Балалар мен жас?спірімдер арасында?ы ???ы? б?зушылы?ты? алдын-алу
Балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың
алдын-алу Бүгінгі күнгі қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі - балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу.
Құқық бұзушылық–бұл әрекетке қабілетті тұлғаның құқық нормаларының ұйғарымдарына қайшы келетін, басқа тұлғаларға залал келтіретін және заң жүзінде жауапкершілікке тартылуыға әкеліп соғатын қылмыстың әрекеті.
Бұл мәселе қазіргі таңда көкейтесті мәселелердің біріне айналып отыр, себебі өмірлік қиын жағдайға душар болған жасөспірімдердің саны азаяр емес. Бұл санатқа, көбінесе отбасылық жағдайы нашар, демалыс мезгілі ойластырылмаған, өздеріне өздері бас болып жүрген балалар жатады.
Біздің мектепте күндізгі мектеппен қоса кешкі мектептің болуына байланысты құқық бұзушылықты болдырмау мақсатында оқу жылының басынан бері біздің мектепте көптеген шаралар өткізіліп келеді. Оқушылар арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу мақсатында құқық бұзушылықтың алдын алу жөнінде кеңес жұмыс жасайды. Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын-алу және де құқық бұзушылықпен күресуде көмек көрсету мақсатында мектебімізде Алматы қалалық кәмелетке толмаған жасөспірімдер бөлімінің бастығы полиция подполковнигі Алипбаева Л.А., Түрксіб аудандық «Нұр Отан» партиясының өкілі Супугалиев Р.Б, Түрксіб аудандық кәмелетке толмаған жасөспірімдер бөлімінің бастығы полиция капитаны Н.С.Ахметкановамен кездесу ұйымдастырылды.Оқушыларға қылмыстық, әкімшілік жауапкершілікке тартылу туралы Қазақстан Республикасының кодексіндегі баптарымен таныстыру жүргізілді. Әкімшілік құқық бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік заңмен қарастырылады. Бұл ең алдымен, айыппұл, арнайы құқығынан айыру. Әрбір құқық бұзушылық қоғамдық, мемлекеттік немесе жеке бастың мүдделеріне залал келтіреді, қоғамға зиянды нәтижелерге алып келетіндігі туралы айтылды.Оқушыларды оқуға және заңға қайшы қылық жасамауға шақырды.