?аза? тілінен 3-сынып?а арнал?ан тест тапсырмалары
Шығыс Қазақстан облысы
Күршім ауданы
Барақ батыр ауылы
Барақ батыр негізгі орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Жақсыбаева Сауле Маратовна
Қазақ тілінен 3-сыныпқа арналған тест тапсырмалары
1-нұсқа
1.Үнді дауыссыз дыбыс әріптерін көрсет.
А) т, л, м, қ, з Ә) м, л, н, ң, р Б) в, б, г, ғ,д
2. Қоян сөзінде неше дыбыс, неше әріп бар?
А) 4д, 4ә. Ә) 5д. 4ә. Б) 5д. 5ә.
3. Дұрыс жазылған сөзді тап.
А) электыр Ә) электор Б) электр
4. Көп нүктенің орнына тиісті әріпті қой. Э..калипт
А) в Ә) ф Б) б
5. Құрамында ф әрпі бар сөздерге мысал келтір (5 сөз жаз).
6. ... - өзара мағына жағынан байланысқан екі немесе одан да көп сөйлемнен құралады.
А) сөйлем Ә) мәтін Б) сөз
7. Қандай да бір оқиғаны баяндап, не істеді? Сұрағына жауап береді.
А) Әңгімелеу мәтіні Ә) Сипаттау мәтіні Б) Пайымдау мәтіні
8. Сөйлемнің неше түрі бар?
А) 1 Ә) 2 Б) 3
9. Сөйлем мүшелері дегеніміз не? Ережесін жаз.
10. Бастауыш қандай сұрақтарға жауап береді?
А) Кім? Кімдер? Не? Нелер? Кімі? Несі?
Ә) не істеді? Не қылды? Қайтті?
Б) Қандай? Қай?
11. Бастауышты тап. Қайрат мектепке барды.
А) Қайрат Ә) мектепке Б) барды
12. Мәтіннің неше түрі бар?
А) Хабарлау, сұраулы, лепті.
Ә) Әңгімелеу, сипаттау, пайымдау.
Б) сипаттау, хабарлау, пайымдау.
13. Кім сұрағына жауап беретін сөзді тап. Айдана кітапханаға бара жатыр.
А) кітапханаға Ә) бара жатыр Б) Айдана
14. Сөйлем дегеніміз не?
15. Комбайн сөзіне дыбыстық талдау жаса.
2-нұсқа
1. Көп нүктенің орнына тиісті әріпті қой. Телегра...
А) в Ә) ф Б) б
2. Құрамында ц әрпі бар сөздерге мысал келтір (5 сөз жаз).
3. ... - өзара мағына жағынан байланысқан екі немесе одан да көп сөйлемнен құралады.
А) сөйлем Ә) мәтін Б) сөз
4.Ұяң дауыссыз дыбыс әріптерін көрсет.
А) т, л, м, қ, з Ә) м, л, н, ң, р Б) в, б, г, ғ,д
5. Саяхат сөзінде неше дыбыс, неше әріп бар?
А) 6д, 6ә. Ә) 7д.6ә. Б) 5д. 5ә.
6. Дұрыс жазылған сөзді тап.
А) афтобус Ә) автобус Б) автобуз
7. Бастауыш қандай сұрақтарға жауап береді?
А) Кім? Кімдер? Не? Нелер? Кімі? Несі?
Ә) не істеді? Не қылды? Қайтті?
Б) Қандай? Қай?
8. Бастауышты тап. Сиыр өрісте жайылды.
А) сиыр Ә) өрісте Б) жайылды
9. Қандай да бір оқиғаны баяндап, не істеді? Сұрағына жауап береді.
А) Әңгімелеу мәтіні Ә) Сипаттау мәтіні Б) Пайымдау мәтіні
10. Кім сұрағына жауап беретін сөзді тап. Айдана кітапханаға бара жатыр.
А) кітапханаға Ә) бара жатыр Б) Айдана
11. Сөйлемнің неше түрі бар?
А) 1 Ә) 2 Б) 3
12. Сөйлем мүшелері дегеніміз не? Ережесін жаз.
13. Мәтіннің неше түрі бар?
А) Хабарлау, сұраулы, лепті.
Ә) Әңгімелеу, сипаттау, пайымдау.
Б) сипаттау, хабарлау, пайымдау.
14. Сөйлем дегеніміз не?
15. Комбайн сөзіне дыбыстық талдау жаса.