Интеллектуальная игра Тап?ыр болса?, тауып к?р


Интеллектуалды сайыс «Тапқыр болсаң, тауып көр»
Мақсаты:
1. Білімділік: Оқушылардың мемлекеттік тілге деген қызығушылығын, ынтасын арттыру, қазақ халқының салт-дәстүрлері туралы білімдерін тереңдету
2. Дамытушылық: Ой-өрісін кеңейту.
3. Тәрбиелік: Окушыларды достыққа, алғырлыққа, белсенділікке тәрбиелеу.
Көрнекіліктері: қазақ тілі туралы мақал – мәтелдер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, қанатты сөздер, WEB проектор, слайдтар
Өтілуі барысы:Мұғалімнің кіріспе сөзі: Құрметті оқушылар, іс-шарамыздың қонақтары! «Тапқыр болсаң, тауып көр» атты бүгінгі интеллектуады сайысымызға, қош келдіңіздер! Іс-шарамыз 4 кезеңнен тұратын интеллектуалды сайыс түрінде өтеді. Ендігі кезекті жүргізушілерге берейік!
1-жүргізуші:  Армысыңдар, ағайын! Бүгінгі интеллектуалды сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер.2-жүргізуші:  Олай болса, бүгінгі сайысымызға қатысатын оқушыларды ортаға шақырайықМұғалім: сайысымызды бастамай тұрып, әділқазылар алқасымен танысып өтейік.
2-жүргізуші:  Бүгінгі сайысымыздың өтілу барысымен таныстырайық . Сайыс бес кезеннен тұрады.
1 кезең «Кім көп біледі?»2 кезең: «Тіл өнері»3 кезең: «Кім жылдам?»4 кезең: «Ойлан, тап!»Топ капитандары ортаға шығып, командаларын таныстырады.
1 топ: «Білімділер»
2 топ: «Қырандар»
3топ: «Бәйтерек »
1 кезең: «Кім көп біледі?». Сұрақтарға жауап беру.«Білімділер» тобына1. Көктем айларын ата / Наурыз, сәуір, мамыр/2. Зат есім дегеніміз не? Сұрақтары?
3. ҚР - ның тұңғыш ғарышкерін атаңдар. / Т. Әубәкіров/4. Қазақстан қандай мемлекеттермен шекаралас? /Ресей, Өзбекстан, Қытай, Қырғызстан, Түркіменстан/5. Абылай ханның шын аты кім? /Әбілмансұр/6. Қазақтың ұлттық аспабы /домбыра/«Қырандар» тобына1. Мақал дегеніміз не? /сөз мәйегі/2. Жылдың неше мезгілі бар? /төрт/3. Қыс айларын ата
4. Жылдың төрт мезгіліне өлең жазған ақын кім? /А. Құнанбаев/5. Мұқағали Мақатаев қай жылы туылған, қай айда,нешесі?/1931 жылы, 8- наурызда/6. Жырды айтушы адам қалай аталады? /жыршы//
«Бәйтерек» тобына
1.Абайдың шын аты ? /Ибраhим/
2. Мітіннің неше түрі бар,ата? /үш, әңгімелеу, сипаттау, пайымдау./3. Бидай мен қаңбақ мысалын кім жазған ? /Асқар Тоқмағанбетов. /4. Мұқағали Мақатаевтың шын аты кім? /Мұхаммедқали/5. Күй анасы кім? /Дина Нұрпейсова/6. Рейхстагқа ту тіккен адам кім? /Р. Қошқарбаев
2 кезең: «Тіл өнері»Бұл кезеңде берілген мақалды аяқтау керек
«Білімділер» тобынаТіл тас жарады,... /тас жармаса бас жарады/Жақсы сөз... /жарым ырыс/Ойнап сөйлесең де... /ойлап сөйле/Жақсыдан үйрен -.../жаманнан жирен/
«Қырандар» тобынаҮлкенге құрмет -.../кішіге ізет/Бірлік болмай.../тірлік болмас./Еңбек етсең ерінбей,... /тояды қарның тіленбей/Туған елдей ел болмас,.../туған жердей жер болмас/
«Бәйтерек» тобына
Оқу инемен ...... /құдық қазғандай/
Бір тал кессен ....../он тал ек/
Оқусыз білім жоқ, ...... /Білімсіз күнін жоқ/
Нар жолында ....../жүк қалмас/
3 кезең: «Кім жылдам?»Жұмбақтың шешу.«Білімділер» тобына1. Жеті қазынаның бірі. Адамды қорғап жүретін досы. /ит /2. Тұмсығымен қозғалар, соңынан аппақ із қалар /бор /3. Қанаты жоқ – ұшады,аяғы жоқ – қашады. /Жел /
«Қырандар» тобына1. Тілі жоқ өзінде, сөзі бар ізінде /қалам /2. Сағат сайын соғыладыМектептен табылады. /қоңырау /3. Қабат – қабат қаттама,ақылың болса аттама /кітап /«Бәйтерек» тобына
1.Жайған жастық сөгілді, аппақ мамық төгілді. (Қар)
2. Желден желігеді,судан шегінеді. (От)
3. Жылт-жылт етед, жылғадан өтеді. (су)
4 кезең: «Ойлан, тап»Бұл кезеңде 12 ұяшық, Қалауы бойынша таңдап, артындағы сұраққа жауап беру керек. Дұрыс жауап берсе, ұяшықтағы ұпай саны беріледі.10 10 1020 20 2030 30 301 - ші қатардағы ұяшықтар1. Сөйлемнің неше түрі бар? Қандай? / хабарлы, лепті, сұраулы/2. Әнұранның авторларын ата/ Әнұран – авторлары: Ж. Нәжімеденов, Н. Назарбаев, Ш. Қалдыаяқов.3. Елтаңба – авторы ата . / Мәліков Жандарбек, Шот – аман Уалихан/2 - ші қатардағы ұяшықтар1. Аспан мен жердің атасқан жерінен ойша сызық жүргізсек оны не дейміз?/Көкжиек сызығы/2. Сөз таптарын ата. /зат есім, сан есім, сын есім, етістік/3. 1841 жылы қазан айында Қостанай облысы, Зотобол ауданында туған ағартушы кім? /Ы. Алтынсарин/3 - ші қатардағы ұяшықтар1. Күй атасы кім? /Құрманғазы/
2. Әліппенің атасы кім? /А. Байтұрсынов/
3. Тәуелсіздік күні қай күн?/16 желтоқсан/
Қорытынды:
Ұпай сандарын анықтап, марапаттау.
Әділқазыларына сөз кезегін беру.