11 орыс сыныбына арнал?ан ?аза? тілінен саба?


Сабақтың тақырыбы: Мәдениет - ұлттың көрсеткіші. Мәдени ескерткіштер. Сөйлем мүшелері.
Сабақтың мақсаты:
Сөйлем мүшелері туралы білімдерін пысықтап, сөйлем мүшелері тақырыбы бойынша тесттермен жұмыстану.
Сабақтың түрі:
Сабақтың көрнекілігі: презентация, тест тапсырмалары
І. Ұйымдастыру бөлімі:
- оқушыларды түгендеу, сабаққа назарын аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Үй тапсырмасы билет бойынша сұралады (әр билетте 4 сұрақ болады).
1-билет.
«Мәдени мұра» бағдарламасы қашан қабылданды?
Мына сөйлемге синтаксистік талдау жаса: Халықтың мәдениеті оның тілімен жасалады.
Жалаң және жайылма сөйлем туралы әңгімеле.
«Тіліңмен жүгірме, біліммен жүгір» мақалдың мағынасын түсіндір.
2-билет.
«Мәдени мұра» бағдарламасының мақсаты қандай?
Мына сөйлемге синтаксистік талдау жаса: Мәдениеттілік осы тілдерді білуден басталады.
Жақты сөйлем жақсыз сөйлем туралы әңгімеле.
«Білегіңе сенбе, біліміңе сен» мақалдың мағынасын түсіндір.
3-билет.
«Мәдени мұра» бағдарламасы қабылданған сәттен бастап қандай жұмыстар атқарылды?
Мына сөйлемге синтаксистік талдау жаса: Әдебиет пен өнердің көп жанрлы дамуына елімізде жағдай жасалуда.
Толымды және толымсыз сөйлем туралы әңгімеле.
«Екі кеменің басын ұстаған суға кетеді» мақалдың мағынасын түсіндір.
4-билет.
Қытайға жасалған экспедицияның нәтижесі қандай болды?
Мына сөйлемге синтаксистік талдау жаса: Әдебиет пен өнер жасаушы қайраткерлерге қолдау көрсету қолға алынған.
Атаулы сөйлем туралы әңгімеле.
«Аңдамай сөйлеген - ауырмай өледі» мақалдың мағынасын түсіндір.
5-билет.
Экспедициялар мен зерттеулер нәтижесінде қандай ғылыми басылымдар жарық көрді?
Мына сөйлемге синтаксистік талдау жаса: «Мәдени мұра» бағдарламасы 2004-2011 жылдарда белсенді жұмыс істеді.
Жай сөйлем туралы әңгімеле.
«Көз қорқақ, қол батыр» мақалдың мағынасын түсіндір.
Тест жұмысы.
Жақсыз сөйлемді тап:
Қайда барасыз?
Баяу ескен қоңыр жел.
Сабақтан кешігуге болмайды.
Мен бүгін киноға бармын.
Отан - оттан да ыстық.
Жайылма сөйлемді тап:
Жаз. Шаңқай түс.
Мектепке бара жатырмын.
Мен мектепке ертең барамын.
Сен келші.
Ол келді ме?
Жақты сөйлемді тап:
Самат мені таныды.
Орынсыз сұрақтар қоюға болмайды.
Түрінен ештеңе байқап болмайды.
Баланы жаман үйретпеу керек.
Лық толған халық.
Сөйлем мүшелері толық қатысқан сөйлемнің түрін тап:
Толымсыз сөйлем.
Толымды сөйлем.
Атаулы сөйлем.
Жақсыз сөйлем.
Жалаң сөйлем.
Атаулы сөйлемді тап:
Көктемде ағаштар бүршік атты.
Көктем айнала жап-жасыл.
Ахмет Байтұрсынов айтқан төрт қағида бар.
«Ана тілі» газетін сатып алдым.
Көктемде қар ериді.
Үй жұмысын бағалау.
Бағалау парағы.
Толық жауап - 5 балл
Толыққа жақын - 4 балл
Орташадан жоғары - 3 балл
Орташа - 2 балл
Орташадан төмен - 1 балл
Жауап болмады - 0 балл
Оқушының аты-жөні Үй жұмысы Балл Қорытынды
1-сұрақ 2-сұрақ 3-сұрақ 4-сұрақ Тест Жаңа сабақ.
«Сөйлем мүшелері» тақырыбы бойынша постер қорғау.
Оқушылар екі топқа бөлінеді;
1-топ «Тұрлаулы мүшелер», 2-топ «Тұрлаусыз мүшелер» тақырыбында постер қорғайды;
Постер критерий арқылы бағаланады.
