тұрғандай бар тынысын,- деп Жамбыл атамыз жырлағандай ,бүгінгі экологиялық кешімізді Қазақстанның табиғатына және экологиялық мәселелеріне арнап отырмыз.
Жүргізуші:
Армысыздар , құрметті қонақтар! Қазақстан менің елім, сенің елің. Ол асқар тау болсын, шалқар көл болсын, мейлі тіпті шағыл- шағыл құм болсын, көңілді сергітер әдемі табиғаты бар, менің- Отаным.
Әр адамға өзінің туып өскен жері мен суы, аспаны мен тауы ыстық .Табиғат, Жер –АНА. Отан ,Туған жер ,Атамекен деген құлаққа жылы естіліп, жүрекке шаттық сезімін ұялататын ұлы да, қасиетті бір- бірімен мағыналы мазмұны бай сөздер. Табиғат пен Жер Ананы сүйе білу, оны аялау адамның азаматтық борышы.
Жүргізуші:
Жер ана мен өз анаң егіз екен,
Мейірімдері мейлінше теңіз екен.
Анам туды, жер ана жетілдірді,
Осыны өзім өмірге негіз етем,- деп ақындарымыз жырлаған. Қазір Жер анамыз табиғатқа арналған өлең жырларға кезек берсек.
Жүргізуші:
Табиғаттың тарылтпайық мөлдір таза тынысын,
Пәк табиғат әр жүректің тамылжыған жырысың.
Ей, адамзат ақылға сал, қатігездік жасама,
Өзің дағы содан тудың, табиғаттың ұлысың . Қазір сұрақтарымызға жауап беретін Эколог,Тарихшы, Географ мамандарын шақырсақ.

Бірінші сұрақ: Экология деген не ?
Эколог: Экология бүкіл адамзат баласының шалыс басқан әр бір іс әрекетіне келешекте шек қоятын, оның тыныс тіршілігіне ат салысатын ғылымның жаңа саласы.
Тарихшы: Экология ғылымы табиғат заңдылығының бұзылуын, тепе- теңдіктің сақталуын бақылай отырып, өзгерістеріне дер кезінде шара қолданады.
Географ: Экология гректің” ойкос”- үй” логос”- ғылым деген сөзі.
Екінші сұрақ: Отанымыз Қазақстанның экологиясы қандай? Экологиялық мәселесі бар ма ?
Географ : Қазақстан ең үлкен Еуразия материгінің ортасында орналасқан. Солтүстікте- Ресей, шығыста - Қытай ,Оңтүстікте- Қырғызстан, Өзбекстан, Түркменстан елдерімен шекаралас. Астанасы- Астана қаласы. Тұрғындарының саны 16 млн- нан астам. 200ұлт өкілдері тұрады.
Эколог : Экологиялық жағдайына келетін болсақ, қазіргі заманда адамның қоршаған ортамен қарым- қатынасы күрделенді. Адам санасының өсуі ,өнеркәсіптің тез өркендеуі ,ғарышты игеру, қоршаған ортадағы тепе -теңдіктің бұзылуына әкеліп соғуда. Бүгінде Қазақстанда экологиялық мәселе өзекті мөселеге айналды.
Үшінші сұрақ: Келесі сұрақты тарихшы маманға қойсақ. Экология ғылымының қалыптасуын айтып берсеңіз.
Экология терминін неміс зоологы Эренст Геккель 1866жылы ұсынды .
Экология ғылым ретінде 19 ғасырдың аяғында бөлініп шықты. Экология ғылымының қалыптасуын негізінен үшкезеңге бөліп қарастырамыз.
1-кезең : биоэкологиялық зерттеулердің жаппай сипат алуы.
2-кезең: Экология ғылымының жеке ғылым ретінде қалыптасу және даму кезең.і Бұл 19 ғасырдың аяғы мен 20 ғасырдың 70-80жылдарын қамтиды.
3-кезең : Экология ғылымының өрлеу кезең.і Қазіргі заманғы экология бүкіл ғаламдық ғалымдар мен әлеуметтік экономикалық жағдайлар және проблемаларды қамтитын деңгейге жетіп отыр.
Жүргізуші:
Сұхбаттарыңызға рахмет!
Табиғаттың тынысы кең, тілі бай,
Ауасының шәрбатын-ай ,тұнығы- ай,
Бұл- бұл болып, сайрап кетсе, ал бірде ,
Адамдарша сойлейді екен күнім- ай.
Табиғаттың құшағы кең шуақты,
Көргенім жоқ оған теңдес қуатты.
Күйіп- пісіп табиғатта кейде бір,
Адамдарша күңіренетін сияқты. Қазір назарларыңызға” Экологиялық сот “көрінісін ұсынамыз.
Хатшы: Орындарыңыздан тұрыңыздар, сот келеді!
Сот: Отырыңыздар ! Адамнан жәбір көріп ,жапа шеккен адамның әрекетінен табиғатына зақым келіп, көптеген табиғат компоненттері құрып кету алдында қалған жәбірленуші Жердің шағымы бойынша іс қозғалды. Істі экология соты жүргізеді. Куәгерлер сотқа жалған куәлік бергендеріңіз үшін айыпталатындарыңызды естеріңізге саламын.

