Сыныптан тыс ж?мыс та?ырыбы: ?ызы?ты са?ат


№39 «Қызылөзек»орта мектебі

Орындаған:Жунусов Ж.
Қызылорда 2015ж.
"Қызықты сағат"Математикалық ойынның мақсаты:1. Оқушылар арасында өзара көмек ұғымын, достықты тәрбиелеу. Математика пәнін үйренуге деген қызығушылығын арттыру.2. Оқушылар арасында өзара көмек ұғымын, достықты тәрбиелеу. Математика пәнін үйренуге деген қызығушылығын арттыру.3. Оқушылар арасында өзара көмек ұғымын, достықты тәрбиелеу. Математика пәнін үйренуге деген қызығушылығын арттыру.Қатысушылар: 7-8 сынып оқушыларынан 2 команда(5 оқушыдан). Командаға қажетті құралдар: • Қатысушылардың аты-жөні жазылған бейдж• Командаға ат ойлап табу,капитанын сайлау.Ойын ережесі: Ойынға 5 оқушыдан 2 команда қатысады.Әр команданың мақсаты көбірек ұпай жинау.Ол үшін ойын сұрақтарына дұрыс жауап берумен шектелмей, өз жауаптарына көбірек ставка қою керек..Турларда әр сұрақтың өз бағасы болады, ойлануға 1 минут уақыт беріледі. Егер команда дұрыс жауап берсе, онда келесі сұрақты олар таңдайды. Егер команда сұрақтың дұрыс жауабын берсе - ұпайлары қосылады, ал қате жауап берсе - шегеріледі. Аукцион - сұрақ. Сұраққа жауап беру кезегі сұраққа көп баға берген командаға беріледі,ойыншылардың еншісіндегі ұпай саны сұрақтың бағасынан аз болса, олар ең төмен ставка, яғни сұрақтың бағасын ғана бере алады.Сиқырлы қап сұрағына осы сұрақ қай командаға тисе ,сол команда жауап беру керек.Команда мүшелері математикаға, математика тарихына байланысты,жадыны дамытуға, ойлау қабілеттерін дамытуға байланысты сұрақтарға жауап берулері керек.С Ц Е Н А Р И ІЖүргізуші:- Қайырлы күн қымбатты қонақтар,әділ қазылар алқасы және ойынға қатысушылар! - Сіздерді бүгін осы залда көріп отырғанымызға өте қуаныштымыз.Қайырлы кеш, қадірлі көрермендер! Баршаңыз да «Қызықты сағат» ойын - сауық кешіне қош келдіңіздер!Табиғаттың сырын ұққан кемеңгер,Бұл өмірден өтті дана шеберлер.Ғылым демей кім деп оны айтарсыңДаналықтан мұра қалған өнерден.Физик, ғалым, астрономдар өтіпті,Қиялменен көкке самғап жетіпті.Табиғаттың аясында тербеліп,Даналығын мұра етіп кетіпті.Ой санамда болса да балалығым,Ғылым сырын білемін, даналығын.Физика заңдылығын меңгертіп,Зерделімін, білімдімін, саналымын. – дей келе бүгінгі ойын қатысушы командалармен танысуға рұқсат етіңіздер.- Ал, командалар дайынсыңдар ма? Әділ қазылар алқасы, сіздер дайынсыздар ма? Жанкүйерлер, дайынсыздар ма?- Ойынды бастайық!!!1 ТУРӘдебиеттегі сандар1. Қазақ халық мақалында қанша құмалақ бір қарын майды бүлдіреді? (бір)2. Атасы 56 жаста, ал немересі 14 жаста.Неше жылдан кейін атасының жасы немересінен екі есе үлкен болады (28 жылдан кейін ) 3. Сиқырлы қаптағы сұрақ: Арыстан 1 қойды 2 сағатта,қасқыр 3 сағатта, ал ит 6 сағатта жеп, тауыса алады.Барлығы бірігіп жегенде қойды қанша сағатта жеп бітіреді? (бір)4. Наурыз мерекесінде 20 адам би биледі.