Өздік жұмыс.
Мәтінмен жұмыс.
Мәтінді оқып, қысқаша мазмұндайды.
Белгіленген сөйлемді тақтада талдайды.
Арыстан-баб кесенесі. (презентация)
Арыстан-баб кесенесі көне Отырар қаласының батыс жағында 3 км жерде, Сырдария өзеніне жақын орналасқан. Ел аузындағы аңыз бойынша, Арыстан-баб ҮІ-ҮІІІ ғасырларда өмір сүрген. Оның басында тұрғызылған кесене құлап қалған. Сол құлап қалған күмбезді Әмір Темір ХІҮ ғасырда қайта салғызыпты. Арыстан-баб кесенесі екі бөлмеден тұрады. Ортасында дәлізі бар. Негізгі бөлмелердің төбесі күмбезден көтерілген. Кесене ХІХ ғасырда бірнеше рет жөндеуден өткен.
Қожа Ахмет Йасауи кесенесі.
ХІҮ-ХҮ ғасырдың аралығында Әмір Темірдің бұйрығымен салынған сәулет өнерінің тамаша бір үлгісі – Қожа Ахмет Йасауидің кесенесі. Қожа Ахмет – ислам дінінің көрнекті өкілі, әрі уағыздаушысы, әрі ақын. Кесене Түркістан қаласының дәл ортасында салынған. Жазба деректерге қарағанда, кесенеі салуға Әмір Темір 1397 жылы бұйрық берген. Күмбезді салғызудағы басты мақсаты Қожа Ахметтің мұсылмандар арасындағы зор беделі арқылы оны пір тұтушылардың сеніміне ие болып, өз жағына тарту болды. Көрушілер орталық үлкен бөлме арқылы кесененің ішіндегі үлкенді-кішілі 35 бөлмені аралайды. Залдың ортасында 1399 жылы жасалған үлкен тайқазан тұр.
Алаша хан кесенесі.
ХІҮ-ХҮ ғасырлар арасындағы сәулет өнерінің басты ескерткіші. Күмбез Ұлытау ауданындағы Қаракеңгір өзенінің жағасына салынған. Бұл кесененің өзіндік бір ерекшелігі – далалық сәулет өнерінің үлгісінде жасалуы. Оның іргесі текшеленіп қаланып, төбесі күмбезделген. Кіре беріс маңдай алды киіз үйдің қос қанатты сықырлауық есігі тәрізді. Күмбездің екі жақтауы мен маңдайшасы өрнекті кірпіштермен қос сызықша етіп қатар өрілген. Алаша хан күмбезінің қабырға сыртын әсемдеу ісінде қазақтың дәстүрлі ою-өрнегі кең қолданылған.
Шығыс моншасы
Отырар қаласына жүргізілген зерттеу жұмыстары кезінде рабад өңірінен ХІ-ХІІ ғасырлардағы екі шығыс моншасы табылған. Моншаның сыртқы қабырғалары сақталмағанымен ішкі құрылысы жақсы сақталған. Моншаның жалпы көлемі 11,5*16,5 м болып келеді. Шешінетін және демалатын бөлмелері жеке-жеке салынған. Моншаның жылу ошағы шығыс жағына салынып, одан жылу құбырлар арқылы берілген. Сарқынды су құбыр арқылы сыртқа ағызылып, арнайы жасалған су сіңіргіш орға жіберілетін болған. Моншаның жобалануы Орта Азияның, Кавказдың, Таяу және Орта Шығыстың моншаларына ұқсас.
Есік Алтын адамы.
Алтын адам – Алматы облысындағы Есік қаласының солтүстігіндегі Есік өзенінің сол жақ жағалауындағы темір дәуірінен сақталған сақ обасынан табылған алтын киімді сақ жауынгерінің мүрдесі. 1969-1970 жылдары археолог Кемел Ақышев тапқан. Алтын адам киімі 4 мыңға жуық алтын әшекейлермен безендірілген. Киім үлгісі, жерлеу рәсімі Алтын адамның Жетісу жерін мекендеген сақтардың көрнекті елбасының ұлы немесе жас көсем, әскербасы екенін айқын көрсетеді. Алтын адам Қазақстанның азаттық символына айналды. Оның тұлғасы Алматының бас алаңына орнатылды, төбе бөркіндегі қанатты тұлпарлар бейнесі елтаңбамызға енді.
Үйге тапсырма:
2010-2016 жылдар аралығындағы тест жинақтарынан мәдени ескерткіштер мен сөйлем мүшелеріне қатысты сұрақтарды жинақтап, талдау келу.
Бағалау.