Жер : мен- Жермін ,Табиғатпын .Адамды келесі қылмыстары үшін айыптаймын .Адам жыл сайын жер қойнауынан 100 млрд. тонна пайдалы қазбалар алады. 30 млн. тонна улы химикат пайдаланады. Атмосфераға 20 млрд. тонна көмірқышқылгазы 700 млн. тонна әр түрлі қосылыстар тастайды. Осыдан көптеген экологиялық мәселелер пайда болады.
Мен адамды жазалауды өтінемін. Адамға Жер планетасында тұруға болмайды, оның жерден қуылуын сұраймын. Осы сөздерім дәлелді болу үшін куәгерлерді тыңдауларыңызды өтінемін.
Сот: Куәгер Су маманына сөз беріледі .
Су маманы: Құрметті сот! Су баға жетпес табиғи байлық. Қазақстан тұщы су жеткіліксіз аймаққа жатады. Ауыз су тапшылығы судың аздығынан емес, оның адам әрекетінен ластанып жарамсыз болуынан .
Сот: сөз Қорғаушыға беріледі.
Қорғаушы: Құрметті сот мүшелері. Адам табиғаттың төл баласы, жас баласы осыны ескерсеңіздер екен. Жыл сайын Экологиялық сенбілік, айлықтар ұйымдастырады . онда ауыл қалаларды көгалдандыру сияқты жұмыстар жүргізіледі. Қазақстанда 9 қорық, 2 ұлттық саябақ, 2 қорықша, 2 табиғи ескерткіш бар. Қазақстан Республикасы табиғатты қорғау заңын қабылдады. Осыны ескеріп Адамға кешірім беріп өз қателігін жоюға мүмкіндік беруді өтінемін.
Адам: мен барлық кіналарымды мойындаймын. Жасаған қателіктерімді өзім түзеймін. Мен Жер Ананың төл перзентімін. Жердің Табиғаттың адамсыз өмір сүре алмайтынын түсіндім. Өз қатемді өзім түзеймін.
Хатшы: орындарыңыздан тұрыңыздар, сот үкім шығару үшін үзіліс жариялайды.
Үзілісте: Мұғалім сот шешімін шығарғанша, біз жұмбақ шеше тұрайық .
Көктемде көгереді,
Жазда ырысқа бөленеді.
Күзде пісіп марқаяды,
Қыста бірден қартаяды. (жер)
Құрғақ жерде сақтайсың ,
Онсыз тамақ татпайсың, (тұз)

Жұрттың барі соны сүйеді,
Бірақ қарағысы келмейді. (күн)
Жазда жатсаң көлеңкесіне алады,
Қыста жақсаң жаның рахат табады. ( ағаш)
Үлкен ,үлкен түйені,
Тастапты адам шөгеріп.
Өркеші бұлтқа тиеді,
Бауыры жатыр көгеріп. ( тау)
Әдемі түнде мен жүрсем жүреді бірге. (ай)
Хатшы: Орындарыңыздан тұрыңыздар! сот келеді!
Сот : Табиғаттың байлығы Жер, Адамдар, өсімдіктер, жануарлар өз қорегін осы қара жерден алады. Сондықтан Табиғат пен Жер Ананы сүйе білу, оны аялау Адамдардың азаматтық борышы., Жәбірленуші және куәгерлерді тыңдап қорыта отырып, Қазақстан Қылмыстық істер кодексінің “Қоршаған орта және оның зиянды әрекеттерден қорғау” туралы 85 бабы бойынша сот Адамды Жерде қалдыра отырып ,келесі шешім қабылдайды.
Табиғаттағы тепе- теңдік сақталу үшін шаралар ұйымдастырылсын.
Мектептерде экология сабағы жүргізілсін .
Осы шаралардың орындалуын Шымкент қаласындағы” Жасыл елшілерге” тапсырылсын!
Жүргізуші:
Ал ,балалар бізде “табиғатты қорғаймыз”- деп уәде берейікші!
Табиғатты қорғау үшін бәріміз,
Күресейік, бір- бір ағаш егейік.
Текке отырмай жасымыз бен кәріміз,
Таза ауа үшін терімізді төгейік!
Табиғатты тарих талай сынаған,
Бірақ оған қаймықпаған шыдаған.
Табиғатта әке болып еңіреп,
Табиғат та ана болып жылаған.
Айта алмаймын қасиетін мүлде мен,
Табиғаттан жаратылғам гүлдегем.
Адам табиғатқа мейірімділікпен сүйіспеншілікпен қамқорлықпен қарап, үйлесімділік сақталғанда адамзат баласы үшін табиғат кең сарай, мәңгі тозбас құтты қоныс болатынын ешқашан ұмытпайық!
“Таза болса табиғат, Аман болар адамзат “деген Ф Оңғарсынованың сөзімен бүгінгі сыныптан тыс жұмысымызды аяқтаймыз!


А.С.Пушкин атындағы №1 мектеп- гимназиясы

Сыныптан тыс жұмыс
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЭКОЛОГИЯСЫ



пән мұғалімі: Утеулиева М.Т.
сынып: 5а,ә



2014-2015 оқу жылы