Ләззат 7 жігітпен,Гүлзат 8 жігітпен,Алмагүл 9 жігітпен, ал Айдана сол мереке келген барлық жігітпен би биледі.Мерекеде қанша жігіт болған? (13 жігіт) Ойлан, тап1. Ноль санын алғашқы ойлап тапқан адам ?(Парсы математигі аль-Хорезми )(787–850) 2 .Кімді математика королі атаған? (Карл Гаусс)3. Үнділіктер оны «Сунья»,ал араб математиктері «Сифр» деп атаған. Біз оны қазір қалай атаймыз? (0)4. Сиқырлы қаптағы сұрақ Егіз сандар деп қандай сандарды айтамыз?( Айырмасы 2-ге тең жай сандар ,мысалы:5 пен7)Бөлшектер1. Бөлшек сызығының үстіне жазылған сан қалай аталады?Бөлшек сызығының астына жазылған сан қалай аталады? (Алым. Бөлім) 2. Бүтін бөліктен және бөлшек бөліктен тұратын сан қалай аталады?(аралас сан)3. Сиқырлы қаптағы сұрақ Қандай бөлшек дұрыс деп аталады? Мысал келтір. (Алымы бөлімінен кіші бөлшек дұрыс деп аталады.Мысалы.1/2 )4. Бөлшектің негізгі қасиеті қалай айтылады? (Бөлшектің алымын да, бөлімін де бірдей натурал санға көбейткеннен бөлшектің мәні өзгермейді.)Математикалық калейдоскоп1.Есімдері әртүрлі, жастары бірдей жеті ағайындылардың есімдерін атаңдар. (апта күндері)2.Тәуліктің қалған бөлігі өткен бөлігінен екі есе артық болса, қазір сағат неше? (8)3.АУКЦИОН - сұрақ Бес жыл бұрын ағасы мен қарындасының жастарының қосындысы сегізге тең болды.Бес жылдан кейін олардың жастарының қосындысы неге тең болады?(18 жас)4. Үстел үстінде бірнеше кәмпит жатқан.Оны екі анасы, екі қызы және әжесі мен немересі 1 кәмпиттен бөліп алғанда үстелде кәмпит қалған жоқ.алғашқыда үстелде қанша кәмпит болған? (3)Төртіншісі артық1.Төртінші артығын тап: 37;19;27;29 .(27)2.Төртінші артығын тап:қосынды,айырма,бөлінгіш, көбейтінді. (бөлінгіш)3.Төртінші артығын тап: радиус,центр,төбесі,диаметр(төбесі)4 . АУКЦИОН - сұрақ : төртінші артығын тап: 381;555;265;117.(265)2 ТУР.Жүргізуші:
Шамаларды білеміз бе тұрақтыТүсіндіріңдер физикалық сұрақты.О, формула фантастика секілдіБілесің бе қызықтарды не түрлі?Заңдылыққа физикалық сеніңдерСалыстырып барлығын де көріңдерСұрақтарға ұлағатпен қараңдар,Ойларыңды ептілікке ораңдар, - дей келе Қызықты сұрақтар атты турымызды бастауға рұқсат етіңіздер.Қызықты сұрақтар1.Үлкен ағасында 2кәмпит,ал інісінде 12 кәмпит бар.Үлкен ағасы інісінен неше кәмпитті тартып алғанда, әділеттілік орнап,олардың кәмпиттерінің саны теңеледі?(5) 2.Үйде 12 шәшке мен 9 табақшалар бар.Балалар шәшкелердің жартысын және 7 табақша сындырды.Неше шәшке табақшасыз қалды? (4)3.Сиқырлы қаптағы сұрақ Бір бала ас үйде масаларды ұстап жүріп,5-ін өлтірді, ал 3 есе көбін жаралады.3 тарақанды өте ауыр жаралады және олар жарақаттарынан өліп қалды, ал қалғандары тіріліп кетті,бірақ балаға ренжіп көршілеріне мүлдем кетіп қалды.Көршілеріне неше маса кетіп қалды? (12)4. Әсет пен Азатқа 5 тәтті тоқаштан әперді.Әсет өзінің тоқаштарын 6 минутта жеп қойды да, әр тоқашын 4 минутта жеп жатқан Азатқа қарап қызғаныштан жыдана жаздады.