Жыландар 7сынып биология ашы? саба?
Сабақ 48
Тақырыбы: Жыландар Мектеп:
«Социалистік Еңбек Ері Қ.Әбсеметов атындағы МДШО бар орта мектеп»КММ
Күні: 02.03
Мұғалім есімі: Нұрымбетова Қ.Ж
Сыныбы: 7АӘсынып Қатысқандар саны - Қ-пағандар саны -
Сабақтың негізделген оқу мақсаты: Жыландардың ерекшеліктері, пайдасы, маңызы жайлы түсіну, жорғалаушылар жайлы білімімізді толықтыру, дамыту, қоршаған ортаны қорғауға үйрету.
Сабақтан күтілетін нәтиже: Оқушылар өз ойларын жүйелеп жеткізеді, бір-бірін мұқият тыңдап, толықтырып өзара ынтымақтастық ахуалын қалыптастырады.
Алдыңғы оқу: Жорғалаушылардың класына жалпы сипаттамасы
Жоспар: СТО, оқытумен оқудағы жаңа тәсілдер,топтық жұмыс.
Жоспарланған уақыт ( 45 мин) Жоспарланған жаттығулар Ресурстар
Басталуы
(15минут) I.Жағымды психикалық ахуал орнату
І. Ұйымдастыру.
«Өзіңе тілегінді өзгеге тіле» әдісі арқылы, ал топқа түрлі түсті жетондарды таңдау арқылы топқа бөлінеді.
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.
« Мен саған сен маған » сұрақ - жауап
1.Қосмекенділердің қазіргі кезде қанша түрі бар? (5000) 2.Қосмекенділердің неше түрі сирек кездеседі? (3) 3.Құрбақа неліктен секіруге және жүзуге ебедейсіз келеді? (аяқтарындағы бұлшықеттері әлсіз дамығандықтан) 4.Бақаның дернәсілі не деп аталады? (итшабақ) 5.Қосмекенділер дегеніміз не? (суда да ,құрлықта да мекендегендіктен) 6.Құрбақалар немен қоректенеді? (зиянкес бунақденелілермен) 7.Құйрықтылар отядына жататын қосмекенділерді атап бер? (тритондар, саламандралар) 8.Қосмекенділердің жүрегі неше қуысты? (екі құлақшадан және екі қарыншадан) 9.Қосмекенділердің аяқтары неше саусақты болып келеді? (алдынғы саусақтары 4,арқы саусақтары 5) 10.Аяқсыз қосмекенділер қай елдерде тіршілік етеді? (Африкада ,америкада,Үндістанда) 11.Құйрықтылар отрядына жататын қосмекенділердің бірі? (жетісулық бақатіс) Оқулық анықтамалығы
Ортасы
(20 минут) Мағынаны тану
1-топ Жылан 2-топ Кесіртке 3-топ Қолтырауын
Денесі жұмыр, ұзын (ұзындығы 8 см-ден 12 м-ге дейін жетеді). Денесін мүйізді қалқаншалар мен қабыршақтар, арқасы мен бүйірлерін ұзына бойы қатарласа орналасқан, ромбы тәрізді қабыршақтар жапқан. Бауыры көлденең жатқан ірі қалқаншалармен жабылған, олар бір-бірімен жұмсақ тері қатпарлармен жалғасқан. Ірі денелі жемтіктерді жұтқанда тері қатпарлары жазылып, құрсақ қалқаншаларының ұзына бойы созылуына мүмкіндік береді. Көздерінде қозғалмалы қабақтары болмайды, олар мөлдір қабықпен жабылған. Күндіз белсенді тіршілік ететін жыландардың көз қарашығы дөңгелек болса, ымыртта, түнде белсенді тіршілік ететіндерінде – тік бағытта орналасқан саңылау тәрізді.Сыртқы құлақ (есту) тесігі және дабыл жарғағы болмайды. Сондықтан жыландар ауадағы дыбысты естімейді. Тілі ұзын, ұшы – айыр. Сезу қызметін тілі мен бір жұп Якобсон мүшесі атқарады. Якобсон мүшесі – кеңсіріктің ішкі жағындағы ауыз қуысына ашылатын, екінші ұшы тұйықталып біткен екі қуыс; бауырымен жорғалаушылар мен сүтқоректілерде болатын иіс сезу мүшесі (тек қолтырауын мен құстарда болмайды). Бұны дат анатомы Людвиг Якобсон ашқан. Тістері жіңішке, өткір, артқа қарай иілген, усыз жыландарда тістері жемтігін ұстау қызметін атқарады. Улы жыландардың үстіңгі жақтарында у ағатын өзекшесі бар улы тістері орналасқан, олар қозғалмалы (алға – артқа қарай) болып келеді. Жақ сүйектері бір-бірімен серпімді сіңір арқылы байланысқан. Мұндай байланыс аузын кең ашуға мүмкіндік беріп, ірі жемтіктерді тұтастай жұтуға жәрдемдеседі. топтық жұмыс жасайды
Аяқталуы
(10 минут) Бекіту: Жыландардың пайдасы мен зиянын кестеге толтыру
Рефлексия
Бүгінгі сабақтан не үйрендім? деген сұраққа өз ойларын айтады.
Оқушылар бір-біріне жоғары және төмен дәрежелі сұрақтар қояды.
Топтық бағалау, бірін-бірі бағалау болады. Топ басшылары бағалау парағындағы қойған бағалары жөнінде таныстырады.
Оқушылар бүгінгі сабақтан не үйренгендерін, алған әсерлерін айтады
Уйге тапсырма: Мәтінді оқып, мазмұндау
Бағалау: Топтық бағалау, бірін-бірі бағалау болады. Топ басшылары бағалау парағындағы қойған бағалары жөнінде таныстырады. Сабақтан алған әсерлерін жеткізуТексерілді: Макимова А.Н