Урок Шынды? шы?ы а?и?ат


Сабақтың тақырыбы: Шындық шыңы-ақиқат №26 16.03.16
Құндылық: Қиянат жасамау.
Қасиет: жылы шырай, толеранттылық
Мақсаты: оқушылардың төменгі сыныптарда шындық туралы білген ұғымдарын кеңейтіп; ақиқаттың құндылық ретіндегі мәнін түсіндіру.
Міндеттері: -адами қарым-қатынастағы бүкпесіз шынайылық, қоршаған ортадағы шындық пен ақиқат туралы түсінік беру
-оқушылардың шыдықты жасырмай айта алу, өтірік пен шындықтың ара-жігін дұрыс ажырата білу біліктіліктерін дамытуға ықпал ету.
Сабақ барысы:1. Ұйымдастыру бөлімі.Қазір біз, балалар бүгінгі күнімізге, өзімізге жақсылық, жарасымды көңіл күй тілей отырып ортада тұрған «Бақыт себетін» жылы лебіздерге толы гүл шоқтарымен толтырайық. Оқушылар тілектерін айтып, себетті гүл шоқтарымен толтырады.2. Тыныштық сәті:- Балалар, жақсылап жайғасып отырыңдар, енді көздеріңді жұмып, әркім өзін адамға денсаулық сыйлайтын, балаларды аурудан қорғайтын қорғаныш қасиеті бар нұр ретінде сезініңдер. Сендер нұрларыңда шашқан , нұры тиген адамдар аурудан сауығады. Көзі көрмейтіндер әлемді көріп куанса, есту қабілетінен айырылғандар барша дауыстарды ести алады, қатерлі аурумен ауырат сайын айнала нұрланыпындар жазылып, бәрі де сауыққандарына қуанып, шаттықтың нұрына бөленді. Сен де сол адамдарға жақсылық сыйлағаныңа риза болдың. Енді көздеріңді ашыңдаАдамдарға денсаулық сыйлағанда қандай сезімде болдыңдар?Оқушылар тыныштық сәтінен алған әсерлерімен бөліседі.Мұғалім: Бүгінгі сабағымызды Н. Ә. Назарбаевтың сөзімен бастағым келіп тұр: «Дені сау сәби әр отбасының қуанышы, бақыты. Ал денсаулығы мықты сәби халықтың болашағы, Отанының сенімді тірегі.»Денсаулық болса бәріде болады. Денсаулық – табиғаттың адамға сыйлаған құнсыз сыйлығы. Әйтсе де денсаулық адамға өмірлік болып берілмеген, сондықтан оны сақтау керек. Адамның денсаулық жағдайы адамның тамақтану әдетіне, кәсібіне, өмір сүру салтына, өзіне тікелей байланысты.Әңгімелесу
«Ойланайық,пікірлесейік» сұрақтар төңірегінде әңгіме жүргізу.
Мәтінмен жұмыс
«Сөздің атас мен анасы» мәтінде оқу мәнерлеп, сұрақтармен жұмыс жасау арқылы толықтыру.
Тапсырма
Шындық өлеңді оқу,талдау.
Дәйексөз
Шындық шырағы дауыл соқса да өшпейді Ғ.Мұстафин
Жағдаяттық талдау
Үй тапсырмасы. «Шындық» 3-4мақала жазып келуді тапсырады.
Соңғы тыныштық сәті.