Әсет әлі неше минут қызғаныштан жынданатын болды? (14)Қызықты сұрақтар:1.Қос жегілген аттар 40 км шауып өтті. Әр ат неше км шауып өтеді? (40)2. Сиқырлы қаптағы сұрақ 7 ағалы-інілердің бір-бірден қарындастары бар.Отбасында барлығы неше бала бар? (8)3 . Қояндар бөренені арамен бөліп жатыр. Олар14 жерден кесті. Неше бөлік пайда болды? (15)400. Айболитке көрінуге аңдар келді. Бәрі, тек 2 иттен басқалары. Бәрі, тек 2 мысықтан басқалары. Бәрі, тек 2 қояннан басқалары. Айболитке көрінуге неше аң келген? (3)Логика 1.Үстелдің бір бұрышы кесіп алынды. Үстелде енді неше бұрыш қалды? (5)2. АУКЦИОН - сұрақ : Алмұрт алмадан ауыр, ал алма өріктен ауыр. Алмұрт ауыр ма, әлде өрік ауыр ма? (алмұрт)3. Еменде үш бұтақ, ал әр бұтақта үш алмадан бар.Барлығы неше алма? (еменде алма өспейді)4. Кішкентай Есетті мысық тырнап алғанда,ол 5 мин бақырды,ал ара шағып алғанда ол 3 мин ұзақ бақырды,өзінің анасы ұстап алып сабынмен жуындырғанда Есет ара шағып алғандағыдан екі есе көп уақыт бақырды.Анасы Есетті 11мин жуындырды.Есет жуынып болғаннан кейін қанша уақыт бақырды?(5мин)
IІІ тур.Жүргізуші:
Айыра біл жақсы менен жаманды
Айыра біл, қарындаш пен қаламды.
Айыра біл, соқпағын да өмірдің,
Айыра біл тапсырмаңды алдағы – деп кезекті «Шырпымен ойын» сайысына береміз
ІVтур.Жүргізуші:
Мықты болсаң – алдағыны басып оз,
Мықты болсаң – арттағыны жеткізбе!
Мықты болсаң – тайғанама көк мұзда!
Мықты болсаң – бөгеттерді бұзып өт, - деп алғашқы сайысымыз «Логика» сайысына кезек береміз.
Vтур.Жүргізуші:
Ғылымдардың патшасы атанған,
Евклид, Фалес, Пифагордан бата алған
Төзбейтін өтірікке жалғандыққа
Ақыл ойды тәртіпке келтіретін
Нағыз пән ғой математика, – дей келе, келесі турымыз Ғалымды ата
1. Үшбұрыштың «    » белгілену белгісін енгізген, І ғасырда өмір сүрген, ушбұрыштың ауданын есептеу жолына үлес қосқан математик кім? (Герон)
2.Рубаят атасы, белгілі математик. Ол туралы әдебитте  «Математик- …», «ақын-…» дейді. Толық аты-жөні кім? (Омар Хаиям).
3.Ағылшын физигі, Лондондағы корольдік қоғамның мүшесі, академик. СССР ғылым академиясының құрметті мүшесі. Атом құрылысын және радиактивті процестерді зерттеген, атом ядросын тұңғыш жарған ғалым. (Э.Резерфорд)
1.Ежелгі грек астрономы ІІ ғасырда теңізде жүзушілердің орнын анықтау үшін географиялық координаттарды қолданған. Ол кім деп ойлайсың? (Клавдий Птоломей)
2.Математика.Қазақтың тұңғыш физика-математика ғылымдарының докторы, ұлағатты ұстаз, қазақтың Ұлттық академиясының академигі. (Орынбек Жәутіков)
3.Физика. «Эврика» деп қуанышты дауыспен маңызды жаңалық ашқан ғалым кім? (Архимед)
Жүргізуші:
(Әділқазы алқасынан жалпы сайыстың қортындысы сұралады)
Алдыңызда жайнаған жүздер әні
Сіздермен кездесеміз біздер әлі.
Әділқазы, көрермен сау тұрыңыз,
Күтеді бізді жарқын күндер әлі!
Ойынның нәтижесін шығару.Әділ қазылар алқасына сөз кезегі беріледі. Жеңімпаздар марапатталады