О?у орыс тілінде ж?ретін мектепті? 5-сыныбына арнал?ан Б?лб?л ?деби ертегісі
Сабақтың тақырыбы: «Бұлбұл» әдеби ертегісі
Сабақтың білімділік мақсаты: оқушыларды мәтінді түсініп оқуға талпындыру.
Сабақтың дамытушылық мақсаты: зерттеу, салыстыру, талқылау барысында өз тұжырымын басқалармен салыстыруда ой-толғау, іскерлік дағдысын қалыптастыру, өз ойын еркін айту арқылы таным мүмкіндігін таныту, сөздік қорын байыту.
Сабақтың тәрбиелік мақсаты: оқушыларды белсенділікке, алғырлыққа, адамгершілік қасиеттерге баулу негізінде тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, слайд.
Сабақтың әдіс-тәсілдері:сұрақ-жауап, пікірталас.
Сабақта қолданылған технология: сын тұрғысынан ойлау технологиясының элементтері.
Сабақтың түрі: жаңа білімді меңгерту.
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру.
Сәлемдесу. Оқушыларды сабаққа ынталандыру, сәттілік тілеу.
2.Өткен сабақты қайталау.
Мұғалім сөзі: Балалар, қазақша сөздік қорымыз мол болу үшін не істеуіміз керек?
Оқушылар өз ойларын айтады. (Қазақ тілінде газет-журналдар оқу керек, қазақша ән тыңдау керек, үйде, көшеде, мектепте бір-бірімізбен қазақ тілінде сөйлесуіміз керек, ғаламторда қазақша сайтқа кіріп, жұмыс істеу керек, қазақша мультфильм, фильм көру керек, мақал-тәтелдер, ертегілер көп оқу керек т.б.)
Мұғалім сөзі. Қазақ тіліндегі сөздік қорымызды молайта түсу үшін біз бүгін ертегімен танысамыз.
Жаңа сөздермен таныстыру
Мәтінді мұғалім мәнерлеп оқиды.
Мәтінді оқушы оқиды.
Мәтінге оқушылар ат қояды. (Озат оқушы, Бұлбұл мен қараторғай, Құстар мектебі т.б.)
Мұғалімнің сұрақтары :Бұл мәтін сендерге ұнады ма?
Мәтін нелер туралы? Саған қай құс ұнады? Ол құс саған несімен ұнады?
Оқушылар екі топқа бөлініп, бірінші топ бұлбұлды жақтап, оған мінездеме береді, екінші топ қараторғайға мінездеме береді.