О?у орыс тілінде ж?ретін мектепті? 7-сыныбына арнал?ан Наурыз сыныптан тыс іс-шарасы
1-жүргізуші: Уа, халайық, халайық!
Мұнда назар салайық.
Мерекесі халықтың
Наурыз тойын бастайық.
Құтты болсын мереке,
Болсын думан мереке!
2-жүргізуші: Келе жатыр жылымыз,
Мейрамдаймыз мұны біз.
Күннің жаңа нұры бар,
Мұның ғажап сыры бар.
Халық сүйген мейрамды
Қарсы алайық Наурызды!
1-жүргізуші:
Қайырлы күн, құрметтіі ұстаздар, қонақтар, оқушылар!Бүгін біз де мектебімізде Наурыз тойын тойлағалы отырмыз. Наурыз – жыл басы ,көктем мерекесі, татулық пен бірліктің мерекесі.
2-жүргізуші:
Слово наурыз имеет 3 значения
1.Праздник начало года 2.Месяц март 3.Название ритуальной пищи «көже»
1-жүргізуші:
Ата-бабаларымыздың сөзімен айтсақ «Ақ түйенің қарны жарылған күн», бұл күні үлкендер үй-үйді, ауыл-ауылды аралап, наурыз көжеден дәм тататын. Үлкен-кішіге ақ баталарын беріп, ізгі тілек тілейді, бірлікке, татулыққа, ынтымаққа шақырады.
2-жүргізуші: В день наурыза люди выходили на улицу, поздравляли, желали друг другу самые лучшие пожелания, прощали обиды и ссоры, в каждом доме готовили традиционные «Наурыз-көже» угощая желали друг другу добра, достатка, счастья.Эти пожелания старших называют «Бата», кто больше выпьет көже, тот будет сыт целый год; а кто больше всех получит от старших «Ақ бата», у того в жизни будет светлая дорога – считали в народе. Наурыз – это день, когда тепло побеждает холод, добро побеждает зло.
1-жүргізуші:
..., а ты знаешь как они поздравляли друг друга?
2-жүргізуші:
Иә, білемін. Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын! Қайда барсаң жол болсын!
Да будет народ благословенным! Да будет год изобильным! Да будет год счастливым!
1-жүргізуші:
Әрбір келген жаңа жыл жақсылығымен келеді. Бәріңізді Наурыз тойымен құттықтаймыз!Осы жыл достық, молшылық пен бейбітшілік жылы болсын!
2-жүргізуші:
Каждый Новый год несет людям что-то новое, дарит свои подарки. Поздравляем Вас с Новым годом! Да будет этот год годом единства, изобилия и мира!
1-жүргізуші:
Қымбатты ұстаздар, қонақтар, оқушылар! Наурыз мерекесіне орай бүгін мектебімізде «Наурыз аруы» , өнер-білім сайысын өткізгелі отырмыз!
Санаға үтіткерлерді шақырамыз!
Мың бұралған арулар билей басып,Келеді міне ортаға толқып тасып.Аруларын сыйлаған халқым менің,Көңілді қошеметпен қарсы алайық.!1)....Маргарита................. қыз өнерліБойға өнер жиған қыз.2)....Аида............... қыз білімдіМеңгерген бар ілімді.3).....Анжелика................... қыз елгезекАлады тез тіліңді.4) Ақша бетті.......Юлиана.................Ұқсайды хор қызына5).....Нұрила................... қыз шығадыБұрымдары желбіреп.2-жүргізуші:Шалқытып мерекеде ән салайық,Өнерпаз өрендерге тамсанайық.Әділдік пен шындықты арқа тұтқанӘділқазы алқасымен танысайық.
(Әділқазылар алқасын сайлау)
1-жүргізуші:
Ақ арулар келіп жетті танысуға,Бойындағы бар дарынды дарытуға,Қорықпастан сахнаға келіп жетті.Әдеппен, ізетпен танысуға, - дей келе қыздарымыз өздерін таныстыруды бастасын. 1-тапсырма «Сәлем –сөздің атасы» деп аталады, әр ару өзін-өзі таныстырады.
2-жүргізуші:
Әділқазылар бағаларын берсін.
1-жүргізуші:
Ата-бабамыздың ежелден келе жатқан салт-дәстүрлерінің бірі-қонақжайлылық. Қандай жағдайда да „құдайы қонақпын" деп келген адамды шамасы келгенше сый-құрмет көрсетіп аттандыру әркімнің парызы сияқты болатын. 2-тапсырма. Үй тапсырмасыҰлттық тағам дайындап , оны қалай дайындағанын әңгімелеп беру керек болатын.
Көрермендермен ойын
Әділқазылар бағаларын берсін.
2-жүргізуші:Ақылдылық қыздарға жарасады,Көзі ашықпен бәрі де санасады.Келесі сұрақ – жауап сайысындаСыналар білімі мен парасаты.3-тапсырма «Сұрақ –жауап» , яғни қыздар өздерінің білімдерін көрсетеді.
1. Еттен жасалатын тағам? (Бесбармақ).2. Сүттен жасалатын тағам? (Көже, айран, ірімшік,қаймақ,май).3. Науқас адамдарға көмек беруші, емдеуші адам? (Дәрігер).
4.«Ана тілі – арың бұл»кімнің өлеңі? (Қ. Мырза Әли)5.Абай Құнанбаевтың әжесі? ( Зере).6. Ас пісіруші маман адам? (Аспаз)
7.Мойынға тағатын әшекей бұйым (алқа)8.Киелі құс (аққу)9.Ең зор байлық (денсаулық)10.Ас атасы (нан)
11. «Кел, балалар, оқылық!» өлеңінің авторы
12. Абайдың шын аты
13.Қандай ұлттық тағамдарды білесіз?
14.Қандай ұлттық ойындарды білесіз?
15. Қандай ұлттық киімдерді білесіз?
Әділқазылар бағаларын берсін.
4-тапсырма.
Сымбатына сән киім жарасатын,
Аспандағы айменен таласатын.
Өнеріне сәні сай келіп тұрған,
Аруларға қызығып қарасын деп,-келесі сайысымыз- қолөнер сайысы.
Қыздар қиындылардан оюды құрастырып шығу керек.
Көрермендермен ойын
Әділқазылар бағаларын берсін.
1-жүргізуші:
Өнер - білім тапқырлықтың тарланы,Еңбектегі әріптестер мақтаны.Өнеріңді ортаға сал, сайысқаӨнер көрсет, құрбылармен жарыс та. 5- тапсырмада арулар өз өнерлерін ортаға салады.Әділқазылар бағаларын берсін.
Әділқазы алқасы аруларымыздың ұпайларын есептегенше өнерпаздардың өнерін тамашалайық.
2-жүргізуші. Енді сөзді төрешілерімізге берейік.(Ұпайларын қорытқанда, қыздардың ұлттық киімін, сайыс бойы өзін қалай ұстағанын, сөйлеу мәдениетін, жүріп-тұрғанын- бәрін де есептеген жөн.)
Қорытынды. Әділқазылар сөз алып, әр номинация бойынша (Көктем аруы, көрермен көзайымы, білімді қыз,өнерлі қыз, дарынды қыз, тапқыр қыз) жүлде тағайындайды.
1-жүргізуші. Баршаңызды Наурыз мерекесімен құттықтаймыз. Наурыз құт –береке , бірлік әкелсін.
Конец формы